Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ жоспары Пән аты: Информатика

  • Сабақтың түрі

  • Көрнекіліктер

  • Оқушылар меңгеруі тиіс

  • форрр. Сабаты таырыбы For операторы


    Скачать 25.17 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы For операторы
    Дата06.03.2023
    Размер25.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлафоррр.docx
    ТипДокументы
    #971017

    Класы: 8«А,Ә,Б,В»

    Күні: 

    Сабақтың тақырыбы: For операторы

    FOR операторы. Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады.

    Көп жағдайда аргументтердің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдік құрлымды алгоритмдерде – қайталау операторлары қолданылады. Ол әртүрлі заңдылық ереже бойынша құрылады.
    FOR – DO циклдік операторы қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда қолданылады. Бұл оператор екі түрлі беріледі.
    Жазылуы:
    1. For := to do 2. FOR := downto do .
    Мұндағы циклдік параметр кейде басқару айнымалысы деп аталады. Алғашқы және соңғы мәндер нәтижесі - нақты типтен басқа стандартты жай тип бола алатын өрнектер. Басқару айнымалысының типі, алғашқы және соңғы мәндерінің типтері бірдей болу керек. Олар нақтыдан басқа кез келген жай типті болуы мүмкін. Цикл денесі жай немесе құрмалас оператор бола алады.
    Циклдік оператор орындалғанда, бірінші өрнектің мәне есептеліп, FOR-DO (FOR-DOWNTO) операторларында циклдік параметрлерге алдымен алғашқы мәнді меншіктейді. Басқару айнымалысының мәні 1 –ге ((-1)-ге) тең қадаммен бірітіндеп өзгеріп отырады. DO қызметші сөзінен кейінгі цикл денесі басқару параметрлерінің әрбір мәні үшін бір реттен орындалып отырады. Егер басқару айнымалысының алғашқы мәні соғы мәнінен артық

    (to үшін) немесе кем (downto үшін) болса, онда цикл денесі бір ретте орындалмайды.
    Жалпы жазылуы:
    for айнымалы := to do оператор;
    for айнымалы := downto do оператор;

    Сабақ жоспары

    Пән аты:   Информатика

    Күні: __.___._______ж.

    Сыныбы:  8 « »

    Пән мұғалімі: Габдуллина А.Ж

    Сабақтың тақырыбы: For операторлары   
    Сабақтың мақсаты: 

    1.  Білімдік: оқушыларды көшу  операторының  жазылу  тәртібімен таныстыру.  Циклдық алгоритмдерді программалау кезінде қолдансысқа  ие болған  қайталау  операторының қолданылуын айқындап ашып беру. Қызметші  сөздердің жазылу ережесін  және оны  қалай  қолдану керектігіне  үйрету.

    2.  Дамытушылық:  әртүрлі циклдік есептерді  беру арқылы оқушылардың  қайталау операторына деген түсініктерін арттыру  арқылы білімдерін  арттыр. Қайталау  операторларының синтаксисін және семантикасын, сонымен қатар оқушыларға есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.

    3.  Тәрбиелік:оқушыларды есеп шығару кезінде есептің  шартына байланысты опреатор  мен  қызметші  сөздерді  жазуға  тәрбиелеу.  Қайталау және әзірше  опреаторларының  арасындағы айырмашылықтарды  ажырата  алуға  тәрбиелеу.   

    Сабақтың  түрі:  дәтүрлі емес

    Сабақтың типі:  интегралды сабақ

    Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)

    Көрнекіліктер:  тақта, компьютер,   карточкалар

    Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, есеп шығару

    Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.

    Оқушылар меңгеруі тиіс: ДК, проектор, экран, презентация. 

    Сабақ барысы: 
    І. Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушыларды түгендеу
    ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау. 
    ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
    Берілген санға дейінгі жұп сандардың көбейтіндісін есептейтін бағдарлама құру. 
    Санның жұптығын бізге белгілі MOD функциясының көмегімен анықтаймыз. 
    Есепте Р = 1 деп аламыз, өйткені, Р – ол көбейтінді, егер 0 – ге тең болса, есептелетін көбейтіндіміз 0 – ге тең болып кете береді, ал кез келген санды 1 – ге көбейтсек, сол сан шығады. 
    Бағдарламасы: 
    program kobeit; 
    var P, I, n: integer; 
    begin 
    P:=1; 
    write ( ‘бүтін сан енгіз’ ); 
    read ( n ); 
    for i:=1 to n do 
    if i mod 2 = 0 then 
    begin 
    P:= p * 1; 
    end; 
    write ( ‘ P = ‘, P ); 
    end. 

    IV. Білімді өзектендіру. 
    V. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 
    Есептерді шешуде біртипті әрекеттерді көп рет қайталау қажеттілігі жиі кездеседіБұл әрекеттерді анықтайтын параметрлердің мәндері әртүрлі болады. Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік, ал әрекеттердің көп рет қайталантын бірізділігі циклдер деп аталады. 

    For операторы. Егер есепте қайталау саны алдын ала белгілі болса, For операторы қолданылады. For операторынпараметрлі цикл операторы деп атайды. Түйінді сөздері For – үшін, To – дейін, Do – орындау. Есептегі орындалатын әрекеттер цикл ішінде параметрдің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бір деген қадаммен өзгереді. Жалпы жазылу түрі: 
    For < айнымалы >:= m1 To m2 Do < оператор > 
    < айнымалы > үшін m1 – ден m2 –ге дейін орындау < оператор > 
    Мысалы есеп: 

    While операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталау. Егер есепте қайталанудың саны белгісіз болса, алдын ала берілген шарт бойынша қайталау операторы қолданылады. Түйінді сөздері While – әзірше, Do – орындау. Шарт ( логикалық өрнек ) While сөзінен кейін жазылады, Do – дан кейін цикл денесі жазылады. Жалпы жазылу түрі: 
    While < шарт > Do 
    Begin 
    < 1 оператор >; 
    < 2 оператор >; 
    ……................. 
    < N оператор >; 
    End; 
    Мысал есеп: 

    Repeat операторы. Шартты цикл соңында тексеру. Бұл оператор ұайталану саны белгісіз болғанда пайдаланылады. Қызметші сөздері: Repeat – қайтала, UNTIL – соғанй дейін. Орындалуы: логикалық өрнектің мәні жалған болғанша цикл денесі қайталана береді.Жалпы жазылу түрі: 
    Repeat 
    < 1 оператор >; 
    < 2 оператор >; 
    ……................ 
    < N оператор >; 
    Until < шарт >; 

    Мысал есеп: 

    Практикалық жұмыс. Оқушылардың қызығушылғын арттыру. Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. 
    І деңгей 
    1. Берілген Y = функциясы үшін: 
    А) Х – ті 1 – ге тең қадаммен 1 – ден 10 – ға дейін өзгерте отырып, мәндер кестесін басып шығару керек, 
    Ә) алынған мәндердің көбейтіндісін есептеп шығару керек. 
    2. 4, 8, 12, ..., 56 сандарының қосындысын есептеу үшін алгоритм құру керек. 

    ІІ деңгей 
    1. Х – ті Y = sinx функциясы үшін: 
    А) Х – ті 10 – ға тең қадаммен 00 – тан 900 – қа дейін өзгерте отырып мәндер кестесін басып шығару керек. 
    Ә) алынған мәндердің қосындысын есептеу керек. 
    2. 5, 10, 15, ... , 55 сандарының көбейтіндісін есептеу үшін алгоритм құру керек. 

    ІІІ деңгей 
    1. Х – ті Y = cosx функциясы үшін: 
    А) Х – ті 5 – ке тең қадаммен 00 – дан 900 – ға дейін өзгерте отырып, мәндер кестесін басып шығару керек. 
    Ә) алынған мәндердің қосындысын есептеу керек. 
    2. 2, 4, 6, ..., 12 сандарының көбейтіндісін есептеу үшін алгоритм құру керек. 

    V. Қорытынды. Сабғымызды қорытындылау үшін 5 сұрақтан тұратын тест әзірледім. Соған жауап береміз. 
    1. Паскаль тілінде циклге жатпайтын операторды атаңдар? 
    А) for 
    Ә) while 
    Б) loop 
    В) repeat … until 
    С) fo … to … do 
    2. Параметрлердің алғашқы, соңғы мәндерін және қадам мәнін белгілейтін оператор. 
    А) for 
    Ә) repeat 
    Б) while 
    В) do 
    С) then 
    3. for I:=2 downto 0 do writeln (j); 
    Берілген бағдарлама бөлігі қандай қызмет атақарады? 
    А) экранға 0 – ден 2 – ге дейінгі сандарды шығарады 
    Ә) экранға 2 – ден бастап барлық сандарды шығарады 
    Б) экранға 2 – ден 0 – ге дейінгі сандарды шығарады 
    В) экранға 1 – ден 3 – ке дейінгі сандарды шығарады 
    С) экранға 3 – тен 1 – ге дейінгі сандарды шығарады 
    4. Бағдарлама бөлігіндегі m – нің мәнін анықтаңдар. 
    m:=0; 
    While m<3 do 
    m:=m+1; 
    А) 3 
    Ә) 4 
    Б) 2 
    В) 12 
    С) 123 
    5. Паскаль тілінде алдын ала тексеру шартын белгілеңдер. 
    А) for 
    Ә) while 
    Б) do … while 
    В) loop 
    С) repeat … until 
    Үйге тапсырмаcы. Оқушыларды бағалау. 


    написать администратору сайта