Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау. Саясатты негізгі тсініктемелеріне салыстырмалы талдау
Скачать 13.92 Kb.
|
Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау Саясаттың адам және қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Әртүрлі әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайының жақсы немесе нашар болуы, олардың емін еркін бостандықта өмір сүруі секілді жайттардың барлығы мемлекет пен үкіметтің жүргізіп отырған саясатына тығыз байланысты. Мысалға, егер мемлекет басқыншылық саясат жүргізсе, онда халыққа қиын болары сөзсіз. Ал, бейбіт саясат жүргізсе халыққа қолайлы болады. Саясат бұрыннан бері ғалымдарды қызықтырып келе жатқан салалардың бірі. Ежелгі грек, рим ойшылдары саясатқа байланысты өздерінің түрлі ой пікірлерін білдірген. Ежелгі грек философы, математик Платон мемлекетті басқару түрін полития деп көрсетіп, дұрыс және дұрыс емес мемлекет түрлерін атап айтқан болатын. Саясат ғылымы туралы алғаш рет талдау жасаушы Аристотельдің айтуынша, дұрыс мемлекет билеушілері халық мүддесін бірінші орынға қояды, ал дұрыс емес мемлекет билеушілері жеке бастарының қамын ойлайды. Мемлекеттік ең дұрыс формасы полития деп есептеді. Қайта өрлеу дәуірінің өкілі, итальяндық ғалым Николо Макиавелли билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс деп есептеді. Республикалық мемлекетті қолдады. Жаңа дәуір ойшылдары Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо өз еңбектерінде саяси билік жүргізудің формаларын түсіндіруге тырысты. Француз саясаттанушысы Морис Дюверже Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік деп анықтама берді. Орта ғасыр ойшылы, екінші ұстаз атанған Әл Фараби саяси ой пікірлерін «Қайырымды қала тұрғындары», «Азаматтық саясат» секілді еңбектерінде түсіндіруге тырысты. Қайырымды қала тұрғындары еңбегінде білімді, қайырымды басқару халықты бақытқа, жақсылыққа жетелейтінін, ал қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті сынайды. Мінсіз мемлекетті насихаттай отырып, барлығы саясатқа, билеушіге байланысты екендігін айтады. Ал он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы мен жиырмасыншы ғасырда қазақ қоғамының орасан зор өзгерістерді бастан кешкені белгілі. Қазақ халқында саясат туралы еңбектер жазған қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалиханов болды. Ол өз еңбектерінде отарлық саясаттың зардаптарын, халық дамуы үшін дұрыс саясат жүргізу керектігін батыл түрде айтты. Оның айтуынша халық бақытты болуы үшін, қанауды жою керек, ал қанауды жою үшін билікті жою керек. Әр заман ғалымдары саясат туралы өз пікірлерін білдірген. Кейбірі бірінің пікірін қолдаса, кейбір ғалымдар бірінің пікіріне қарсы шығып та жатты. Алайда осыдан , мемлекеттің дамуы саясаттың дұрыс жүргізілуіне байланысты екендігін көруімізге болады. Сондықтан да ғалымдар саясатты дұрыс насихаттау мақсатында саясатты зерттеп, саясаттану пәнін енгізе бастады. Он тоғызыншы ғасырдан бастап саясатты жеке ғылым ретінде қабылдап келе жатыр. Саясаттану гректің политология деген сөзінен шыққан. Саясат туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Яғни саясаттанудың зерттеу объектісі қоғамның саяси өмірі, саяси шындық. Саясаттанудың түсініктеріне тоқталатын болсақ, біріншіден, саясаттану саясат туралы ғылым. Екіншіден, мемлекет туралы ғылым, Үшіншіден, билік туралы ғылым. Бұл түсiніктi Н. Макиавелли негiздеген. Ғалым алғаш рет саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарастырды. Мемлекеттің өркениетті деңгейге жетуі саясатпен тығыз байланысты болғандықтан, саясаттанудың маңызы зор. Мемлекетіміздің әлемнің дамыған отыз елдері қатарына енуі үшін қай саланың маманы болмасын жан-жақты болуы заман талабы. Ал саясатты білу, түсіну арқылы кез келген адам өзінің білімді, сауатты, толеранттылығын, көзі ашық екенін көрсете алады. Мемлекетімізді дұрыс басқару , экономиканы ұйымдастыру саясатын дұрыс жолға қою арқылы біз алдыңғы елдердің қатарына ене аламыз. |