Сан есім. Сан есім затты санын, саналу ретін, млшерін білдіретін сз табыны бірі. Сратары анша неше нешеу нешінші
Скачать 16.09 Kb.
|
Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі.Сұрақтары: қанша? неше? нешеу? нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас). Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Нешеу? – төртеу, алтау). Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сан есім; 2) күрделі сан есім. 1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы, үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т.б. 2. Күрделі сан есім: а) екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.б. ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады. б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он. Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша? неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғызболып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады. 2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады: -ыншы – қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б. -інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б. -ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т.б. -нші –қырық екінші, жетінші, т.б. 3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу. 4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары: а) жұрнақ арқылы: -лаған – жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген; -лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап, -деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп; -дай – тоқсандай, мыңдай, -дей – екі жүздей, -тай – қырықтай, -тей – жетпіс бестей, т.б. ә) Есептік сан есімдерге көптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т.б. б) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай, жүз-жүзден, т.б. в) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық,жақынсөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман, алпысқа тарта, отызға жуық, сексенге жақын, т.б. 5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? сұрақтарына жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б.;қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден, т.б. 6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады: а) жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т.б. ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық (7,04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10,269), т.б. 1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады: жетпіс жеті, он екінші, мың тоғыз жүз сексен алты, он алтыдан, т.б. 2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғау дефис арқылы жалғанады: 13-ке, 7-ден, 63-ке. 3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады: 11-сынып, 2-қатар, 16-орын, 51-тапсырма, 7-бөлме, т.б., ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. Мысалы, ХІ сынып, ХХІ ғасыр, ІV том, т.б. 4. Екі, алты, жеті сандарына жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңындағы ы, і дауысты дыбыстары түсіп қалады: екі – екеу, алты – алтау, жеті – жетеу. 5. Цифрмен жазылған сан есімдерге болжалдық сан есімнің қосымшалары дефис арқылы жалғанады: 100-деп, 6-ларда, 1000-даған, 70-тей, т.б. 6. Қосарлану арқылы жасалған болжалдық сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да арасына дефис қойылады: екі-үш бала (2–3 бала), 70-80 қой (жетпіс-сексен қой), 5-6 кітап (бес-алты кітап). 7. Бөлшектік және болжалдық сан есім жасайтын сөздерге өзі тіркескен сандар сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады: жүз қаралы – 100 қаралы, елу шақты – 50 шақты, 30-ға таман – отызға таман, он екі жарым – 12 жарым, бір ширек – 1 ширек. 8. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис арқылы жазылады: 7-7-ден – жеті-жетіден, 30–30-дан – отыз-отыздан, 1-1-ден – бір-бірден. 9. Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де дефис қойылмайды: 1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз, 1989 жыл, 1 мамыр. 1. Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш. Мысалы, Сегіз қызым – бір төбе, Кенжекейім – бір төбе. Сегіз (қанша?) қызым. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып та анықтауыш болады. Қазақ ұғымында жетінің өзіндік орны бар. Жетінің (нешенің?). 2. Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш болады. Келген адамдар алтау екен. Алтау екен (нешеу екен?). Біз бәріміз тоғызбыз (нешеуміз?). 3. Сан есім атау тұлғада тұрып, бастауышболады. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді (кім түгел болса? кім ала болса?). Жетеуі де өнерлі екен (кім өнерлі?). 4. Сан есімдер етістіктің алдынан келіп, пысықтауыш болады: Тоғызда басталады (қашан басталады?), бес-бестен бөліну керек (қалай бөліну керек?), алтыдан (қалай?) топтадық. 5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгерсе, толықтауышболады. Тоғызға (неге?) сегізді (нені?) қосу, оннан (неден?) бесті (нені?) алу, он үшпен (немен?) есептеледі. 6. Сан есім зат есіммен не қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі болады. Жарысушылар он түрлі тапсырма орындайды (қандай тапсырма – он түрлі тапсырма). Сағатына 70-80 км жылдамдықпен жүреді. (қанша жылдамдықпен? – 70-80 км жылдамдықпен). |