Главная страница
Навигация по странице:

  • Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім

  • Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы)

  • Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс

  • Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы)

  • Клиникалық өлімнің ұзақтығы

  • Клиникалық өлімнің белгілері

  • С ережесі.

  • лекция(2). Сабаты таырыбы Терминальды жадай. Жрек кпе реанимациясы. Жоспар


    Скачать 18.49 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы Терминальды жадай. Жрек кпе реанимациясы. Жоспар
    Дата15.01.2021
    Размер18.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлалекция(2).docx
    ТипДокументы
    #168379

    Сабақтың тақырыбы: Терминальды жағдай. Жүрек- өкпе реанимациясы.
    Жоспар:

    1. Науқастың терминальды жағдайлары туралы түсінікті;

    2. Терминальды жағдайлардың сатылары және олардың негізгі клиникалық

    көріністерін;

    1. Жүрек-өкпе реанимациясын;

    2. Клиникалық және биологиялық өлім туралы түсінікті;

    3. Реанимация жайлы түсінікті.


    Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай -терминальды жағдай.

    Терминальды жағдай бұл - организмнің тіршілігінің бұзылуы, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі зат алмасуының терең бұзылыстарымен сипатталады.

    Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.

    Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):

    • есі шатасқан;

    • артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;

    • шеткерлі артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;

    • тыныс алуы жиі, үстірт;

    • ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі);

    • терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.

    Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс – бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.

    Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы):

    • тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);

    • ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;

    • жүректің жиырылуы жиіленеді;

    • артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;

    • шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;

    • жалпы тонустық құрысу;

    • дене қызуы төмендейді;

    • еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.


    Клиникалық өлім – бұл қайтарымды жағдай, организмнің бірнеше минут бойы (5-6 мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.

    Жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.

    Клиникалық өлімнің ұзақтығы – қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледі .

    Клиникалық өлімнің белгілері:

    • есі болмайды;

    • тыныс алуы тоқтайды;

    • терісі бозарады, сұрланады және көгереді;

    • ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;

    • көздің қарашығы кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды;

    • рефлекстері болмайды.

    Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге, алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

    1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.

    2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау:

    • зардап шегушіні көлденең қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, өйткені жұмсақ бет құтқарушының қимылдауымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;

    • кеуде торының алдыңғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.

    1. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады:

    С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.

    А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.

    В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.

    Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.

    Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету: көрпемен, киіммен қымтап, жылытқышпен немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз.

    Егер де барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қан айналымының жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістерді дұрыс орындалмаған, орындалмаған, не кешіккен реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.

    Биологиялық өлім –Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:

    • тыныс алуы толық тоқталады (апноэ);

    • қан айналымы тоқталады (асистолия);

    • ес-түсі жоқ (кома);

    • көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды;

    • «мысық көз» белгісі;

    • дене қызуы төмендейді;

    • өлік дағы пайда болады;

    • өлік сіресіп қатып қалады.


    написать администратору сайта