Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 Ұяшық 1.Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ оттек 2. Жыланның сипап сезу мүшесі Тіл

  • 2. Гүлдің негізгі көбею мүшелері (аталық, аналық) 3. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр) 3. Ұяшық

  • 3.Батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы көл Балқаш 4. Ұяшық 1.Фотосинтез процесі өсімдіктің қай мүшесінде жүреді

  • (Флора) 5.Ұяшық 1. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанған жас сабақ (сабақ) 2. Тірі ағзалар туралы ғылым

  • 2.Мейоз бөлінудің қандай түріне жатады Жынысты 3 .Көбею нешеге бөлінеді 2

  • биолог. уздик биолог. Сайысты жоспары I. Менен сра, Сіздерден жылдам жауап


    Скачать 40.5 Kb.
    НазваниеСайысты жоспары I. Менен сра, Сіздерден жылдам жауап
    Анкорбиолог
    Дата25.01.2023
    Размер40.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлауздик биолог.doc
    ТипДокументы
    #905134

    Сайыстың жоспары:

    I.Менен сұрақ, Сіздерден жылдам жауап.

    II. Білгенге маржан...

    III. Эрудит
    Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді асыл халқым,

    Арта берсін абырой, атақ даңқың

    Ұстаздар аман ба екен құрбы - құрдас

    Сыныптас бірге оқып болған сырлас.

    Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Үздік биологтар» сайысына қош келдіңіздер.
    Тапқыр,білгір,дарынды
    Жарыс бар бүгін арынды
    Биология пәнін сүйсең сен
    Ортаға сал барыңды-
    деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастасақ.
    Білімділер болады әркез алда,

    Тез жауап бер ойланып тұрып қалма.

    "Менен – сұрақ, сізден жылдам жауап ” бөліміне кезек келді.


    Бұл кезеңде әр топ басшысы ортаға шығып 1 минутта сұраққа тез, әрі дұрыс жауап беру керек.
    Әр дұрыс жауап берілген сұраққа 10 ұпай беріледі.

    ”Ақ көгершін“ тобы.

    1.Бас сүйек бөлімдері (ми және бет)

    2.Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады 33-34

    3.Тері ауруларын емдейтін дәрігер Дерматолог.

    4.Терінің сыртқы қабаты Эпидермис

    5.Эпидермисте болатын пигмент Меланин

    6.Денені ыстық,суықтан қорғау қызметі Термореттелу

    7.Тері өндіретің дәрумен D

    8.Ересек адам терісінің ауданы 1,5-2 м

    9.Түршіккен тері түзілетін қабат Дерма

    10.Теріні шаң-тозаңнан қорғайтын қабат Эпидермис
    8 - сынып оқушыларынан құралған ” Сұңқар ” тобы.

    1 - Жасушаның құрылысы мен қызыметін зерттейтін ғылым? (цитология)

    2 - Ұлпаның 4 түрін атаңыз? (дәнекер, эпителиий, бұлшықет, жүйке)

    3 - Ішкі секкреция бездерінен бөлінтін сұйықтық? (гормон)

    4 - Ұйқы безі бөлетін гомон? (инсулин)

    5 - Жүйке жасушалары? (нейрон)

    6 - Нейронның ұзын өсіндісі? (аксон)

    7 - Орталық жүйке жүйесіне не жатады? (ми мен жұлын)

    8 - Мидың орташа салмағы? (1300 - 1400)

    9 - Сезім анализаторларын ата? ( иіс, дәм, есту, көру)

    10 - Тірек - қимыл апаратына не жатады? (қаңқа бұлшықеттері)
    Бір кезде білімнен от алған
    Көрінер ізденген топ алдан
    Келесі кезең де басталар
    Білегенге маржан атанған

    Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған үш сұрақтан қойылады. Ұяшық нөмірін ойыншылар таңдайды. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріледі. Ойлануға уақыт беріледі.

    1 Ұяшық

    1.Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдіктер

    бөлетін газ

    оттек

    2. Жыланның сипап сезу мүшесі

    Тіл

    3. Мұхит суының орташа тұздылығы

    35%
    2. Ұяшық

    1. Аталық тозанның аналық аузына түсуі

    (Тозаңдану)

    2. Гүлдің негізгі көбею мүшелері

    (аталық, аналық)

    3. Өсімдіктің жер асты мүшесі

    (тамыр)
    3. Ұяшық

    1.Тозаңдану нешеге бөлінеді

    (екіге, айқас және өздігінен)

    2. Өсімдік тамырын қорғап тұратын бөлігі

    (оймақша)

    3.Батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы көл

    Балқаш

    4. Ұяшық

    1.Фотосинтез процесі өсімдіктің қай мүшесінде жүреді?

    (жапырағында)

    2. Аталық пен аналық жыныс жасушаларының қосылуы ?

    (Ұрықтану)

    3 Өсімдіктер дүниесі қалай аталады?

    (Флора)

    5.Ұяшық

    1. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанған жас сабақ

    (сабақ)

    2. Тірі ағзалар туралы ғылым?

    (биология)

    3. Тек өсімдіктің жасушасына тән органиод? пластидтер

    6.Ұяшық

    1.Аналықтың құрылысы

    (аналық аузы, аналық мойны, жатын)

    2.Мейоз бөлінудің қандай түріне жатады?

    Жынысты

    3.Көбею нешеге бөлінеді?

    2
    Білімнен емеспіз кенде біз,

    Өйткені Тәуелсіз елде біз.

    Сақадай сай болса өрендер,

    Ендеше басталар бәйгеміз

    3 кезең Эрудит

    Бұл кезеңде әр топқа биологиялық диктант беріледі.
    Әр дұрыс жауап берілген сұраққа 10 ұпай беріледі.

    1.Спорофит - өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жыныссыз ұрпақ.

    2.Гаметофит өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жыныст

    ы ұрпақ.

    3. Спорофит жасыл түсті болмайды.

    4.Партеногенез –ұрықтанбаған жұмыртқажасушасынан ұрықтың дамуы

    5.Көбеюдің ертерек пайда болған түрі –жыныссыз көбею


    1. Ересек адам қаңқасында – 200 астам сүйек болады

    2.Қаңқа сүйектеріне бұлшық еттер бекиді.

    3.Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен жуандығы әртүрлі болады.

    4.Қол сүйектерін иық белдеуі ,қолдың еркін қозғалатын сүйектері құрайды.

    5.Аяқ сүйектері жамбас белдеуіжәне аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен тұрады.
    Бүгінгі үздік биологтер сайысы өз мәресіне жетті.Ендеше сайысымыздың қорытындысын шығарып,топтарды марапаттасақ.

    Қош демейміз әлі талай сайыс бар 
    Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар 
    Ойлы орта кеңейсін күннен күнге 
    Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар. 
    Бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!Рахмет!!!


    написать администратору сайта