Главная страница

13-сабақ биохимия. Сабаты таырыбы Нуклеин ышылдарыны биохимиясы


Скачать 18 Kb.
НазваниеСабаты таырыбы Нуклеин ышылдарыны биохимиясы
Дата16.09.2021
Размер18 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла13-сабақ биохимия.docx
ТипДокументы
#233054

Сабақтың тақырыбы: Нуклеин қышқылдарының биохимиясы

Тұқым қуалаушылықтың заңдары мен материалдық негізін тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни 1865 жылы чех ғалымы монах Грегор Мендель ашқан болатын.

Тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі клетканың ядросында орналасады. 1869 жылы Австрия биохимигі Фридрих Мишер клетка ядросының құрамынан қышқылдық қасиеттері бар затты бөліп шығарды. Оны нуклеин қышқылы (латын сөзі «нуклеус»-ядро) деп атады.

Нуклеин қышқылдары – үлкен молекулалы қосылыстар, нуклеотид мономерлерінен тұратын биополимерлер болып келеді.

Тірі клеткаларда нуклеин қышқылдарының екі түрі кездеседі – дезоксирибонуклеин (ДНК) және рибонуклеин (РНК).

Нуклеин қышқылдарының құрылысы. Нуклеин қышқылдарының құрылысын зерттегенде гидролиз реакциясы өте маңызды роль атқарады.

Нуклеопротеид



П уриндік негіздерге аденин (6-аминопурин) және гуанин (2-амино 6-оксипурин) жатады.

Пиримидиндік негіздерге урацил (2,6 диоксипиримидин), тимин (2,6 диокси 5-метил-пиримидин), цитозин (2-окси 6-амино-пиримидин) жатады. Моносахарид дезоксирибозаның рибозадан айырмашылығы бар. Онда карбонил көміртекпен көршілес жатқан көміртекте оттек атомы болмайды. Яғни, бір гидроксиді кем деген сөз.

Азот негіздері рибоза, немесе дезоксирибозамен қосылып нуклеозид түзеді. Құрамына азотты негіз, рибоза мен дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіретін қосылыс нуклеотид деп аталады. Азоттық негіздердің нуклеозид және нуклеотид аттары төменгі кестеде көрсетілген.

Кесте 1-Нуклеозид және нуклеотид заттары

Азоттық негіздер

Нуклеозид (негіз+көмірсу)

Нуклеотид (нуклеозид+Н3РО4)

Қысқартылған белгілері


Аденин

Гуанин


Пуриндік


Аденозин

Гуанозин

Аденил қышқылы

Гуанил қышқылы

АМФ, АДФ, АТФ

ГМФ, ГДФ, ГТФ


Тимидин

Урацил

Цитозин




Пири-

мидин

дік


Тимидин

Уридин

Цитидин

Тимидил қышқылы

Уридил қышқылы

Цитидил қышқылы

ТМФ, ТДФ, ТТФ

УМФ, УДФ, УТФ

ЦМФ, ЦДФ, ЦТФ

Енді, нуклеин қышқылдарының молекуласы қалай құрылады, соған тоқталайық.

Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін жеке нуклеотидтер өзара жалғасып ұзын тізбек (полинуклеотид) түзеді. Жекелеген нуклеотид құрылыс «кірпіші» ретінде пайдаланылады. Пентозаның 3-көміртегіндегі ОН тобы және фосфор қышқылы арқылы нуклеотидтер өзара байланысады.

Сондықтан, нуклеин қышқылдары нуклеотидтердің полимерлері, ал жекелеген нуклеотидтер мономерлер деп аталады. Осындай әдіспен мононуклеотид қалдықтары байланыса алады.

Нуклеин қышқылдарының алуан түрлілігі, ал химиялық және биологиялық қасиеттері, оларды құрайтын нуклеотидтердің құрамына, мөлшері мен сапасына байланысты.


написать администратору сайта