|
физика 9 сынып 1 сабақ. Физика 9 сынып 1-сабақ,. Сабаты таырыбы Жылулы суле шыару Сабаты нмері
Физика пәні бойынша 9 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Оқу тілі : Қазақ
Сабақтың
тақырыбы
| Жылулық сәуле шығару
| Сабақтың нөмері
| №1
| Мақсатты
| 9.6.1.1 жылулық сәуле шығару энергиясының температураға тәуелділігін сипаттау
| Қысқаша
Тезист конспект
| Қызған денелердің ішікі энергия есебінен сәуле шығарып, электрмагниттік энергия таралуын жылулық сәулелену деп атайды.
Жылулық сәлелену құбылысы тек қатты қызған денелерде ғана емес, салқын денелерде де орын алады.
Денелердің нақты температурадағы әртүрлі толқын ұзындығында (жиілігінде) шығаратын сәулерінің энергияларын өлшей отырып, ғалымдар ХІХ ғасырдың аяғында аса мол экспериментік мәліметер жинады. Алайда тәжірибеден алынған жылулық сәулелердің энегиясының олардың толқын ұзындығына тәуелділігін көрсететін қисық ( сурет 6.1,1-қисық) Ньютонның да , Максвеллдің де классикалық теориялары түсіндіре алмады.
Классикалық теорияға негіздеп салынған қисық (3) ультракүлгін аймағында шексіз биктей берді. Экспериментік қисық (1) ақ жарық маңайындағы максиумге жеткеннен кейін ультракүлгін аймағында , керісінше, минимумге құлдырайды.
Экспериметтік нәтиже мен классикалық теория арасындағы мұндай қарама-қайшылық ультракүлгін апат деген атаққа ие болды. Сүйтіп жылулық сәулелену құбылысын түсіндіру классикалық физиканың тұрғысынан түсіндіру тығырқа тіреліп, физика ғылымның жаңа саласы кванттық физика өмірге келді.
Эксперименттік зертеулер денлердің жылулық сәулелерді шығарумен қатар оны жұта да алатындығын дәледеді. Физикада денелердің сәулелерді жұту қабілетін салыстыру үшін «абсолют қара дене» деген ұғым енгізілген.
Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелерді жұтып алатын денені абсолют қара дене деп аталады.
Экспериментік зерттеулер денелердің температурасы көтерілген (T1>T2) сайын , сәулелік энергияның жалпы мөлшеріде арта түседі (ET1 >ET2).
| Сілтемелер
| https://daryn.online/lesson/435-zhylulyq-saule-shygharu
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/zharyq-kvanty/lesson/zhylulyq-saulelenu-stefan-bolczman-zangy
физика 9 – сынып . Атамұра баспасы 197-бет §38 .
| Тапсырмалар
| Бағалау критерийі
| Білім алушы
Жылулық сәуле шығару энергиясының температураға тәуелділігін сипаттайды
| Ойлау дағдыларының
деңгейлері
| Білу және түсіну
Қолдану
| Тасырмалар
Жылулық сәулеленуді тек қызған денелер ғана шығара ма? жауабыңызды дәлелді түрде сипаттап жазыңыз
- жылулық сәулені қандай денелер шығаратындығын дәлелді түрде сипаттайды.
Суретте қызған дененің әртүрлі T1 және T2 температурадығы жылулық энергиясының тәуелділік графигі берілген.
Қай график ең төменгі температураға сәйкес келеді. Әр түрлі температураға сәйкес келетін жылулық энегргияларын салыстырыңыз.
Дескриптор
| Білім алушы
| Ең төменгі температураға сәйкес графикті көрсетеді.
Жылулық энергияларын салыстырады.
|
|
| Әзірлеуші : Хасен З №59 МГ физика пәні мұғалімі . Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр. |
|
|