2 күн тапсырмасы. 2-күн тапсырмасы Сарина А.Т.. Саралап оыту
Скачать 45.56 Kb.
|
2-күн тапсырмасы 2-тапсырма. Тыңдаушыға арналған нұсқаулықта берілген саралап оқытудың ерекшеліктерін айқындаңыз. Саралап оқыту Саралап оқыту дегеніміз-әлсіз оқушыларға көмек беру,қабілеті жоғары оқушыларға қолдау көрсету. Оқытуды дәстүрлі ұйымдастыруда оқушылардың жеке қабілетіне бейімделу мүмкіндігі ескерілмеген. Бүкіл сыныппен және жеке оқушымен бір уақытта қалай тиімді жұмыс істеуге болады? Жеке танымдық дамуын қалай жоспарлауға болады? Саралау тәсілдері арқылы деңгейлері әр түрлі оқушылардың психикалық ерекшеліктерін, талпыныстарын, есте сақтау қабілеттерін, жылдамдылықтарын және ойлау дағдыларын ескеріп, шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға тиімді тәсіл болып табылады. Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл-ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Саралап оқыту – оқушыға қолдау көрсетуде тиімді тәсіл болып табылады. Деңгейлері әр түрлі оқушылар тек мұғалімнің қолдауына ғана ие болып қоймайды, сонымен бірге жақын арадағы даму аймағындағы сыныптастарының да қолдауына ие бола алады. Оқушы нәтижеге екі жақты қолдау арқылы қол жеткізеді. Саралап оқыту жағдайында үш түрлі деңгейдегі тапсырмалар әзірленеді. Оқу үдерісіндегі саралау қағидаты бойынша мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру қадамдары: 1) саралау критерийлерін анықтайды; 2) белгіленген критерий бойынша жүйелі диагностика жасау; 3) диагностика нәтижесі бойынша оқушыларды топқа бөлу; 4) саралау тәсілдерін таңдау; 5) оқыту үдерісінің әр кезеңінде саралау тәсілдерін қолдану. Пайда болу себептері • әр баланың білім берудегі қажеттіліктерін түсіну. • жеке білім беру қызметіне бағытталған тәсілдің тиімсіздігі; • объективті бағалау үшін оқушы қабілетін ескермеу . Артықшылықтары • қатемен жұмыс кері байланыс ретінде беріледі; • эмоционалдық қысым мен күйзелістің алдын алу; • әр оқушыға жеке көзқарас; • өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру |