Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі себептер Жанама себептер

  • Қосымша 3.

  • Саяси себептер леуметтік себептер Экономикалы себептер


    Скачать 39.56 Kb.
    НазваниеСаяси себептер леуметтік себептер Экономикалы себептер
    Дата26.04.2023
    Размер39.56 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаdidaktikaly-materialnelikten-ash-z-skeri-kemelerin-zhaponijaa-zh.docx
    ТипДокументы
    #1090413

    Қосымша 1.

    Кестені толтырыңыз.

    Саяси себептер

    Әлеуметтік себептер

    Экономикалық себептер

    Мәдени себептер
















    Негізгі себептер

    Жанама себептер








    Қосымша 2.

    Карточкалар.

    Токугава әулеті екі жүз жыл билік етті.

    «Жабық есік» саясатын жүргізді.

    Жапония тұрғындарына елді тастап кетуге тыйым салынды.

    Ауыл шаруашылығының құлдырауы. Жер алқаптарының қысқаруы

    Халық санының күрт төмендеуі

    Мануфактура санының көбеюі

    Жаңа өнеркәсіп салаларының пайда болуы: жібек, қағаз, қант, керамика, фарфор.

    Қала саны мен сауда-қолөнер орталықтарының көбеюі

    Сауданың дамуы

    Ішкі нарықтың қалыптасуы

    Қала кедейлері мен шаруалардың наразылықтың өсуі

    Буддалық монастырьларда халықты тіркеу жүйесінің қалыптасуы.

    Әлеуметтік шиеленістердің болмауы

    Жалпыжапондық пошта қызметінің пайда болуы



    Қосымша 3.

    Канагав шартының мазмұны

    Шарт алғысөзден және 17 баптан тұрды.

    Жапония мен АҚШ өз халықтарының мәңгілік бейбітшілік пен достығын жариялады.

    Жапония АҚШ кемелеріне Хоккайдо аралындағы Симода мен Хакодате портына кіруге рұқсат берді. Келісімге қол қойылған кезден бастап, 1854 жылы 31 наурызда, ал Хакоданың порты - 1855 жылдың сәуірінен бастап ашылды. Жапония АҚШ-ты су, отын және азық-түлікпен қамтамасыз етуге уәде берді.

    Жапония АҚШ кемелері жапон жағауында зардап шекккенде көмек көрсетуге уәде берді. Кеме мүліктері мен кеме экипажы Симод және Хокадатеге жеткізілуі керек болды.

    Жапония АҚШ азаматтарына оң көзбен қарауға міндетті болды.

    Жапония Симод және Хакодате портында болған АҚШ азаматтарына еркін жүріп тұру рұқсат берді.

    Жапония АҚШ-пен кез келген туындаған мәселені келісім-шарт арқылы шешуге міндетті болды.

    Жапония үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес АҚШ-пен алтын, күміс және басқа да тауарларға сауда жасауға рұқсат берді.

    Жапония АҚШ-тың кемелері үшін отын, су және азық-түлік өнімдерінің жеке саудасына тыйым салды. Барлық қажетті тауарлар шенеуніктер арқылы сатылатын болды.

    Жапония АҚШ-қа сауда жасауда ең қолайлы жағдай жасады.

    Жапония Симод және Хакодате порттарына ғана кіруге рұқсат берді.

    Жапония Симод портында АҚШ консулдықты ашуға мүмкіндік берді.

    Екі тарап өз елдеріндегі шартты ратификациялауға және ратификацияланған құжаттар үлгілерін 18 ай ішінде алмастыруға уәде берді.
    Сұрақтар:

    -қандай баптар Жапонияның тәуелділігін растайды?

    -бұл шарттар Жапонияны қалайша өзгертеді?

    -аталған шарттар кімнің мүддесін қорғады?


    написать администратору сайта