Мазмұндама. Сабаты таырыбы Мазмндама Ханталапай
Скачать 12.48 Kb.
|
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Ханталапай» Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша қысқаша мәлімет бере отырып, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету; б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу; Сабақтың түрі: пысықтау сабағы Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: сөздік Пәнаралық байланыс: орыс тілі Күтілетін нәтиже: сауатты жазу, өз ойын жүйелі жеткізу Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі - Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Ханталапай ойыны бойынша білетін мәліметтерін пысықтау. ІІІ. Жаңа сабақ Қиын сөздер: боялуы, үйіреді Мазмұндама Ханталапай Бұл ойынға 4-5 ойыншы қатысады. Ойынға 10 асық алынады. Он бірінші асық «хан» болады. Ол боялуы керек. Ойыншылар кезектерін біледі. Бірінші ойыншы қос уыстай ұстаған асықты ортаға үйіруі керек. Басқа ойыншылар «ханға» қарап тұрады. «Хан» алшы түскенде, балалар ортадағы асыққа ханталапай жасайды. «Хан» кімнің қолында кетсе, асықтарды сол үйіреді. «Ханмен» бірге қолына алған асықтардың санына байланысты ұпай саналады. «Хан» алшы түспесе, үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, тәйкесі мен тәйкесін, алшысы мен алшысын бір-біріне соғады, соғылған асықтардың біреуін алып, ұпай жинайды.Бір – біріне тимей, басқа асыққа соғылса немесе басқа асықты қозғап кетсе, онда кезек басқа ойыншыға беріледі. Осылай ойыншылар алған асығының санына қарай ұпай жинайды. (108 сөз) ІV. Бекіту бөлімі Сұрақтар қою арқылы бекіту V. Үйге тапсырма Өткенді қайталау VІ. Бағалау бөлімі Мазмұндама жұмысы бойынша бағалау. VІІ. Сабақты қорытындылау |