Ашық есік күні сценарий. ашық есік күні сценарий. Сценарий Мерзімі 7 суір, 2023 жыл. тетін орны Бейнеу жапы білім беретін мектеп
Скачать 23.14 Kb.
|
«Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында облыстық жүрмелі ашық есік күніне сценарий Мерзімі: 7 сәуір, 2023 жыл. Өтетін орны: Бейнеу жапы білім беретін мектеп Қатысушылар: Педагогтер, ата-аналар, оқушылар. Мақсаты: Мектеп пен ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтастықты нығайту, оқушылар белсенділігі мен ата-аналар жауапкершілігін арттыру, мектептің тынысымен таныстыру және мектеп өміріне белсенді тарту. 09.00-09.40. QR код арқылы тіркеу. Қонақтарды қарсы алу. 09.40-10.00. Көрме. Шараға қатысушылар жиналғанша экраннан бейнеролик жүргізіледі. Фанфар. Жүргізуші шығады. Жүргізуші: Сарманов Рамазан Амантайұлы – (Бейнеу аудан, Бейнеу жалпы білім беретін мектептің ұйымдастырушы педагогы) Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі -«Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбындағы жүрмелі облыстық ашық есік күніне қош келдіңіздер! Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата -ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата- аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Жүргізуші: Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі шараның мақсаты мектеп пен ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтастықты нығайту, оқушылар белсенділігі мен ата-аналар жауапкершілігін арттыру, мектептің тынысымен таныстыру және мектеп өміріне белсенді тарту болып табылады. Жүргізуші: Олай болса, шарамыздың шымылдығын ашу үшін сөз кезегі Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Джаулыев Шоқан Жазықбайұлына беріледі. Жүргізуші: Облыстық Білім берідің оқу-әдістмелік орталығы тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің әдіскері Абдуллаева Тоғжан Құрманғазықызына беріледі. Жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі зор. Ал, үйдегі тәрбие әрине ата-ананың арқасы. Ұлы Абайдың «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген қанатты қағидасын ескеретін болсақ, өнерлі де білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ата-ана мен ұстаз еңбегінің қатар жүретіні анық. Жүргізуші: Ендеше, болашақ жеткіншектердің бойындағы қайталанбас, қанына біткен дарынын аша білген ата-аналарымызбен ұстаздарымыз аз емес десек бүгінгі құрмет,бүгінгі сый сіздерге арналады құрметті талантты тұлға тәрбиелеуші ата-аналар мен дарынды ұстаздар! Алдарыңызға Құлшар Бақтыбайұлы атындағы өнер мектебінің домбырашылар ансамбілін шақырамыз. Жүргізуші: Отбасы тату бір ел тұнып тұрған, Қамқор ата-аналар билік құрған Анаң мейір-шапағат нұр төгуші, Әкең қамқор қолдаушың алып тұлғаң. Тәрбиенің бастауы ыстық ұя, Біз құрақпыз, ата-ана бір дария. Ғылым білген ғалым да тағзым етер, Отбасы, ошаққасы, ол – жанұя Жүргізуші: Отбасының ұйытқысы болған аяулы аналарымыздың құрметіне алдарыңызға Құлшар Бақтыбайұлы атындағы өнер мектебінің бишілер тобын қарсы аламыз. «Қазақ биі» Қабыл алыңыздар! Жүргізуші: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы – ата-ана» демекші, отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойындағы қасиеттер де солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастағанымен-ақ баланы байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Бүгінгі бала ертеңгі біздің болашағымыз. Болашағымыздың гүлденіп, өсіп-өркендеуі – бүгінгі жастарымыздың қолында. Ән: «Батырлар ұраны» Айтмұратов Ғалымжан Жүргізуші: Бүгінгі «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбындағы ашық есік күніне қатысушылар, сіздерге күндеріңізге сәттілік, шығармашылық табыстар тілей отырып, шарамыздың екінші бөліміне көшейік. Құрметті ата-аналар сіздерді тәжірибелі педагог-психолог мамандарының дайындаған «Барлығы отбасынан бастау алады: бала және қоғам, қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбындағы тренингіне шақырамыз! Атамекен жалпы білім беретін мектептің педагог- психологы Абитова Камшат Амангелдіқызы, Бейнеу лицейінің педагог-психологы Алдабергенова Камшат Убайдуллақызы, барлықтарыныздан белсене қатысу сұралады. Жүргізуші: Әрбір ата — ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі — өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата — ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата — ананың қолында. Олай болса, Қарақұм жалпы білім беретін мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Бегенова Зерлеш Бактыбайқызы, Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Айлаева Света Аманғалиқызы «Балақан өсіру-балапан ұшыру емес» тақырыбында ата-аналармен сыр сұхбат ашық алаңына назар аударайық. Жүргізуші: Көптеген ата — аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата — ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу — үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата — ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Жүргізуші: Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Айлаева Света Аманғалиқызы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Жалпы білім беретін мектепте тәртібі төмен сыныпты зерттеу жұмыстары» бойынша іс-тәжірибесімен бөлісуі Жүргізуші: Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата — ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме? Жүргізуші: Олай болса, ата-аналар бала тәрбиесіндегі қиындықтар туғызып жүрген мәселелеріңіз болса, баланызбен қарым-қатынасынызға қатысты сұрақтарыныз болса 1 қабатта орналасқан педагог психолог мамандардан кеңес алуыңызға болады. Сонымен қатар сұрақтары жоқ ата-аналарды мұғалімдеріміздің дайындаған тәрбие сағаттарына қатысуға шақырамыз! Айтымбетова Маншук 22 кабинет Рахметова Альфия 21 кабинет Кашкенова Жансая 38 кабинет Куандыков Берік 24 кабинет Ашық сабақтар Еспагамбетова Алия 34 кабинет Ажиниязова Бақыт 13 кабинет Багитова Амангул 14 кабинет Коспанова Гулнар 33 кабинет Кері байланыс. Мектептен шығар кезде QR код арқылы ата-аналардан кері байланыс алынады. |