ююю. Асем Балнууууур. Сайлау ыы жне сайлау жйелері
Скачать 1.15 Mb.
|
Сайлау құқығы және сайлау жүйелері Есенбаева А.,Қалмырзаева Б. Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі-оның азаматтарының лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысыу болып табылады. Ресей Федерациясы Конституциясының 3-бабына сәйкес референдум мен еркін сайлаулар халық билігінің жоғары көрінісі болып саналады Өзбекстан Республикасы Конституциясының 10-бабында: “Өзбекстан халқы атынан тек Ұлы Мәжіліс пен Республика Президенті ғана сөйлей алады”, - деп жазылған Эстония Республикасы Конституциясының 56- бабында бұл елдегі жоғарғы мемлекеттік билікті халықтың өзі дауыс беруге құқылы азаматтары арқылы: 1) Мемлекеттік жиналысқа сайлау жолымен; 2) Референдум жолымен (жалпыхалықтық дауыс беру) жүзеге асыратыны жазылған Көп елдердің саяси өмірінде сайлау рөлі мен мағынасы бірдей еместігі белгіліСайлаудың төте және төте емес (жанамалы) түрлері болады Төте емес сайлауда ( жанама сайлау деп те аталады) сайлаушылар белгілі бір кандидаттарға дауыс бермейді,тек оны іріктеушілерге дауыс береді, мысалыАҚШ президентіне, Финляндия президентіне , Эстония президентіне Төте сайлауда сайлаушылар кандидаттар үшін тең құқықта, тікелей дауыс беруге қатысады Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар негізінде қатысады Төте дауыс беру. Кандидаттарды азаматтар тікелей сайлайды Жасырын дауыс беру. Сайлаушылардың өз еркімен көңіл білдірулерін бақылауға алуға тыйым салынады Сайлау еркіндігі. Сайлау азаматтардың сайлауға және сайлануға байланысты өз құқықтарын еркін жүзеге асыруына негізделеді Сайлау құқығы белсенді( активті) сайлау құқығына және белсенді емес (пассивті) сайлау құқығына бөлінеді Біріншісінде – сайлаушылар дауыс берсе Екіншісінде – сайланып қойылатын лауазымға үкіметкерлік құқығы беріледі Сайлау жүйесі деп сайлауға қатысқан сайлаушылардың дауыс беруін есептейтін заң тарапынан белгіленген есептеу тетігін айтады Дүние жүзінде сайлау жүйесінің негізгі үш түрі бар Мажоритарлық Тепе-теңдік (пропорциялық) Аралас Мажориталық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады Өз кезегінде, мажоритарлық жүйе төмендегі екі түрге: берілген дауыстардың абсолютті басымдылығына және берілген дауыстардың салыстырмалы (относительно) басымдылығына бөлінеді Абсолютті басымдылық жүйесінде сайлаушылардың 50 проценттен (50% +1) басымы дауыс бергенде кандидат сайланды деп есептеледі. 1958 жылдан бері мұндай жүйе Францияда бар. Ал, салыстырмалы басымдылық жүйесінде басқа кандидаттардың бәріне қарағанда көп дауыс алу мүмкіндігіне орай жеңген кандидат сайланады. Мұндай жүйе өте көп таралған әрі көп қолданылады. Мысал ретінде АҚШ, Ресей, Индия, Ұлыбритания, Өзбекстан, т.б. көптеген елдерді атауға болады. Тепе-теңдік (пропорциялық) сайлау жүйесінің можоритарлық сайлау жүйесінен айырмашылығы бар. Яғни, тепе-теңдік сайлау жүйесі басымдылық принципіне емес, қайта алынған дауыстар мен жеңіп алынған маңдаттардың тепе-теңдік принципіне сүйене жасалады. Тепе-теңдік жүйе толық (яғни,сайлау округі болып бүкіл ел саналса)және шектеулі (яғни, елдің аумағында бірнеше округтер құрылған болса) болуы мүмкін. Тепе-теңдік жүйе бойынша Жапония, Бельгия, Италия, Норвегия, ФРГ, Швейцария және т.б. елдер сайлау өткізеді. Тепе-теңдік жүйеде әрбір саяси партия сайланатын орынға өзі кандидаттарының тізімін ұсынады, ал сайлаушылар, әдетте, бұл тізімге тұтастай дауыс береді. Аралас жүйе деп парламенттің бір бөлігін мажориталық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен (тепе-теңдік жүйемен) жүзеге асыруды айтады. Аралас жүйе, мысалы, Герман Бундестагына сайлауда ФРГ-де қолданылады. 1994 жылы 16 қазанда Бундестагтың кезекті сайлауында депутаттардың жартысы (барлық депутаттар - 656) бірмандатты округтер бойынша көпшілікке бағынышты мажоритарлық жүйемен, ал екінші жартысы-тепе-теңдік жүйемен (саяси партиялардың тізімі бойынша) сайланды |