Саяси партиялар мен партиялы ЖЙЕЛЕР саяси партиялар мен партиялы Жйелер, Оамдысаяси ОЗалыстар жне йымдар
Скачать 0.9 Mb.
|
САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРСАЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРЖОСПАРЫ: 1. Саяси партияның табиғаты мен белгілері. 2. Саяси партияның құрылымы және қызметі. 3. Саяси партиялардың жіктелуі және партиялық жүйелер. 4. Саяси партиялардың қаржылану жолдары. Негізгі әдебиеттер мен құжаттар:ҚР-ның Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2007.21.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) «Саяси партиялар туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 15 шiлдедегi N344 Заңы «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» ҚР-ның 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Заңы (2010.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2011 ж. ҚР Орталық сайлау комиссиясы// http://election.kz/ «Партия» ұғымының этимологиясы латын тіліндегі «pars» - бөлшек деген сөзінен шығады. Антика дәуірінде (Ежелгі Греция және Ежелгі Рим) партия белгілі бір әлеуметтік топтың мүдделерін жақтайтын адамдар тобын білдірген. Мәселен, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуының мынадай кезеңдерін көрсетеді: 1) Аристократиялық үйірмелер; 2) Саяси клубтар; 3) Бұқаралық партиялар. Бүгінгі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бірақ Еуропалық саяси партиялар да бірден бүгінгі дәрежесіне келе қойған жоқ. 1. Саяси партияның табиғаты мен белгілері. Фото Фото Саяси партиялардың қалыптасуына және дамуына мынадай факторлар өзіндік әсерлерін тигізген:1) Ұлттық сана-сезімнің оянуы; 2) Жалпы ұлттық революция; 3) Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктердің құрылуы (кәсіподақтар); 4) Жаппай сайлау құқығының берілуі. 1) Партия нақты бір идеологияны білдіреді; 2) Адамдардың ұйымдасқан ерікті, әрі ұзақ мерзімді одағы; 3) Партияның мақсаты - саяси билікке келу және оны уысында ұстап қалу; 4) Қоғамның белгілі бір әлеуметтік топтарының мүдделерін саясатта танытып, сол үшін күресе алуы. Өзге саяси ұйымдардан саяси партияны ажырату мақсатында батыс саясаттанушылары Дж. Лапаломбара мен М.Вейнер оның басты төрт белгілерін көрсетеді: 1. Саяси партияның белгілері. Саяси партия дегеніміз мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы Саяси партияның құрылымы мыналардан тұрады: 1. партиялық аппарат; 2. қатардағы мүшелер; 3. партияның жақтастары. Француз әлеуметтанушысы М.Дюверже бойынша саяси партия құрылымы мыналардан тұрады: 1) партиялық аппарат; 2) партия активтері; 3) партия мүшелері; 4) партияға жылы қараушылар. К. фон Бейме саяси партияның мынадай төрт қызметін ажыратады: 1. Мақсатты айқындау. Идеология мен бағдарламаларды құра отырып саяси партиялар азаматтарға альтернативті жол көрсетеді; 2. Қоғамдық мүдделерді топтастыру және білдіру; 3. Азаматтарды саяси әлеуметтендіру және мобилизациялау; 4. Билік етуші элита мен үкімет құрамын жасақтау. 3.Саяси партиялардың жіктелуі және партиялық жүйелер.Француз ғалымы М.Дюверже саяси партияны сайлаушылар мен белсенділер санына қарай екіге бөлген: 1.Кадрлық: (Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық -демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы). 2.Бұқаралық: (Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партиялық билеті жоқ мүшелік жарна төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы, АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары). 1) Ресми(легалды) партиялар; Ресми заңға сәйкестігіне қарай саяси партиялар жіктеледі: Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді. Яғни, Конституцияға, Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы заңға қайшы келмейтін, ресми тіркеуден өткен партияларды айтамыз. 2) Жартылай ресми(легалды) партиялар; Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, тек кейбір жұмысына шек қойылған. Олар саяси билік үшін таласқа түсе алмайды. Яғни, Конституцияға қайшы келмейтін, алайда, Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы заңның талаптарына жауап бермейтін партияларды айтамыз. Ресми заңға сәйкестігіне қарай саяси партиялар жіктеледі: Фото 3) Құпия(легалды емес) партиялар. Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізетін партиялар. Яғни, Конституцияға, Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы заңға қайшы келтін, ресми тіркеуден өтпеген, сот шешімі бойынша ҚР-ның аумағында жұмыс істеуге тыйым салынған партияларды айтамыз. Ресми заңға сәйкестігіне қарай саяси партиялар жіктеледі: 3. Партиялық жүйелер.Бүгінгі саяси ғылымда саяси партияларды шынайы саяси билікке қатысатын партиялардың санына қарай топтастыру кең тараған. Осыған сәйкес саяси партияларды мынадай жүйелерге бөледі: 1. Бірпартиялық жүйе; 2. Екіпартиялық жүйе; 3. Көппартиялық (Мультипартизм) жүйе. 3.Үстемдікке ие бір партиялық жүйе – қоғамда саяси билікке таласушы көптеген партиялар болуы мүмкін, алайда ондаған жылдар бойы билікке иелік етеді және халық арасында жоғары беделге ие партияның болуы (Мысалы, Швецияның Социал-демократиялық партиясы, Жапон елінің Либеральдық – демократиялық партиясы, және т.б.). 2.Квазикөппартиялық жүйе – нақты бір партия болады, көппартиялылықты өтірік көрсету үшін «қуыршақ» партиялар құрылады. (Социализм кезеңінде Польшада, ГДР-да орын алған); 1. Бірпартиялық жүйе. Қоғамның саяси жүйесінде бірпартияның ғана үстемдігі мойындалады. Мысалы: КСРО, КХДР, Куба. 1. Бірпартиялық жүйе 2. Екіпартиялық жүйе.Мемлекеттің саяси жүйесінде екіден көп саяси партиялардың болуына қарамастан билікке таласады және келеді негізгі екі партия. Бипартизм көбінесе англо-саксондық елдерде тараған. Мысалы: АҚШ, Ұлыбритания және т.б. елдер. Екі жарым партиялық жүйе. Қоғамның саяси жүйесіндегі негізгі екі партиямен қатар белгісіз бір партияның билікке келуі. Мысалы: Германиядағы СДПГ мен ХДС / ХСС партияларымен қатар билікке СвДП «жасылдар» партиясы келді. Фото 3. Мультипартизм.3. Көппартиялық(Мультипартизм) жүйе - тең дәрежелі бірнеше партиялардың билік үшін күресінен туындайды. Мысалы: Қазақстан, Рессей және т.б. елдерде. 1. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы«Нұр Отан» республиклық саяси партиясы 1999 жылы қаңтарда құрылып, сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген. Партия мүшелерінің саны шамамен 800 000 адамды құрайды. НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Президенті, "Нұр Отан" ХДП Төрағасы ҚҰЛ-МҰХАММЕД Мұхтар Абрарұлы "Нұр Отан" ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары (2015ж.) 2. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттар партиясыҚазақстандағы президентшіл екі партия – «Ауыл» партиясы мен Патриоттар партиясы бірігіп, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттар партиясы деген атаумен жаңа саяси ұйымды дүниеге келді (2015ж.). Әли Бектаев Партия төрағасы 3. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясыПартия 2002 жылы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 180 000 адамды құрайды. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы Партия төрағасы. 4. Қазақстанның коммунистік Халықтық партиясыМемлекеттік тіркеуден 2004 жылы 21 маусымда өткен. Тіркелу кезінде партия құрамында 90 000 адам болды. Партия мүшелерінің саны қазір 81 000 адамға тең. Ахметбеков Жамбыл Аужанович Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов Орталық комитетінің хатшысы Легкий Дмитрий Максимович Орталық комитетінің хатшысы 5.Бірлік саяси партиясыПартия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды. ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті 2013 жылғы 17 маусымда «Руханият» партиясы ҚБ «Бірлік» саяси партиясы ҚБ-не мемлекеттік қайта тіркеуден өткізді. Партия төрағасы Сұлтанғалиев Серік 6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясыПартия 2009 жылы 24 қазанда тіркелген. Құрамы 140 000 адамнан тұрады. Төрағасы: Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы 7.Қазақстанның "АЗАТ" Демократиялық партиясыПартия 2009 жылы 24 қазанда тіркелген. Құрамы 140 000 адамнан тұрады. Төрағасы: Әбілов Болат Мұқышұлы. 4. Саяси партиялардың қаржылану жолдары:1) Өзін өзі қаржыландыру (мүшелік ақы, жалға беру және т.б.); 2) Демеушілік; 3) Мемлекеттік қаржыландыру: тікелей жанама. |