күн тәртібі. Сабаты таырыбы Мені кн тртібім Кні Сабаты масаты
Скачать 110.21 Kb.
|
Сабақтың тақырыбы: Менің күн тәртібім Күні: Сабақтың мақсаты: Оқушылар өздерінің бос уақытын үнемді пайдалануға білімін шыңдау. Оқушыларды досын сыйлауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға, сабырлыққа, мәдениеттілікке. Оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру Көрнекілігі: оқу құралдары,суреттер, стикерлер мен карточкалар. Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқу-құралдарын түгендеу, сабаққа назарларын аудару 2. Мақсат қою Тақтаға ай-күн ретін,тақырыпты жазып қойып,сабақтың мақсатын жариялаймын. 3. Жаңа материалды түсіндіру Сөздікпен жұмыс Күн тәртібі - режим дня Ояну - просыпаться Күнтізбе - график Кесте - график Шешіну - раздеваться Таңертеңгі тамақ-завтрак Демаламын - отдыхаю Ұйықтаймын - сплю Ауысым - смена Серуендеу - гулять Біраз - немного Орындау - выполнять Ұйықтар алдында - перед сном Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру Дұрыс айтуға дағдыландыру: Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; Оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап, тізбекпен оқиды. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау. Артикуляциялық жаттығу. Тіл ширату. Макаронмен жұмыс, топтау. 1-тапсырма. МЕНІҢ КҮН ТӘРТІБІМ Мен сағат 7 00–де тұрамын. Таңертеңгі тамақ ішемін. Сабақ сағат 8 30-да басталады. Үйге сағат 13 00-де келемін. Екі сағат демаламын. Сағат 15 00-ден 17 00-ге дейін сабақ оқимын. Сағат 17.00- ден 18.00- ге дейін таза ауада далада ойнаймын. 18.00 де кешкі ас ішемін. Кешкі астан кейін анама көмектесемін. 19.00- дан 21.00- ге дейін теледидардан қызықты мультфильмдер қараймын. Сағат 21 00 -де ұйықтаймын. Оқушылар мәтінді түсініп оқып, түсінгендерін аударады. 2-тапсырма. Сөйлеп үйрен. Сағат ... тұрамын. Сағат ... тамақ ішемін. Сағат ... сабақ басталады. Сағат ... үйге келемін. Сағат ... сабақ оқимын. Сағат ... теледидар көремін. 3-тапсырма. Өзің туралы айт. 4тапсырма. Оқушылардың түсінігін тексеру Мен таңертең .... Беті-қолымды .... Тісімді жақсылап .... Сосын таңғы асты .... Мектепке көлікпен.... Сабақтан бірде .... Үйге екіде .... Түскі асымды .... Демалып біраз .... Содан ертеңгі сабақты .... Сағат онда ұйқыға .... Қорытынды: 1. Сен нешеде оянасың? 2. Таңертеңгі асты нешеде ішесің? 3. Мектепке дейін немен барасың? 4. Мектепте сабақ нешеде бітеді? 5. Қай уақытта үйге келесің? 6. Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың? Үйге тапсырма беру: күн тәртіптерін жазып келу. Бағалау : жинаған карточка санына байланысты. |