Главная страница
Навигация по странице:

  • Қала сыртындағы жаңа сауықтыру мекемелерін жобалау және салу кезінде оларды

  • Тапсырма: Жазғы сауықтыру лагеріндегі санитарлық-гигиеналық талаптармен, ережелермен танысып, кесте түрінде жасау

  • Сабаты таырыбы Жазы сауытыру лагеріндегі санитарлыгигиеналы талаптармен, ережелермен таныстыру. Кні


    Скачать 16.62 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы Жазы сауытыру лагеріндегі санитарлыгигиеналы талаптармен, ережелермен таныстыру. Кні
    Анкор3 күн
    Дата11.06.2021
    Размер16.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3-КҮН.docx
    ТипДокументы
    #216685

    Сабақтың тақырыбы: Жазғы сауықтыру лагеріндегі санитарлық-гигиеналық талаптармен, ережелермен таныстыру.
    Күні: 09.06.2021ж.


     Балалар мен жасөспірімдердің жазғы салауаттандыру мекемелерінің гигиенасы

    • Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жазғы салауаттандыру мекемелеріне ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау жүргізеді.

    • Ең алдымен барлық бақылауға жататын жазғы салауаттандыру орындары тізімге алынады. Ол үшін әрбір лагерьдің нақты санитарлық жағдайын көрсететін санитарлық төлқұжат толтырылады. Ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау жүргізген кездерде қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

    Орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ аудандарда балаларды сауықтыру объектілерін орналастырған кезде жергілікті шайынды суды шығару және тазалау жүйесі
    құрылғысын салады немесе орнатады. Жергілікті кәріз жүйесін таңдау және құру туралы мәселе тиісті аймақтардағы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық
    қызмет органдарының санитарлық эпидемиологиялық қорытындысы негізінде шешіледі. Жаңадан салынып жатқан балаларды сауықтыру объектілерін жылумен жабдықтау,
    жылыту және желдетуді жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес жобалаған дұрыс. Жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттардың тұрғын бөлмелердегі ауаның температурасы
    18 градустан төмен болмауы, изолятор палаталарында +20
    градус, вестибюльде +16 градус болады.


    Жазғы тамақтанатын залдарды асханалық өндірістік үйжайлары мен орталықтандырылған ас үйлерін механикалық іске қосылатын сору желдеткішімен жабдықтаған дұрыс. Ғимараттың барлық түрлеріндегі себезгі бөлмелер мен дәретханалардың жеке сору желдеткіші болуы тиіс. Балаларды сауықтыру объектілерінің барлық негізгі үй-жайларында табиғи жарық болуы тиіс. Ал жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттарда люминесцентті шамдарды қолдану ұсынылады. Жатын бөлмелерді жарықтандыру үшін жарықтан қорғайтын арматурасы бар шамдар қолданылады.

    • Балаларды сауықтыру объектілерінің негізгі үй-жайлары, қабырғалары, төбелері, едендерінің беттері оларды тазалау мен дезинфекциялауға ыңғайлы, тегіс болуы тиіс. Ас блогының өндірістік және қойманың қабырғалары глазурленген плиткалармен қапталады немесе 1,8 метр биіктікке дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып жүйелі тазалау мен ылғалды жинауға ыңғайлы ылғалға төзімді материалдармен сырланады (дәліздері 1,5 метр биіктікке).

    • Жазғы сауықтыру мекемелерін көгалдандыру мен жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар.

    • Сауықтыру мекемелерінің аумағы арқылы қалалық (ауылдық) мақсаттағы магистральдік инжинерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) өтпеуі тиіс.
    Қала сыртындағы жаңа сауықтыру мекемелерін жобалау және салу кезінде оларды:

    • жел ығын есепке ала отырып;

    • шу және атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел
    жағына;

    • ластау көздеріне қатысты су айдынының ағымы бойынша
    жоғары;

    • орман алаптары мен су айдындарының жанына
    орналастырады.

    • Қала сыртындағы жаңа сауықтыру мекемелерін жобалау және салу кезінде негізгі құрылыс аймағының өлшемдерін1 орынға 150-200 м2 есебінен қабылдау керек. Балаларды сауықтыру объектілері балалар саны 25 баладан аспайтын
    топтарға жинақталады.

    • Балаларды сауықтыру объектілерінің әрбір ауысымы бір мезгілде барлық балалармен жинақталады.

    Ауысымдар арасындағы үзіліс кем дегенге 2 күн болуы тиіс. Осы кезде барлық үй-жайларды ауқымды жинау және санитарлық
    тазалық жасалады.

    Балаларды сауықтыру объектілеріндегі жер теліміне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар.

    • Балаларды сауықтыру объектілерінде балалардың дем алуы және сауығуы үшін жеке жер телімі болуы тиіс. Учаске құрғақ, таза, желденетін, күн сәулесі жақсы түсетін, оның орналасуы жыл маусымына байланысты, жел бағытының өзгеруін ескере отырып шу және атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағында және лаустау көздеріне қатысты су айдынының ағынынан жоғары орналасуы тиіс.
    • Балаларды сауықтыру объектілерінің жер учаскесінен тұрғын үй құрылысына дейінгі арақашықтық кемінде 500 метр болуы тиіс. Желдің жылдамдығы секундына 5 метрден асатын аудандарда балаларды сауықтыру объектілерінің телімінің ені кемінде 50 метр биік болып өсетін ағаштар және бұтақты өсімдіктермен қорғалады.
    Учаскеге кіретін ыңғайлы жолдар болуы тиіс.
    Тапсырма: Жазғы сауықтыру лагеріндегі санитарлық-гигиеналық талаптармен, ережелермен танысып, кесте түрінде жасау


    написать администратору сайта