Главная страница

Ик. ИК1. Саяси партиялар тізімі "Алаш", "ш жз", жне т б


Скачать 16.43 Kb.
НазваниеСаяси партиялар тізімі "Алаш", "ш жз", жне т б
Дата25.10.2021
Размер16.43 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаИК1.docx
ТипДокументы
#255107

Саяси партия дегеніміз мемлекеттік билікті қолға алуға бағытталған адамдарға құрылған ерікті одақ. Қандай да бір таптың мүдделерін көрсетеді. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда құрылған. Ал қазіргі саяси партия Еуропада пайда болған (19 ғасырдың 2-ші жартысында). Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік және бұқааралық партия бола алмады.

Саяси партиялар тізімі: “Алаш”, “Үш жүз”, және т.б

«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5 қазанда «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі). Алаш партиясының мақсатытәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру.

Үш жүз партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, ал орталық комитет құрамына Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді. Үш жүздің бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса Үш жүз заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды. Үш жүз 1917 жылы екіге бөлінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К. Тоғысов басқарды. К. Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Партия Кеңес өкіметіне сенім білдірді. Үш жүз партиясының мақсатытүркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын, Түркістан Федерациясын құру

Алаш пен Үш жүз партияларының бағдарламаларында айырмашылықтар болды. Алаш партиясының сипатыұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін ойлады. Үш жүз партиясының сипатысоциалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін қолдап, Кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы: Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.


написать администратору сайта