Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың мақсаты

  • Сабақтың түрі

  • ІІ Распевкалар: Музыкалық ладтың негізгі екі түрі бар. Олар мажор

  • ІІІ Сөз жұмбақтар

  • Ү Альтерация белгілері (сөз жұмбақ, ребус) Музыкалық дыбыстарды түрлі биіктерге жоғарылату немесе төмендету үшін арнайы белгілер қолданылады. Оларды альтерация белгілері

  • ҮІ. Сабақты бекіту.

  • ҮІІ. Қорытынды.

  • Открытый урок на тему _Халық әндері_. Сабаты таырыбы Халы ндері Сабаты масаты


    Скачать 38.5 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы Халы ндері Сабаты масаты
    Дата26.04.2023
    Размер38.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаОткрытый урок на тему _Халық әндері_.doc
    ТипДокументы
    #1091870


    Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы


    Ашық сабақ
    Тақырыбы: «Халық әндері»


    Өткізген қосымша білім

    беру педагогы: Атамқұл Е.Ә.

    Қордай ауылы
    Сабақтың тақырыбы: «Халық әндері»

    Сабақтың мақсаты: Оқушылардың эмоциялық психологиялық көңіл күйлерін түзу

    Сабақтың міндеттері:

    а) оқушыларға халық әндері туралы түсінік беру, орындауға үйрету.

    ә) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өнерге деген ынтасын дамыту.

    б) оқушылардың бойындағы өнерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: бекіту, қайталау.

    Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

    Халық әндері туралы түсінік және Халық әні Дедім ай-ау.

    І Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініш-сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Сөз, музыка, қолөнер де адам өмрінің сан ғасырлық тарихынан алуан түрлі сыр шертеді.

    Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.

    Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеметтік өмірі мен толғаныс – тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы - ән мен күй. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. Сондай-ақ тірліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары, халықтық ойын-сауықтар-барлығы да ән-күй аясында өтеді.

    Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін ән айту өнері дейміз. Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, ән айту шеберлігі барынша жетіліп, классикалық үлгіге дейін жетті.

    Түрлі аспаптар мен өзі сүймелдеп, өзі ән айтатын дәстүрлі өнерімізді небір тарлан таланттар үлкен көркемдік деңгейге көтеріп, әлемдік ән айту өнерінің өзіндік ірі саласы ретінде қалыптастырады.

    Халықтың әншілік өнер сан ғасырлық тәжірибе нітижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік шеберлігін шыңдап, әннің жоғары көркемдік деңгейіне орай тыңдаушы халықтың биік талап-талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді.

    Халық әндерінің елге кең тарап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыруында әнші-композиторлармен бірге жекелеген әнші орындаушылардың да еңбегі аз емес.
    ІІ Распевкалар:

    Музыкалық ладтың негізгі екі түрі бар. Олар мажор және минор деп аталады, әр ладтың І-ІІІ-Ү дыбыстары тұрақты болады, оларға тұрақсыз дыбыстар (ІІ-ІҮ-ҮІ-ҮІІ дыбыстар) тартылып тұрады.

    «Мажор» латынша «Қатаң» деген ұғымды білдіреді. Бұл ладтағы дыбыстардың естілуі өте нәзік әрі жұмсақ.

    Әр ладтағы бірінші тұрған негізгі дыбысты тоника деп айтады. Мажорлы немесе минорлы ладтар түрлі биіктікте де құрылып, әр түрлі тональдықтар құрайды. Олар өз тоникасының атымен аталады.

    Тоналдық әр ладтың биіктік жағдайы мен мінезін білдіреді, әрі негізгі дыбыстардың аталуы мен ладтың түрін көрсетіп тұрады.

    Мысалы: до-мажор, ля-минор.

    Музыкалық жүйеде тональдықтар бемольды, диезді болып түр-түрге бөлінеді. Ре-минор, соль-мажор.
    ІІІ Сөз жұмбақтар: Динамикалық күш белгілері.

    Динамика (грек тілінде «күшейту» деген сөз) деп музыкадағы дыбыс күштерін азайту немесе күшейту дәрежесін айтады. Ән-күйдің мазмұны мен табиғи болмысын ашу үшін, түрлі орындалу ерекшеліктерін білдіру үшін арнайы динамикалық белгілер қолданылады. Негізгі динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян тіліндегі сөздердің бас әріптерімен белгіленеді. ІҮ Халық әні «Дедімай-ау» - шығармамен жұмыс.


    1. Дедім ай-ау әні қандай шығарма?

    2. Ән қандай екпінде орындалады?


    Ү Альтерация белгілері (сөз жұмбақ, ребус)

    Музыкалық дыбыстарды түрлі биіктерге жоғарылату немесе төмендету үшін арнайы белгілер қолданылады. Оларды альтерация белгілері дейді. Альтерация белгілеріне мыналар жатады:

    1. диез (ол дыбысты жарты тон жоғарылатады);

    2. бемоль (ол дыбысты жарты тон төмендетеді);

    3. бекар (ол диез бен бемоль белгілерінің күшін жояды);


    ҮІ. Сабақты бекіту.

    1. Музыканың жанрларымен түрлерін ата?

    2. Қазақ композиторларының әндерін ата?

    3. Қандай ұлттық аспаптарды білесін?


    ҮІІ. Қорытынды.

    Бүгінгі сабақты Абай атамыз жырлағандай:

    Құлақтан кіріп бойды алар,

    Әсем әнмен тәтті күй,

    Көңілге түрлі ой салар,

    Әнді сүйсең менше сүй, - деп аяқтағым келеді.


    написать администратору сайта