ЕҢБЕК ШАРТЫ. Садыков Кайрат Тулегенович
Скачать 64.5 Kb.
|
ЕҢБЕК ШАРТЫ № Қалбатау ауылы «__» _______ 2022 жыл Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын, Садыков Кайрат Тулегенович, 2011 жылғы 27 маусымда Әділет басқармасымен бекітілген № 209-1917-23-КММ куәлігі негізінде әрекет ететін бөлім бастығы бір жағынан және бұдан әрі «Қызметкер» деп аталатын _______________________________________________________________________________________________________________________, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» негізінде мына төмендегілер туралы осы шартты жасады. 1.ШАРТТЫҢ МӘНІ 1.1. Жұмыс беруші қызмет береді, ал Қызметкер штаттық кесте бойынша және осы шартта белгіленген жағдайларға байланысты Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің____________________________________________________________________лауазымының қызметін атқаруға келіседі. 1.2. Осы шарт бойынша бұл жұмыс қызметкердің негізгі жұмыс орны болып табылады. 2.ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ 2.1. Осы шарт____________________________________________________________________________________сынақ мерзiмге жасалады. (мерзiмiн жазбаша түрде көрсету керек) - басталуы: «____»_____________20___ж. - аяқталуы: «____»_____________ 20___ж. 2.2. Қызметкер сынақ мерзiмiнде жүрген кезде ҚР еңбек туралы заң актiлерiнде және осы шартта белгiленген нормаларды пайдаланады. 2.3. Жұмыс істеу кезеңінде Қызметкерге «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» (бұдан әрі-кодекс) нормалары, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Шарттың ережелері қолданылады. 2.4. Еңбек міндеттерін жүзеге асыруын басталу күні 20 __ жылдың «____» _____ бастап, 20 ___ жылдың « ____» ______ дейін. 3.ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 3.1. «Функционалдық міндет» және «Қызметкер туралы» ережелерге сәйкес, қызметкердің атқаратын лауазымы бойынша құқықтары мен міндеттері болады. 3.2. Қызметкер өзінің қызметін орындауға тікелей қажетті Жұмыс беруші берген мүліктердің дұрыс сақталуына толық материалдық жауапкершілікте болады және осы Шарт бойынша міндеттерді орындауға тиісті. 3.3.Қызметкер қызмет бабына байланысты өзіне ғана мәлім Жұмыс берушінің коммерциялық құпия мәліметтерін жарияламауға міндетті. 3.4. Қызметкер директорға тiкелей бағынышты болады. (басшының лауазымы) 3.5. Қызметкер жылына бiр рет Жұмыс берушiнiң есебiнен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 – V Еңбек кодексінің 9 тарауында белгiленген жағдайларға сәйкес, лауазымы бойынша өзiнiң еңбектегi мiндеттерiн орындаудан толық босатыла отырып, бiлiмiн көтеруге құқығы бар. 3.6. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 – V Еңбек кодексінің 10 тарауында белгiленген жағдайларда қызметкерге келтiрiлген зардабтар үшiн толық мөлшерде жауапты болады. 4. Жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi 4.1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414– V Еңбек кодексінің 3 тарауының 22-23 баптарында белгіленген және iшкi қолданыс үшiн шығарылған жарғылар мен актiлердiң талаптары шегiнде Жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi болады. 4.2. Жұмыс берушi қызметкердi осы Шартқа қатысты барлық құжаттармен таныстыруға мiндеттi, оның iшiнде: - «Қызметкерлер туралы» ереже; - лауазымдық нұсқаулық; - жұмысқа алу, ауыстыру, жұмыстан шығару, жазалау, көтермелеу, iссапар туралы және тағы басқа бұйрықтар; - коммерциялық құпияға жататын мәлiметтердiң тiзiмi. 4.3. Жұмыс берушi қызметкердiң арызы бойынша 5 күн iшiнде төмендегi құжаттарды: - еңбек кiтапшасын немесе оны ауыстыратын құжатты; - бұйрықтардың (қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару, көтермелеу, жазалау ж.т.б.) көшiрмесiн; - жалақы, жұмыс уақыты, лауазымы туралы анықтаманы; - ұсыным хатты дайындап беруге міндетті. 4.4. Осы Шарттың қолдану мерзiмi iшiнде Жұмыс берушi қызметкердiң лауазымын көтеру мақсатында, «Аттестация туралы» ережеге және тұрақты түрде қолданылып жүрген тарифтiк-бiлiктiлiк комиссияның ережесiне сәйкес қызметкерден аттестация алуға құқығы бар. 5. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ 5.1.Жұмыс уақыты мен демалыс а) – бес күндік жұмыс аптасы және екі күн – сенбі, жексенбі – демалыс белгіленеді; - «09-00» сағаттан бастап «18-30» дейін сегіз сағаттық жұмыс күні белгіленеді; - бір жарым сағат «13-00» сағаттан «14-30» сағатқа дейін үзіліс жарияланады. б) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 – V Еңбек кодексінің 22-23 баптарында белгiленген жағдайларды сақтай отырып, еңбек шартына өзгерiстер енгiзуге, оның iшiнде қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру туралы шешiмдер қабылдауға құқығы бар. в) Қызметкерге жыл сайын жалақысы сақталатын, ақылы, ұзақтығы «____» күнтiзбелiк күн және (ҚР «Семей ядролық сынақтар полигондағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13 бабы 3 тармағы негізінде құжаты бар болған жағдайда) 10 күнтізбелік күн қосымша (экологиялық) еңбек демалысы берiледi. г) орынды себептер болған кезде Жұмыс берушi қызметкерге жағдайына қарап ақысыз демалыс берiлуi мүмкiн; д) еңбек демалысын бiр жылдан артық уақытқа кейiнге қалдыруға болмайды, оның өзiнде ол бұйрықпен ресiмделуге тиiс; е) Шарт оның негізінде қарамастан бүзылған жағдайда, Қызметкерге ол жыл сайынғы еңбек демалысына өз құқығын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған болса, өтемақы төленеді. 5.2. Еңбек ақы және сыйақы туралы а) қызметкерге 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 4 қосымшасы бойынша немесе Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы бойынша ________ _______________________________ теңге мөлшерiнде жалақы төленедi. Жалақысы ай сайын инфляцияның коэффициентiне, сыйақының және қайта қаржыландыру ставкаларына байланысты дисконттеу арқылы индекстелінедi. б) кез келген себептерге байланысты шартты бұзған жағдайда Қызметкерге тиiстi сома соңғы күннен кешiктiрiлмей төленедi. 6. Кепiлдiктер мен өтемақылар 6.1. Егер Жұмыс берушi Қызметкердi мемлекеттiк немесе қызметтiк мiндеттемелерiн орындау кезiнде жұмыстан босататын болса, онда қызметкердiң жоқ кезiнде оның лауазымдық қызметi мен орташа жалақысы сақталуға тиiс. 6.2. Егер қызметкер дәрiгерлiк тексеруден өтетiн болса, немесе басқа да мiндеттi комиссиялардан өтiп жүрсе, онда осы уақытта оның орташа жалақысы сақталуы керек. 6.3. Iссапарға байланысты кепiлдiктер мен өтемақылар ҚР-нiң қолданылып жүрген заң актiлерiне байланысты төленедi. Iссапарға ҚР Үкiметiнiң белгiлеген нормасынан артық төленетiн өтемақылар оны растайтын құжат болғанда ғана төленедi. 6.4. Қызметкер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiпке байланысты әлеуметтiк жәрдемақылардың барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi. 6.5. Жұмыс берушi қызметкердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте арнайы киiммен, құралдармен, көлiкпен және де басқа инвентарлармен, сонымен бiрге еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi. 7. Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу 7.1. Осы шарт мына жағдайда бұзылады: а) - мерзiмiнiң бiтуiне байланысты; - тараптардың еркiнен тыс себептерге байланысты тоқтатылады; б) - тараптардың келiсiмiмен; - Жұмыс берушi тарапынан; - Қызметкер тарапынан бұзылады. - Тараптардың еркiнен тыс, ҚР заң актiлерiнде көзделген басқа да негiздерге байланысты. 7.2. Осы шарт Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 -V Еңбек кодексінің 3 тарауының 22-23 баптарында көзделген негiздер бойынша Жұмыс берушiнiң тарапынан бұзылуы мүмкiн, және бұл факт белгiленген тәртiпте құжатта ресiмделуi қажет. 7.3. Осы шарт Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 -V Еңбек кодексінің 3 тарауының 22-23 баптарында көзделген негiздер бойынша қызметкер тарапынан бұзылуы мүмкiн. 7.4. Бұл шарт тараптардың бiрiнiң атынан жазбаша түрде шарт бұзылғанға дейiнгi бiр ай iшiнде ұсынылған жазбаша хабарламаның негiзiнде бұзылуы мүмкiн. 7.5. Осы шарт тараптардың өзара келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн. Шартты бұзу себебi осы шартқа қосымша болып тiркелуге тиiс. 7.6. Егер шарттың мерзiмi бiтуiне бiр ай қалғанша екi тараптан да жазбаша түрде хабарлама түспесе, онда шарттың мерзiмi ұзартылған деп есептеледi. 8. Еңбек даулары 8.1. Еңбек даулары тараптардың келiсiмiмен төмендегi инстанцияларда: а) келiсiм комиссиясында; б) аралық сотта, оның құрамы тараптардың келiсiмiмен сайланады; в) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк соттарында қаралуы мүмкiн. 8.2. Қызметкер мемлекеттiк сотқа жүгiнсе, онда ол мемлекеттiк баж салығынан және басқа да соттың төлемдерiнен босатылады. 9. Басқа жағдайлар 9.1. Егер осы шарттың ережелерi Жұмыс берушiнiң актiлерiне қарсы келетiн болса, онда негiзiнен, осы шарттағы ережелердiң заңдық күшi болады. 9.2. Егер ҚР заң актiлерiнде қызметкердiң жағдайын жақсарту жөнiнде өзгертулер енгiзiлсе, онда осы шарттың соған сәйкес тармақтарына да өзгертулер енгiзiледi, егер керiсiнше болса, онда шартқа өзгерiс енгiзiлмейдi. 9.3. Осы шарт заңдық күшi бiрдей екi данада жасалады және бiр-бiр данадан тараптарға берiледi, әрбiр тарап қажетiне қарай кез келген санда көшiрме жасауға хақылы. 9.4. Осы шарт «____»__________ 20___ жылдан бастап күшiне енедi және мерзiмi бiткенше әрекет етедi, мәлiметтерi тараптардың коммерциялық құпиясына жатады. Жұмыс берушi: Қызметкер:
|