Главная страница
Навигация по странице:

  • Бекенов Марат Сәдуақасұлы

  • 1-БАП КЕЛІСІМ-ШАРТ МӘНІ 1.1. Келісім-шарттың мәні – ____________ – _____________;

  • ____________________________________.

  • ______________________

  • 2-БАП САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТЫ 2.1.«Объекті» «Сатып алушының» иелігіне «Объектінің» толық бағасын «Сатушының» банктік есеп шотына _________(______)

  • 3 - БАП ОБЪЕКТІНІ БЕРУ ТӘРТІБІ

  • 4 - БАП САТЫП АЛУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

  • 5-БАП САТУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

  • 6-БАП САТЫП АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

  • 7-БАП КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

  • 8-БАП АЙРЫҚША ШАРТТАР

  • ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: «САТУШЫ» «САТЫП АЛУШЫ»

  • _______________М.Бекенов ________________ ТАӘ м.о.«БЕКІТЕМІН» Қармақшы аудандық қаржы бөлімінің басшысы

  • №______

  • Жекешелендірілген объектінің «САТЫП АЛУШЫ» теңгерім ұстаушысы _____________ _____________

  • договор. Сатусатып алу келісімшарты


    Скачать 47 Kb.
    НазваниеСатусатып алу келісімшарты
    Анкордоговор
    Дата29.11.2021
    Размер47 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаDogovor kupli-prodazhi proekt.doc
    ТипДокументы
    #285169

    Сату-сатып алу келісім-шарты
    Жосалы кенті №___ ____________ 2017 жыл
    Осы сату-сатып алу жөніндегі келісім-шарт , бір жағынан бұдан былай «Сатушы» деп аталатын Қармақшы аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің атынан, оның басшысы Бекенов Марат Сәдуақасұлы және екінші жағынан бұдан былай «Сатып алушы» деп аталатын жеке тұлға – ТАӘ; жеке куәлігі №, берілген күні; мекен-жайы:, араларында жасалынды, бұдан былай «Тараптар» болып аталады.

    1-БАП

    КЕЛІСІМ-ШАРТ МӘНІ

    1.1. Келісім-шарттың мәні – ____________ – _____________; бұдан әрі «Объекті» болып аталатын ___________ сату-сатып алу болып табылады. «Объектінің» теңгерімұстаушысы - ____________________________________.

    1.2. «Сатып алушы» «Объектіні» Қармақшы аудандық қаржы бөлімі __________ өткізген электрондық аукционында сатып алды.

    1.3.Осы келісім-шарттың жасалуына негіз болған құжат ______________________ болып табылады.

    1.4.Келісім-шарт бойынша «Объектіні»-_______________________; «Сатушы» сатады, «Сатып алушы» ____ болған электрондық аукцион қорытындысы бойынша белгіленген бағаға- ____ ( ) теңгеге сатып алды.

    1.5. «Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 8250 шаршы метр тұрақты жер учаскесіне құқық Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес «Сатып алушыға» өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын «Сатып алушы» Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді.

    2-БАП

    САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТЫ

    2.1.«Объекті» «Сатып алушының» иелігіне «Объектінің» толық бағасын «Сатушының» банктік есеп шотына _________(______) теңгені аударған кезден бастап өтеді.

    2.2. Осы келісім-шарттың 2.1. тармағына сәйкес төлемдер төмендегідей ретпен төленеді:

    а) аванстық төлем «Объектінің» толық бағасының 15 пайызынан кем емес мөлшерде осы келсім-шартқа қол қойылған күннен бастап 10 банктік күннің ішінде төленеді.

    Аванстық төлемге төленген кепілдік жарнаның құны бірге есептелінеді.

    б) қалған төлем осы келісім-шартқа қол қойылған күннен бастан 30 күннің ішінде төленеді.

    «Сатып алушы» «Объектінің» толық құнын мерзімінен бұрын төлуге құқылы.

    2.3.Төлемдерді уақытылы жабуды қамтамасыз ету үшін «Сатушы» «Сатып алушы» сатып алған «Объектіні» кепілдікке қоюға құқысы бар.

    2.4.Осы келісім-шартқа «Объектінің» құны толық төленіп болғаннан кейін белгіленген тәртіппен «Объектіні» қайта тіркеуге негіз болатын белгі соғылады.

    3 - БАП

    ОБЪЕКТІНІ БЕРУ ТӘРТІБІ

    3.1.Келісім-шарт бойынша сатылу бағасы толық төленіп болғаннан кейін Балансұстаушы «Сатып алушыға» «Объектіні» алыс-беріс актісіне қол қою арқылы береді. Алыс-беріс кесімін «Сатушы» бекітеді және ол осы келісім-шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

    4 - БАП

    САТЫП АЛУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

    4.1.Алыс-беріс кесімі қол қойылғаннан кейін «Сатып алушы» сатылып алынған «Объектіге» байланысты барлық жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
    5-БАП

    САТУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

    5.1. «Сатушы» келісім-шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы барысы жөнінде мәліметтерді «Сатып алушыдан» сұрауға және алуға құқылы.

    5.2. «Сатушы» «Сатып алушының» келісім-шарт ережелерін орындамағанда немесе объектінің бағасын уақытында төлемеген жағдайда осы келісім-шартты бір жақты бұзуға құқылы .

    5.3.Сатылған «Объектінің» бағасы төленбеген себеппен осы келісім-шарт бұзылатын болса, «Сатып алушының» төлеген кепілдік жарнасы қайтарылмайды.

    6-БАП

    САТЫП АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

    6.1.Осы келісім-шарт қол қойылғаннан кейін және сатып алынған «Объектінің» бағасы толық төленгеннен соң, сондай-ақ алыс-беріс кесіміне қол қойылғаннан кейін «Сатып алушы» «Объектінің» техникалық және басқа құжаттарын алады.

    7-БАП

    КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

    7.1.Осы келісім-шарт өз күшіне қол қойылған күннен бастап енеді және Сатып алушыға жүктелген міндеттемелердің толық орындалғанына дейін қолданылады.

    8-БАП

    АЙРЫҚША ШАРТТАР

    8.1. Тараптар осы келісім-шартқа екі жақтың келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және осы келісім-шарттың орындалу барысында қосымша келісімдерге отыруға құқылары бар.

    8.2.Осы келісім-шартта көзделмегендер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылықтарымен реттеледі.

    8.3.Тараптар осы келісім-шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін екінші жақтың жазбаша келісімінсіз үшінші жаққа беруге құқысы жоқ. Тараптың бір жағы осы ережені бұзған жағдайда, бұл екінші жаққа келісім-шартты бір жақты бұзуына құқық береді.

    8.4. Бірдей заңдылық күші бар осы келісім-шарттың біреуі Сатушыға, біреуі – Сатып алушыға арналып, қазақ тілінде екі дана болып жасалынды.
    ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
    «САТУШЫ» «САТЫП АЛУШЫ»

    Қармақшы аудандық қаржы __________________________________

    бөлімі мемлекеттік мекемесі __________________________________ Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі, 1 _______

    Телефон: 2-20-36 Есеп шот: KZ_______________________

    Есеп шот: KZ48070103KSN3304000 __________________, БСК ___________

    Қазынашылық Комитеті, Астана қаласы телефон _____________

    Код 301102, БИК: KKMFKZ2A

    БСН: 990140000770

    _______________М.Бекенов ________________ ТАӘ

    м.о.

    «БЕКІТЕМІН»

    Қармақшы аудандық қаржы

    бөлімінің басшысы
    ____________ М.Бекенов

    «____»__________2017 жыл


    АЛЫС-БЕРІС АКТІСІ
    Жосалы кенті «___»_________2017 жыл

    1. _____________________; (бұдан әрі-Объекті) сату-сатып алу жөніндегі 2017 жылғы __________ №___ келісім-шартқа, жекешелендіру Объектісін сату жөніндегі электрондық аукцион қорытындысының 2017 жылғы ___________ №______ хаттамасына, сондай-ақ Объектінің бағасы толық төленіп болғанына сәйкес, теңгерім ұстаушысы – ___________________. тапсырып, «Сатып алушы» – _______________________тұрғыны көрсетілген Объектіні қабылдап алады.

    2. «Сатып алушы» Объектіні бағалау құнына сәйкес – ______ (___________) теңгеге қабылдап алады.

    3.Осы алыс-беріс Актісі «Сатып алушының» қабылдап алған Объектіге ешқандай талаптары жоқ екендігін дәлелдейді.

    4.Осы Актімен берілген Объектіге «Сатып алушының» меншіктік құқығы, оның бағасын толық төленген кезден басталады.

    5. Теңгерім ұстаушы Объектіні мекеменің теңгерімінде тұрған қалдық құнымен есептен шығаруға тиісті.

    6.Осы алыс-беріс Актісі 2 данада, біреуі- «Сатып алушыға», біреуі- Теңгерім ұстаушыға арналып, қазақ тілінде екі дана болып жасалды.


    «Тапсырды» «Қабылдады»

    Жекешелендірілген объектінің «САТЫП АЛУШЫ» теңгерім ұстаушысы
    _____________ _____________ _________________________

    (қолы) (аты-жөні, тегі) (қолы)

    МО


    написать администратору сайта