Саяси элитаны тсінігі мен ызметі
Скачать 20.4 Kb.
|
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі «Элита» термині француздың “еlіtе” деген сөзінен шыккан, аталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асьл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды. “Элита” терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға бірдей социология трактатында” (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардын энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әркашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады. Роберт Михельс (1876—1936) “Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911) деген еңбегінде “олигархияның темірдей заңын” шығарды. Оның ойынша, бұқара халыктың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылыктың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, коғамның қарапайым мүшелеріне өздерін карсы кояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халыктың егемеңдігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. “Олигархияның темірдей заңы” осы дейді Р. Михельс. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі Саяси элиталарды калыптастырудың, жоғары лауазымды кызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлык және гильдия жүйесі. Антрепренерлык түрде баскарушы кызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу кабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапкырлығын, жасампаздығын, белсеңділігін көрсетебілуі кажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны калыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге койылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондыктан тұракты демократиялык елдерде бұл түр кең тараған Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі — саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсок, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіңдігі көбейеді. Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар койылады. Оған кандидаттык білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топ- тың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына тандаудың бұл түрі жабык болып саналады. Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдык топтан іріктеп алатын, кертартпа тұр. Оның артықшылығы — саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Саяси жетекшілік туралы ұғым Саяси іс-әрекетті жүзге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекттің көлемінде адамдардың күш-жүгерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді аты шыққан адамды да жатқызып жүр. Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан не күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділетіліктің үлгісі болуы керек. Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазіргі саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады. Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделелерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіліктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт - бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін - өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу. Саяси топ бастаушы (көсем) болудың 2 жолы бар:1) көпшілік халықтың мақсат -мүддесін кездейсоқ деп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу тәтижесінде. Саяси жетекшіге қарама-қарсы ұғым - саяси бастаушы, көсемсымақ. Ол ұғым XIX ғасырда пайда болды. Оның негізгі ерекшеліктері: көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа, қастыққа, қорқынышқа, үрейге, өшпенділікке негізделген ) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.б.Б иліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай, ығында жүреді. Саяси бастаушы, көсемсымақ көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып өзінің атын шығарады, мансап құрады. Өйткені көпшілік, әдетте, жасампаздықтан гөрі қиратып, бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабылдайды. Саяси топ бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған немістің әлеуметтанушысы М.Вебер болды. Ол саяси серкелерді бедел ұғымына негіздеп былай жіктеді: Билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет ғұрып жетекшілі Ерекше қадір қасиеті, қабілетіне байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастаушы Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серке Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық профессор Дж.Херман ұсынды. Ол саяси топ бастаушыларды бейнесі бойынша былай жіктеді: Ту көтерер саяси жетекші. Оның өмірге деген көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын біледі. Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. Саудагер топ бастар. Оның ерекшелігі алдына қойған жоспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қабілетінде Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады. Түріне қарай жетекшілікті формальды және формальсыз деп бөлеміз. Формальды жетекші белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалады. Формальсыз жетекшіні қатысушылар өздері тағайындайды. Бақылау сұрақтар Г. Моска «Элита» ұғымын қалай түсіндірді В. Парето «Элита» ұғымын қалай түсіндірді Р. Михельс «Элита» ұғымын қалай түсіндірді Саяси идеологиясына қарай партия түрлерін ата Санына қарай партия түрлері Саяси өмірдегі алатын орнына қарай партия түрлері Саяси жүйедегі рөлі мен ұйымдасуына қарай партия түрлерін ата Ла Поломбарының айтуы бойынша партиялар белгілерін ата |