Главная страница
Навигация по странице:

  • Барысы. - Төзімділік

  • Төзімділік

  • «Болады-болмайды»

  • Достық туралы өлеңдер

  • Қорытынды: Төзімділік жолы

  • Төзімділіксіз жол

  • төзімділік. Сабаты таырыбы. Тзімділік бейбітшілікке апаратын жол. Трбие саатыны масаты


    Скачать 1.11 Mb.
    НазваниеСабаты таырыбы. Тзімділік бейбітшілікке апаратын жол. Трбие саатыны масаты
    Дата04.12.2021
    Размер1.11 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатөзімділік.docx
    ТипДокументы
    #291142

    Сабақтың тақырыбы. Төзімділік– бейбітшілікке апаратын жол.

    Тәрбие  сағатының мақсаты

    • Окушыларды қазақ ұлтына тән имандылыққа, үлкенді сыйлауға, әдептілікке үйрету

    • Оқушыларға туған өлке, оның байлығын, онда мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге, ұлтжандылыққа,  Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

     
    Барысы.

    - Төзімділік дегеніміз не деп ойлайсыздар?

    -Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер?
    Танысу. Екі жұппен жұмыс.

    «Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыңдар.  Енді сіздерге 2 минут уақыт беріледі, осы уақытта басқаларға қарағанда өздеріңіздегі ерекше қасиеттеріңізді айтуларыңыз керек» Мысалы, хоббиіңіз, істей алатын нәрселеріңіз. Жұптарыңыздан ол туралы естіген соң, орындарыңнан тұрып, не білдіңіздер сол туралы айтасыздар.

    (“толеранттылы”), (“толеранттылық”) сөзі латын тілінен француз тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген. Оны  “төзімділік” деп аударып жүрміз. Өмірде адам баласының бәрі түсіністікке, кешірімге мұқтаж, бірақ өзі ешкімді кешірмейтін, аямайтын адамды өзгелер қалай дұрыс қабылдасын?! Тек өзіне сенімі мол, жігерлі адам ғана өз өлшеміне бөтен нәрселер алдында сабыр сақтай біледі, артықшылық болса үйренеді, кемшілік болса сақтанады, бірақ өзіне ұқсамағанына бола кек сақтамайды. Кеңпейілділіктен жұрдай, іші тар, қызғаншақ, пәлеқор, жалақор адам қашанда өмірге өкпелеп, өзгелерге өшігіп, абыржулы сасқалақ күй кешеді, кеудесін ыза кернеп тынысы тарылады, айналасын қабылдай алмай оқшауланады. Өмірде мойындағымыз, қабылдағымыз келмейтін, жек көретін нәрселердің болатыны табиғи, кейде тіпті алдану, қорлану, қате түсінік туғызу, себепсіз кінәлі болу кездесіп жатқанымен, соның бәріне төтеп беретін адамдық парасатты талғамының бірі және бірегейі – толеранттылық. Өйткені ол әралуан адамдарды өзара тұтастырады. Өшпенділік, кемсіту атаулы басқаларды ғана емес, сол адамның өзіне де залал келтіретін, жаулсаушы екі жақты да жаралайтын, жамандықты одан бетер өршітетін нәрсе. Демек, адамдық өмірдің алтын ережесі – өмірмен, адамдармен, тіпті бүкіл ғаламмен үндестікте, сәйкестікте өмір сүру, бөтен, бөгделіктің алдында өз-өзін ұстай білу.

    Әлемдік дәстүрлі діндердің қайсысы болса да, кеңпейіл кешірімділікті, сабырлы төзімділікті өзінің ең басты құндылық талабы еткен. Классикалық ұстаным бойынша, жамандықты жамандықпен жеңу мүмкін емес, оны тек жақсылықпен тебіренту, әсерлендіру арқылы ғана жеңу мүмкін. Басқалардан толеранттылық талап етуші адам алдымен өзі басқаларға толерантты болуға міндетті. Бірақ толеранттылық өзара сауда емес, ол ізгі мінездің ақы талап етпейтін ізгі көңілі. Кешірімшілдік, сабырлылық, қарсы жақты түсінуге тырысу қашанда адамды әсерлендіреді, ұялтады, жігерлендіреді және адамды өзінің тар өзімшілдік қапазынан алып шығып, өмірдің жарқындығына бөлейді, өзге адамдар болмысымен тұтастырады.

    Шындығында, оның мәні қазақ  тілінде терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деп жалғастыра беруге болар.

    Толеранттылық рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің  ұстанымдарыма жат болса да, қабылдаймын  дегенді білдіреді. ХVІІІ ғасырдағы  француз жазушысы және философ Вольтер: “сіздің пікіріңіз маған жат, бірақ сізге оны жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге дайынмын”, деген. Ол – толеранттылықтың басты қағидаты. Бұл адамдар арасында өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. Сондықтан, толеранттылық екі жақты сана: мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай білуі.

    Толеранттылыққа қарсы “интолерантность” деген ұғым да бар. Оны төзімсіздік, ымырасыздық, шыдамсыздық, тағатсыздық, кейістілік, менмендік, бірбеткейлік, оспадарлық, парықсыздық деп адам, әлеуметтік топтар, мемлекеттерге байланысты айтуға болады.

    Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз”, “...берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!” деп аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады.

    Қазақ билері “Төремін деп  тепсінбе. Төре мен құл майданда, кәрі мен жас ақылда, бай мен кедей мырзалықта, барлық адам көр мен қаза жауабында теңеледі”, – деп, адамдардың намыс, ақыл-парасатпен теңесетінін айтқан.

    Қарама-қарсы беталыс, бағыт, пікір, идеялар қай мемлекет пен қоғамда да бар. Халықтың даналығы, ел басқарудың өнері осы үрдістерді белгілі мәмілеге келтіріп, асауға тұсау салып, үйлесім, жарасым таптыруда. Толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді: күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, ешкімге бұра тартпай, шынайы жанашырлықпен, халықпен ақылдаса отырып, олардың шешімін табуды талап етеді. Сондықтан “толеранттылы”, “тұрақты қоғам” деген ұғымдар шартты түрде ғана қолданылып, жайбарақаттылыққа жол берілмеуге тиіс.

    Өзара төзімділік, бөтенді  шеттетпеу, толеранттық мінез таныту мәселесі ХVІ ғасырда Еуропада діни қозғалыстар мен діни жіктерге байланысты туған. Лютеран, протестант пен католиктерді бір-бірін жатсынбауға арналған декреттер, заңдар қабылданып, бөтен діндерді қудалауға, үстемдік жүргізуге тыйым салынған. Бірте-бірте діни конфессиялардың біржақты төзімділігі өзара діни төзімділікке, діни салт-жораларды еркін атқаруға, діни сенім еркіндігіне негізделе бастаған. Бөтен дінге рұқсат беруден оны сыйлауға, адамның діни сенім құқының маңызды тірегі ретінде мойындалған. Өзара сыйластық, толеранттық сананы әкімшілік, авторитарлық жолмен енгізуге болмайтындығына көз жеткізілген. Сөйтіп, дінді уағыздаушылардың билігіне шек қойыла бастады.

    Француз философы Клод Адриан Гельвеций дінаралық қақтығыстарды  ешқандай ақыл-парасатпен ақтауға болмайтындығын айта келе, мына өсиет әңгімені тілге  тиек етеді. Көрнекті суретші түсінде  жұмақтың қақпасына көтерілсе, оны  қасқа бас, сақалы беліне түскен, қолында  кілттері бар бір қария таңғалдырады. Зер салып қараса, ол әулие Петр екен. Апостол жұмақ қақпасының алдында отыр. Бір топ адам оған қарай бет алады. Бірінші болып католик келеді: “Мен өмір бойы осы дінді ұстандым, ізгілікті, рақымшыл адаммын”, – дейді. “Олай болса, – дейді әулие, – католиктер отыратын орынға өт”. Одан кейін протестант көрінеді, ол да өзін кісілік қасиетім мол, ыждағатты жанмын деп таныстырады да, сондай жауап алады. Одан кейін Бағдат пен Басрадан келген мұсылмандар өздерін мейірбан, кеңпейілді адамдармыз дейді. Әулие Петр мұсылмандарға да құрметті орын ұсынады. Ең соңында тағы бір адам жақындайды. “Сен қай дінге сенесің?” деген Апостол сұрағына: “Мен, қасиеттім, ешбір дінді ұстанбаймын, бірақ мен де мейірбан адаммын”, – дейді ол. Әулие ойланып-ойланып: “Олай болса, сенің де жұмаққа өтуіңе болады, бірақ сені қайда орналастырамын?” – деп қиналады. Ақырында “Өт, орныңды өзің тап, қалаған жеріңді таңда”, – депті. Философ бұл өсиет әңгіме арқылы күні бүгінге дейін даулы әңгімеге арқау болып келе жатқан мәселені көтереді: тек діншіл адам ғана емес, дінді ұстанбайтындар да ізгілікті, иманды, берекелі адамдар болуы мүмкін.

    Адамдардың наным-сеніміне бұйрық, зорлық жүрмейді. Гельвецкий тағынан кеткен корольдің: “үйімде 30-дан астам сағат бар, бірақ солардың ішінде бір сәтте, дәлме-дәл бір уақытты көрсететін екі сағат жоқ. Қалайша мен дін мәселесінде барлық адамдар бірдей ойласын деп мәжбүрлегенмін? Қандай ақымақтық, қандай астамшылық!” деп өзін өзі сөгіп, кеш болса да менменшіл патшаның өкінгенін айтады. 

    Төзімділік (Толеранттылық) латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға,  әдеттерге төзімділік таныту деген  мағынада қолданылады.

    Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне  қарамастан, төзімділік  танытып, түсіністікпен қарап,  оларды  өзіндей  қабылдау  қасиетін бір сөзбен  толеранттылық  дейміз.

    Төзімділік – бұл қайырымдылық.
    Төзімділік – бұл аяушылық таныту.

    Төзімділік – бұл құрметтей білу.
    Төзімділік – бұл мейірімділік таныту
    Төзімділік – бұл шыдамдылық.
    Төзімділік – бұл достық
    Ситуациялық тапсырма.
    Мен қалада тұрамын. Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім, есіктің қоңырауы соғылды.
    Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс ) Пасха мейрамымен құттықтай келгендіктерін айтты.
    Бұл мейрамдағы басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз тигізу еді.
    Мысалы әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б.
    Бұдан кейінгі менің әрекетім:
    • Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде айтып шығарып салар едім.
    • Ашуланып, үйден қуып шығар едім.
    • Тәтті тағамдар ұсынып, мейрамдарымен құттықтар едім.
    Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс-әрекетке барар едіңдер?

    «Болады-болмайды» тренингі
    (оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
    -Мейірімді болуға .... (болады),

     Кешірімді болуға .... (болады),

     Қатыгез  болуға .... (болмайды),

     Тәртіпті болуға .... (болады),

     Әдепті болуға .... (болады),

     Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

     Сыпайы болуға .... (болады),

     Қайырымды болуға .... (болады),

     Бұзық болуға .... (болмайды),

     Бауырмал болуға .... (болады),

     Ақылды болуға ..... (болады),

     Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

     Шыншыл  болуға .... (болады),

     Арам болуға .... (болмайды),

     Маман болуға .... (болады),

     Жаман болуға .... (болмайды),

     Айтпақшы,

     Жаман болуға ....! (болмайды).
    Достық туралы  өлеңдер:
    Достықтың болған емес шекарасы,

    Елімнің мен де туған бел баласы.

    Отанға миллиардты берді тағы

    Қазақтың қасиетті кең даласы.
    Ынтымақ –достық береке –

    Бағымыз біздің жайнаған.

    Ынтымақ-бақыт, мереке

    Шаттыққа толы  айналам.
    Қорытынды:

                 Төзімділік жолы-  Басқа адамдарды  түсінетін, қоршаған ортада өзін жақсы сезінетін, өзін жақсы таныған. Көмектесуге үнемі дайын адамның жолы. Діни сенімге, басқаның мәдениетіне,жақсылық тілеуші. Дүниені әртүрлі қырынан көре алатын адам.

    Төзімділіксіз жол- Тәрбиесі нашар, билікке құмар, қоршаған ортада өзін көрсете алмайтын, қарсы көзқарастағы, Дүниені ақ, қара түстерге ғана бөледі, басқа түстерді қабылдамайды. Адамдарды жікке бөледі: жақсы ,жаман. «Өзімдікі»,  «Басқанікі» дегенге  мән береді.

    «Аялы жүрек» жаттығуы.

    Әр оқушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі оқушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

    Оқушылармен бірлесіп толерантты қатынас құру ережесін құрастыру:  

    1. Әңгімелесушіңді сыйла.

    2. Басқалардың айтып жатқанын түсінуге тырыс.

    3. Өз пікіріңді тактикалық түрде қорға.

    4. Жақсы аргументтер ізде.

    5. Басқаның дұрыстығын қабылдауға дайын бол, адал бол.

    6. Басқаның қызығушылығымен есептесіп үйрен.


    «Құшақ».  Бәрі бір-біріне қыстырылып тұрады, қолдарын иықтарына қойып, алға оң аяқтарын созады, сосын жүргізушінің айтуымен ішке бір қадам жасайды.



    написать администратору сайта