Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың көрнекілігі.

  • Сабақтың барысы

  • Сергіту сәті.

  • 8.Деңгейлік тапсырмалар Сөз жұмбақ «Табиғат» «Табиғат»

  • 1-топ. «Сарыж айлау » суретін салу. (

  • Жаңа сабақты түйіндеу 3-топ «Та биғат » туралы шағын шығарма жазу 9. Қорытынды.

  • 10.Оқушыларды бағалау 11. Үйге тапсырма «Алатау» әнінің сөзін жаттау.Өз сабағын талдау Мектеп атауы

  • Пәні

  • Музыкадағы табиғат көрінісі сабақ жоспары. Сабаты таырыбы Музыкадаы табиат крінісі. Сабаты масаты


    Скачать 28.5 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы Музыкадаы табиат крінісі. Сабаты масаты
    Дата02.01.2023
    Размер28.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМузыкадағы табиғат көрінісі сабақ жоспары.docx
    ТипДокументы
    #870480

    Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат көрінісі.

    Сабақтың мақсаты.

    Оқушылардың музыкалық сауатын ашу, оларға ән-күйді тыңдату арқылы музыканы сезінуге баулу.

    Тақырыпты өз мәнінде әңгімелеп, музыкамен байланыстырып жеткізу.

    Айналамыздағы қоршаған ғажап табиғатты бейнелей отырып, олардың көзқарасын,ұғымын табиғатты аялауға  тәрбиелеу.

    Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

    Сабақтың көрнекілігі. Композиторлар  Құрманғазы, Брусиловский,Чайковский суреттері.

    Сабақтың түрі:   аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: Жеке жұмыс,топпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

    Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

    2.Үй тапсырмасы

    -Балалар үйге қандай тапсырма берілген?

    -«Қазақ вальсы»

    -Қазақ вальсі музыкасын кім жазған?

    -Латиф Хамиди!

    -Латиф Хамиди кім?

     -(1906-1983) - композитор, ҚазКСР-нің халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

    -Латиф Хамидидің қандай шығармаларын білесіңдер?

    «Айттым сәлем, Қаламқас», «Амал жоқ қайттым білдірмей», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Желсіз түнде жарық ай», «Сен мені не етесің», «Тәңірі қосқан жар едің сен», «Қор болды жаным» т.б.

    Позитивтік күй:

    Орманға саяхат 
    Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер. 
    Қазір біз бірге орманға саяхатқа барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. 
    -Көз алдарына не елестеді? 
    (Балалардан не елестеткенін сұрап өту)

    3.Жаңа сабақ:- Балалар , мына суреттерге қараңдар, не бейнеленген.

    -Табиғат көрінісі.

    -Дұрыс балалар , бүгінгі тақырыбымыз «Музыкадағы табиғат көрінісі».

    -Көз алдарыңа елестетіңдерші: дала,тау тегі, көкорай көкшалғын, ағып жатқан бұлақ, алыстан ағараңдап киіз үйлер көрінеді. Осы бір көріністі суретшілер немен бейнелеген!

    -Түрлі бояумен!.

    -Ал ақын-жазушылар  ше?

    -өлең, әңгімемен

    - Дұрыс. Ал, композиторлар осы көріністі қалай суреттейді?

    -дыбыспен,әнмен, музыкамен.

    -жарайсыңдар ал енді Құрманғазының «Сарыарқа күйін тыңдайық?

    4 Тыңдау: Құрманғазы «Сарыарқа»

    • Балалар күйді тыңдап отырғанда көз алдарыңа қандай табиғат көрінісі елестеді

    • Кең даланың кербез көркі,сұлулығы елестеді

    • Күйде қандай дыбыс естідіңдер?

    • Аттың тұяғының дыбысы

    • Сарыарқа қандай күй?

    • Туған жермен,елмен қоштасу күйі

    • Осы күйді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар?

    • Қуныш ,сағыныш,қыймастық сезімдерінде болдық

    • Ия, балалар «Сарыарқа»-ұлттық өнерімізді әлемге танытқан ұлы күйшінің туған жеріне,қазақтың кең даласына деген махабатынан туған туынды

    • Құрманғазының «Сарыарқа» күйіне симфония жазған Қазақстанның композиторы Е.Брусиловскийдың «Сарыарқа» симфониялық сюитасын тыңдап көрейік?

    5.Тыңдау: Брусиловский «Сарыарқа» сюитасы.

    Қазақстанның симфонизм дамуы Брусиловский есімімен тығыз байланысты 1941-1944 жылдар аралығында жазылған «Сарыарқа» симфониялық-сюитасы кұрделі оркестрлік шығарма.Мұнда домбыраға арналған күй жанры,халық әндері кеңінен пайдаланған.Мысалы I бөлімде «Ақсақ құлан» халық күйі, II бөлімде Құрманғазының

    « Балбырауын»,III бөлімде жәй ырғақты халық әні «Ақталғай»,соңғы бөлімі халық күйі «Қаражорға» және «Әсет» әнімен аяқталды.

    - Сергіту сәті. «Қамажай» биі

    6.Ән айту: «Алатау» Сөзі: Н.Әлімқұлов

    Әні: Н.Тілендиев

    7. Тындау: Чайковский «У камелька»(Январь)

    -Балалар Камелек-камин пешінің бір түрі.Қыстың ұзақ түндерінде бүкіл отбасы мүшелері пештің жанына жиналғанда кедей отбасылары тоқыма тоқып,лирикалық мұңды әндер тыңдап отырған.

    Ал байлар (дворяндар)жырлар оқып,өткенін есіне түсіріп, ән ырғағына қосылып әндеткен.Музыка баяу,бір қалыпты.

    8.Деңгейлік тапсырмалар

    Сөз жұмбақ «Табиғат»

    «Табиғат»  сөзінің құрамына енетін ,бүгінгі  сабағымызды қорытындылауға байланысты сөздерді айтамыз. Бұл сөздердің жауабы бүгінгі сабағымызды қорытындылайды.

    1. Қазақ халқының  төкпе күйшісі(Құрманғазы)

    2.Қазақ халқының  шертпе күйшісі (Тәттімбет).

    3. Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай)

    4.Музыкалық жанр түрі (Би)

    5. Аспан әлемінің ұшқышы (Ғарышкер)

    6. Сұлулық символы аталатын құс (Аққу)

    7. Төрт-түлік малдың бірі. (Түйе)

    1-топ. «Сарыжайлау»  суретін салу. (суретті мазмұндау)

    2-топ.   «Табиғат»    сөзжұмбағын шешу.

     

    Т

    ә

    т

    т

    і

    м

    б

    е

    т

     

    Қ

    ұ

    р

    м

    а

    н

    ғ

    а

    з

    ы

     

     

    А

    б

    а

    й

     

     

    б

    и

     

     

    ғ

    а

    р

    ы

    ш

    к

    е

    р

     

    а

    қ

    қ

    у 

     

     

    т

    ү

    й

    е

     

    Жаңа сабақты түйіндеу

    3-топ «Табиғат» туралы шағын шығарма жазу

    9. Қорытынды.

    -Ал, балалар сіздерге сабақ ұнады ма?

    -Сабақ несімен ұнады,не үйрендіңдер ?

    -Бүгінгі алған білімдерің сендерге келешекте керек болады ма?

    10.Оқушыларды бағалау

    11. Үйге тапсырма

    «Алатау» әнінің сөзін жаттау.

    Өз сабағын талдау

    Мектеп атауы: Рудный қаласы әкімдігінің «№13 орта мектебі» КММ

    Пәні: Музыка. Сыныбы: 6 «Ә».

    Жалпы оқушы саны: 30. Қатысқан оқушы саны: 28.

    Мұғалім: Ешниязова Гулферуз Қыпшақбаевна

    Сабақ тақырыбы:Музыкадағы табиғат көрінісі.

    Сабақтың мақсаты.

    Оқушылардың музыкалық сауатын ашу, оларға ән-күйді тыңдату арқылы музыканы сезінуге баулу.

    Тақырыпты өз мәнінде әңгімелеп, музыкамен байланыстырып жеткізу.

    Айналамыздағы қоршаған ғажап табиғатты бейнелей отырып, олардың көзқарасын,ұғымын табиғатты аялауға  тәрбиелеу.

    Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

    Сабақтың көрнекілігі. Композиторлар  Құрманғазы, Брусиловский,Чайковский суреттері.

    Сабақтың түрі:   аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: Жеке жұмыс,топпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндірмелі.


    Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Оқушылардың психологиялық жай-күйі бүкіл сабақ барысында қалыпты деңгейде болды. Уақыт ұтымды қолданылды.

    Сабақ мақсаты мен міндеттері орындалды, оқушылардың білімін арттыруға бағытталған тапсырмалар жүйелі қолданылды. Ойын көмегімен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арттырыла түсті (сергіту сәті), ол сабақ мазмұнына сай келді. Жаңа білімді меңгерту барысында оқушылардың білім, білік, дағдылары қалыптастырылды. Өмірмен байланысы туралы білім берілді, ол міндетке сай айтылды. Үйге тапсырма уақытында берілді, жасау мазмұны түсіндірілді, талапқа сай.

    Қорыта келгенде балалар бағдараламаға сәйкес 6 сыныптарға арналған тақырыптарды меңгергендігін көрсетті.


    Кемшіліктері:

    • Оқушыларды мадақтап отыру;

    • Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың қаншалықты дұрыс орындағанын толықтай қадағалау;

    • Сабақта қойылған баға оқушыларға айтылмады. (Оқушылардан үлестрмедегі қағаздағы бағалары ауызша сұралмады);


    Осы айтылған кемшіліктерді ескере отырып, болашақта өз сабағымды жақсарта түсуге зор үлес қосамын деген міндет қойып отырмын.


    написать администратору сайта