Главная страница

қмж. Сабаты таырыбы Шортанбай анайлы Зар заман леі Сабаты масаты


Скачать 22.97 Kb.
НазваниеСабаты таырыбы Шортанбай анайлы Зар заман леі Сабаты масаты
Дата12.11.2022
Размер22.97 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1513827033.docx
ТипДокументы
#784694

Сабақтың тақырыбы:

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шортанбай Қанайұлының өмірімен, шығармаларымен тереңірек таныстыру, өлеңдерінің тақырыбын, жазушының идеялық мақсат-мұратын шығармаларына сүйене отырып ашу.

Дамытушылық: оқушыларды өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдауға, қорытынды шығаруға, жеке, топтық жұмыста жылдамдық, тапқырлық көрсетуге, өз ойын көркем тілмен жеткізе білуге төселдіру.

Тәрбиелік: ақын мұрасына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, мазмұндау, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: Шортанбай портреті, тірек сызба, бүктемелер,суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі.

ІҮ. Үй тапсырмасын пысықтау.

1. Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?

2. Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?

3. Шортанбай өз заманын неге «зар заман» деп атады?

4. Бұл өз дәуіріне риза болмай, түңілуден, үмітсіздіктен, сары уайымнан туған ба?

5. Шортанбайдың осы бір «зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды?

6. Шортанбай айтысы және кімдермен айтысқан? (Шөжемен, Орынбай, Асан айтысқа түскен)

1-тапсырма:

Шортанбай Қанайұлы арналған

хранологиялық кесте.

Жылдар


Негізгі оқиғалары

Шығармалары

1808-1881ж

Жамбыл об. Түкістан

Қарағанды об, шет ауданында





Өмір сүрген заманда жазылған толғаутар

Толғаулар

«Зар заман», «Бала зары», «Тар заман»,

«Опасыз жалған»




Толғау

«Келер заман сипаты»

2-тапсырма:

Дамыту бөлімі:

1. Деңгейлік тапсырма «Дыбыстар сөйлейді стратегиясы»

Ш - Шортанбай шығармашылығында шындық пен сұмдық қатар суреттеледі.

О - Орыстардың қазақтың шұрайлы жеріне қоныстануына қарсы үн қатты.

Р - Реалистік тұрғыдан жырлап, өміршең өлеңдер туғызған.

Т - Тарлан таланттың тағылымы мол.

А - Арлы ақын, арманы биік шыңдардан.

Н - Насихатты, өсиетнамалы жырлар Шортанбай еншісінде.

Б – Болашақ өмірден түңіліп, келешектен күдер үзген ақын, діншілікке көңіл бөлген.

А - Ақын заман өзгерісіне сай өзіндік үнін қалыптастыра білген тұлға.

Й – Игілікті ісімен халқының қалаулысы бола білген ақынның мұрасы бізге үлгі - өнеге.

3-тапсырма

Шортанбай Қанайұлы өлеңдерінен өздеріңе ұнаған жыр жолдары бойынша берілген мына кестені толтырыңдар.

Автор

Өлең атауы

Жыр жолдары

Менің ойым












4-тапсырма: Шортанбай Қанайұлы(1808-1881)

Сызбаларды толтыр.

Ш.Қанайұлы кім?


Күрескер ақын

Заман жыршысы



Шортанбай Қанайұлы





Айтыскер ақын



Жырау



Шыншыл реалист


Ақынның елім, жұртым деп соққан жүрегінен

туған өлеңдерін атаңдар
*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------

*-------------------------------------------------------


ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат тағы басқа ақындар замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. Бұл ақындарды жерлесіміз, заңғар жазушы, классик М. О. Әезов «зар заман ақындары» деп атаған.

Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. «Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат Берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады.

Оның «Зар заман» өлеңдер топтамасы-адам сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы, дәуір айнасы.

ІҮ. Жаңа сабақ

Шортанбай әуелі бұрынан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды.

Мынау ақыр заманда

Алуан, алуан Жан шықты

Арам, араз хан шықты

Қайыры жоқ бай шықты

Сауып ішер сүті жоқ

Мініп көрер күші жоқ

Ақша деген мал шықты

Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.

Заманның жаман белгісі «Зар заман» ішінде көп айтылады

Мұның өзі зар заман

Зарлығының белгісі

Ұл сыйламас атасын....

Қазы, болыс, хан қойды

Некесіз туған шатасын...

Сол заманның кезінде

Қыз сыйламас шешесін

Ер жеттім деп шаштасып...

Бұның бәрі-заман бұзылғанның белгілері. Енді осы заманды бұзған кім? Бұған да ақын жауап береді.

Заман қайтіп оңалсын...

Байлар ұрлық қылады

Көзіне малы көрінбей

Билер жейді Параны

Сақтап қойған сүрідей

Ү. Сабақты бекіту:

Мына кестені толтырыңдар.

Тар заман

белгілері

Зар заман

белгілері

Бүгінгі заман белгілері











Шортанбай сөзі

Түсінік

Нан жеген соң дәндедім

Жүйрігі болса, мінсем деп,

Сұлу болса, сүйсем деп,

Күннен-күнге өрледім




Текті туған ер жігіт,

Кедейлік басса құлығар.

Аяқты қия басу жоқ,

Орыстың салған жолы бар






  1. Шортанбай өлеңдерін оқи отырып, нені ұқтың, нені үйрендік, қандай жағымсыз мінез-құлықтардан аулақ болу керек екен?

  2. Тақтаға ілінген жұмыс ережесі мен күткен нәтиже туралы пікірді ортаға салу.

ҮІ. Оқушы білімін бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Үйге тапсырма беру. Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңінен үзінді жаттау. Айтыскер ақындығы туралы мәліметтер жинастырып келу.

35 Орта мектебі.

Ашық сабақ

Шортанбай Қанайұлы

(1808-1881)

«Зар заман»

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Сапаркулова Д.И.

2014-2015 оқу жылы.


написать администратору сайта