сана философиясы. Сана философиясы
Скачать 15.07 Kb.
|
Сана философиясы (ағылш. Пһілосопһy оф мінд) — философияның бір іргелі тармағы болып, ол сананың онтологиясы мен табиғатын және оның денемен байланысын зерттейді. Сана-дене проблемасы сана философиясының парадигмалық мәселесі болып табылады, дегенмен басқа да талай мәселелер бар, мысалы зерденің қиын проблемасы және арнайы менталды күйлердің табиғаты, тб.[1][2][3] Зерттелетін сана аспектілері ретінде менталды оқиғаларды, менталды функцияларды, менталды қасиеттерді, зердені және зерденің нейронға сәйкестігін, сана онтологиясын, таным мен ойлаудың табиғатын, сондай-ақ сананың денемен байланысын атап көрсетуге болады. Дуализм мен монизм сана-дене проблемасы бойынша негізгі екі мектеп есептеледі, дегенмен ешбір санатқа сәйкес келмейтін нюансты көзқарастар да бар. Философиядағы сана мәселесі–философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар, олар физикализм; солипсизм; объективтік идеализм; материализм деп бөлінеді. Физикализм –сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана– ми қызметінің жемісі. Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелеріне, соның ішінде мына фактілерге негізделген: адамның миы–табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі; ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды, ми-биологиялық орган; адамзат жасанды интеллект жасауға мүмкіндігін алды, ол материалдық объект - машина (компьютер); дәрілердің адамның организміне әсері санада бейнеленуіне әкеледі (мысалы, психотроптық заттарды қолдану). Физикалистердің негізгі мәселесі— ол идеалдық сана: адам ойындағы образдардың материалдық сипаттамасы жоқ, мысалы - массасы, иісі, өлшемдері, формалары жоқ; сана образарды өзгерте алады — үлкейту, кішірейту, өшіру сияқты, ешбір адам басқа адамның санасын "көрмеген" (миге операция жасаған хирург, микроскоптан тек затты — нейрондерды көреді, бірақ ол операция жасаған адамның образдардарын, не ойларын көре алмайды). Сана ұғымына биологиялық көзқарас яғни сана -тірі табиғаттан пайда болуы және барлық тірі организмдерге тән делінеді. Сана — тек адамның қасиеті туралы көзқарас. Сана — тек адам миының жемісі және адамға ғана тән, ал жануарларда сана емес, инстинкт бар. Сана—объективті дүниенің субъективті бейнесі. Ал, бейнелеу- материалдық объектілердің басқа объектілерге өзара қатынастардың арқасында із қалдыру мүмкіндігі. Бейнелеулің қарапайым формалары механикалық; физикалық; химикалық болып бөлінеді. |