Главная страница
Навигация по странице:

  • Материалдық өндіріс саласына

  • Айырбас

  • Жай ұдайы өндіріс

  • Экстенсивті

  • Ұдайы өндіріс дегеніміз не Ұдайы өндірістің түрлері Интенсивті өндіріс түсінігі Материалдық өндіріс саласына не жатады

  • Тұтыну құны мен еңбек шығыны дегеніміз не Пайдаланылған әдебиетер тізімі

  • Ескерту! Толық мәлімет Презентация Power Point және Word түрінде берілген! Видеосабаққа сілтеме: https://www.youtube.com/watchv=G-NSvaYQzGk

  • Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы. Ұдайы өндірістің түрлері ме. Саламатсыздар ма рметті студенттер! Бгінгі сабатын таырыбы оамды ндіріс жне оны рылымы. дайы ндірісті трлері мен типтері


    Скачать 396.69 Kb.
    НазваниеСаламатсыздар ма рметті студенттер! Бгінгі сабатын таырыбы оамды ндіріс жне оны рылымы. дайы ндірісті трлері мен типтері
    Дата28.01.2021
    Размер396.69 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚоғамдық өндіріс және оның құрылымы. Ұдайы өндірістің түрлері ме.docx
    ТипДокументы
    #172020

    Саламатсыздар ма құрметті студенттер! Бүгінгі сабақтын тақырыбы:
    Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы. Ұдайы өндірістің түрлері мен типтері



    Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі оның өнімі. Ол қоғамдық сипатта болады. Өйткені, қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатысады. Әр өнімнің екі қасиеті болады:

    · тұтыну құны- (қажеттілікті өтеу қасиеті).

    · еңбек шығыны (оны өндірумен байланысты адамның физиологиялық мағынада жұмыс күшін жұмсауы).

    Сонымен қатар, өнім өндіруге әрқилы материалдық және материалдық емес игіліктермен қызмет көрсету кіреді. Сондықтан да, қоғамдық өндіріс материалдық және материалдық емес өндіріс саласы болып екіге бөлінеді:

    Материалдық өндіріс саласына- материалдық игіліктерді өндіру салалары сонымен қатар, материалдық қызмет көрсету кіреді. Мысалы: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс саласы, транспорттық қызмет, коммуналдық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау және т.б.

    Ал материалдық емес өндіріс саласына- өндірістен тыс игіліктерді (рухани игіліктер) өндіру және өндірістен тыс қызмет (рухани қызмет) көрсету жатады. Мысалы: ғылыми кеңестер беру, денсаулық сақтау, білім беру, кітап жазу, сурет салу және т.б.

    Өмір ағымы сияқты қоғамдық өндіріс қозғалысы да үздіксіз болады. Өндірістің өзінен бастап бөлу, айырбас сатыларынан өте отырып, тұтынумен аяқталады. Бұл сатылардың бәрі өзара тығыз байланысты. Және адамдар арасында экономикалық қатынасты қалыптастырады.

    Өдіріс- қоғамдық өндірудің бастапқы сатысы, ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті игіліктерді өндіру үрдісі. Өндіріс - қоғам өмірінде жетекші рөл атқарады. Ол өндірілген материалдық игіліктер әрқилы әлеуметтік топтардың жеке адамдардың үлесіне қарай бөлінеді.

    Айырбас- бір жағынан өндіріспен бөлу, екінші жағынан өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты көрсетеді.

    Тұтыну- қоғамдық өнімді адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыруға пайдалануы. Тұтыну өнім қозғалысының соңғы сатысы.

    Экономикалық өрлеу қоғамдық өндірістің дамуына байланысты. Қоғамдық өндіріс үздіксіз дамып отырады. Өндірістің үздіксіз дамып, қайталанып ұлғайып отыруын ұдайы өндіріс дейді. Ұдайы өндіріс жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді:



    Жай ұдайы өндіріс– бұл өндіріс үрдісінің бұрынғы ауқымда қайталануы, сондықтанда алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

    Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндірістің ұлғаймалы ауқымды қайталануы, өйткені алынған табыстың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің үш негізгі типі бар:

    Интенсивті  - ең алдымен өндіріс факторларын сапалық жетілдіру, яғни, еңбек құралдарын неғұрлым үнемді пайдалану, жұмыс күшінің біліктілігін арттыру және қордағы өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру көлемін сапалық жағынан ұлғайту.

    Экстенсивті - өндіріс үрдісінің сан жағынан өсуі, яғни, өнімді екі есе көбейту үшін қолда бар өндіріс құрал жабдықтарын, жұмыс күшін екі есе ұлғайту керек.

    Аралас- өндіріс қуатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың санын ұлғайту және техникамен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту.



    Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігіңізді сұрақтарға жауап беру арқылы тексеріңіз


    1. Ұдайы өндіріс дегеніміз не?

    2. Ұдайы өндірістің түрлері?

    3. Интенсивті  өндіріс түсінігі?

    4. Материалдық өндіріс саласына не жатады?

    5. Тұтыну құны мен еңбек шығыны дегеніміз не?

    Пайдаланылған әдебиетер тізімі:

    1. Борисов Е. Ф. Экономикалық теория. Лекциялар

    2. Булатов А. С. Экономика. М., 1999, 786

    3. Дискин И. Е. Өтпелі экономиканың әлеуметтік құрылымы

    4. Ғабит Ж.Х. Микроэкономика-Астана,Фолиант, 2012 ж.

    5. Айдарханова М.Х., Жумашбекова С. Микроэкономика.Алматы,2011.

    6. Жолдасова Г.А. Экономика негіздері.Астана,Фолиант,2011.

    Ескерту! Толық мәлімет Презентация Power Point және Word түрінде берілген!

    Видеосабаққа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=G-NSvaYQzGk


    написать администратору сайта