Главная страница
Навигация по странице:

  • Адамгершілік

  • - Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар

  • 2. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет

  • Дәйексөздердің мағынасын ашу.

  • Сөйлеу мәдениетін қалай түсінесің

  • Ұлттық тәрбие туралы не айтасыз

  • мейірімділік. Мейримдилик. Сабаты таырыбы Мейірімділік асыл асиет


    Скачать 17.44 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы Мейірімділік асыл асиет
    Анкормейірімділік
    Дата16.10.2022
    Размер17.44 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМейримдилик.docx
    ТипДокументы
    #737174

    Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет


    Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату.

    Оқушылардың мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ету.

    Нақыл сөздер:
    1. Адамның ішінде болмайды аласы,
    Оларды бұзатын нәпсінің таласы. Шәкәрім.

    2. Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнәсі – ысырапшылық күнәсімен бірдей.
    3. Адам бір тәуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.
    4. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай.

    Сабақ барысы:

    1. Ұйымдастыру. Баяу күй орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, тәрбие сағатын бастау
    2. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Адамгершіліктің шуағы сөнбесін». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, тәртіпті т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.
    Бейне таспа «Жақсылық жасайық»

    Оқушылардан қандай ой түйгені туралы сұралады.

    1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
    2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
    Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, дейді Абай, -өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза.
    Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық, ол өмірде қымбат асыл қасиет, асыл мінез, ашық, шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.
    Рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.
    Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.
    Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамгершілік осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.
    Бүгінгі сабақта осындай жақсы қасиетер туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін сабақта айтылған жақсы әңгімелерге назар аударып отырайық.


    Мұғалім:
    - Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.
    92 жастағы әкесі қайтыс болған жігіт әкесіне табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.
    Міне бұл қандай қасиет. Әрине, қайырымдылық қасиеті.
    Бейнетаспа:

    Имамға сөз беру


    Үлгі аларлықтай нақыл сөздер мен өлеңдерге кезек берейік.
    1. Абай. «Ғылым таптай мақтанба».
    2. Адамшылық. Шәкәрім.
    3. Ақиқаттың ауылы. Шәкәрім
    4. Абайдың 14-ші сөзі.
    Естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады

    Мұғалім:

    - Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
    Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.
    Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.
    - Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлерінде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер:

    мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:
    «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» Абай.
    Рухани - адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Ата – анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты постер қорғау.

    (Баяу музыка ырғағы, 3-4 минут уақыт).
    1-ші қатар: Отанға сүйіспеншілік.
    2-ші қатар: ата-анаға сүйіспеншілік.
    3-ші қатар: махаббат, достық.
    Жағдаяттар

    1. Сынып ішіндегі баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің?

    2. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?
    3. Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар би кешіне кетті. Егер шешең сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?
    Дәйексөздердің мағынасын ашу.

    1. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай.
    2.Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте. Иүгінеки Ахмед

    3. Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды. Шәкәрім Құдайбердіұлы

    4.Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
    Қатты керек адамға бұл бір қылық.
    Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
    Осыдан кеп шығады адамшылық.

    5.Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай Құнанбаев

    6.Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке  адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі. Ғабит Мүсірепов

    Сөйлеу мәдениетін қалай түсінесің?
    Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауында біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

    Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс.

    І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

    ІІ.  ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР

    1. Бәсекелік қабілет

    2. Прагматизм

    3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

    4. Білімнің салтанат құруы

    5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

    6. Сананың ашықтығы

    Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
    Сабаққа қатысып отырған ата-аналарға сөз беру.


    Ұлттық тәрбие туралы не айтасыз?
    Бейнетаспа

    Жасөспірімдер инспекторы
    Бейнетаспа Әл – Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

    Тәрбие ісінің меңгерушісі
    Қорытынды. Сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап, іс жүзіне асырайық.

    Ән: «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнімен аяқтау.


    написать администратору сайта