для казахских школ Scratch программа для 5-7 классов. Scratch программалау ортасы 57 сынып оушыларына арналан аптасына 1 саат, барлыы 34 саат Ерали Млдір
Скачать 27.62 Kb.
|
БАҒДАРЛАМА элективті курс гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары мектеп және оқушы компонентінің арнайы курстары SCRATCH ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ 5-7 сынып оқушыларына арналған аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат Ерғали Мөлдір №148 мектеп-гимназияның информатика мұғалімі Алпысбаева Асель Алтаевна №12 мамандандырылған гимназияның информатика пәні мұғалімі Турумбетов Нургали Асанович №140 гимназияның информатика пәні мұғалімі Амирбай Меруерт Файзуллакызы №181 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Пікір жазған: математика физика ғылымдарының кандидаты, доцент Е.П.Макашев Түсініктеме хат Компьютерлік сауаттылықты арттыру және ерте жастан бастап технологияларды меңгеру үрдісі ата-аналардың балаларды ерте жастан бастап бағдарламалау негіздерін үйретуді қалайтынына алып келді. «Scratch бағдарламалау ортасы» – визуалды нысанды – бағытталған бағдарламалау ортасы. Бағдарлама бастауыш және орта сынып оқушыларының өз ойындарын, анимацияларын және топтық жобаларды жасауға арналған. Бағдарламалау ортасы Лого тілінің және Лего конструкторының жалғасы ретінде жасалған. Scratch бағдарламалау ортасының көмегімен әртүрлі анимациялар, ойындар, мультфильмдер және т.б. құруға болады. Scratch бағдарламалау ортасының жасалғанына көп уақыт болған жоқ. Бірақ өзіндік қолдану ыңғайлылығы мен түсінуге оңай болу себебінен қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламасының қатарына қосылды. Scratch бағдарламалау ортасының артықшылықтары: Бағдарлама ортасы балалар мен жасөспірімдерге арнайы жасалған (8-16 жас); бағдарлама интерфейсі қарапайым және жылдам жұмыс жасауға мүмкіндік береді; түсінуге ыңғайлы әсем дизайн; тек оқушыларды оқытуға ғана емес, бағдарламалау негіздерімен таныс емес ересектерге де қызмет етеді. Барлық Linux және Windows ОЖ-де оңай орнатылады. Курстың өзектілігі: «Scratch» тілінде программалауды үйрену логикалық және алгоритмдік ойлау ғана емес, сонымен қатар мультимедиямен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, түрлі бағдарламалық жобалар жасау барысында оқушылардың белсенділігін, ізденісін арттыруға мүмкіндік туғызады. Оқушылар компьютерлік бағдарламаларды түсінуге және жасауға үйренеді, түрлі мәселелерді шешу үшін компьютерді қолданады. Осылайша, «Дербес компьютер пайдаланушысы» тұжырымдамасынан «Бағдарламалау ортасының құрушысы» болуға жол ашады. Курстың негізгі мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыра отырып, бағдарламалаудың базалық білімін, дағдыларын игеру. Оқыту міндеттері: адам өмірінің түрлі салаларында проблемаларды шешуді бейнелеу үшін программалауды қолданудың практикалық маңыздылығын көрсету; Scratch бағдарламалау ортасында бағдарламалау негіздерін үйрету; бағдарламаларды әзірлеу және жобалауды бағдарламалау тілінің нормативтік талаптарына сәйкес оқыту; болашақ кәсіби қызметтің аспектілерінің бірі ретінде жалпы ақпараттық мәдениетті дамытуға ықпал ету; оқушылардың логикалық және аналитикалық ойлауын дамыту. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі І бөлім. Кіріспе Бағдарламалау, алгоритм және бағдарлама туралы жалпы түсінік. Scrаtch бағдарламалау ортасының интерфейсі. scratch.mit.edu - тіркелу. Жобамен жұмыс: «Rock Band» ойыны. Циклдер. Жобамен жұмыс: «Lost in Space» (ракетасыз) ойыны. Координаталар жүйесі (Мысалы: піл көрінісі). Жобамен жұмыс: «Lost in Space» (ракетамен) ойыны. ІІ бөлім. Айнымалылар (Variables) Айнымалылар. Ghostbucters жобасы. Мәліметтерді енгізу. Chat bot жобасы. Шартты командалар. Chat bot жобасы. Қаламұш категориясын түсіндіру. Paint Box жобасы. Гүлді бояу үшін хабарламаны жіберуді түсіндіру. Бір түсті көрсету. Paint Box жобасы. Бояу деңгейін жасау. рng жүктеу. Boat Race жобасы. Boat Race жобасы (акула, өту деңгейлерін жасау). IІІ бөлім. Пернелермен жұмыс (Work with keys) «Лабиринт» жобасы. Ping – pong жобасы. «Көпірден өте аласызба?» видео – тапсырмасы. ІV бөлім. Эффекттермен жұмыс және анимация (Work with effects and animation) Meteorites жобасы. Magic mirror жобасы. Болашақтың гаджеттері V бөлім. Клондау (Cloning) Клондау. Clone wars жобасы. Клавогонка сергіту жарысы. VІ бөлім. Тізімдер (Lists) Тізімдер. Шағын жоба жасау. Memory жобасы. Memory жобасы (жаңа блоктарды құру). Клавогонка сергіту жарысы. Dodgeball жобасы VІІ бөлім. Операторлар (Statements) Операторлар түсінігі. Calculator жобасы. Catch egg жобасы. Жоба қорғау. Нормативті бөлім Тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Ақпараттық- әдістемелік бөлім Ұсынылған курс соңында оқушылардан келесі нәтижелер күтіледі: біледі: Scrаtch бағдарламалау ортасының негізгі терминдерін; циклдар түрлерін; координаттар жүйесінде орналастыруды; айнымалылар, мәліметтерді енгізу, шартты командалар арқылы программалауды; анимация құрудың мүмкіндіктерін; жобаларды жасау жолдарын. жасай алады: Scrаtch бағдарламалау ортасында ойынның кодын жазуды; арнайы эффекттерді қолдануды; бағдарламаға аудио қосуды; қозғалу, түсті өзгерту анимациясын құруды; жеке және топта жұмыс жасай алады. Курста алған білімін күнделікті өмірде және практикада қолдану: өй ойын ауызша ашық және толық жеткізе білуді жетілдіреді; бағдарламалауға қатысты мамандықтар туралы түсінік қалыптасады. Білім мен дағдыны бақылау Ағымдағы бақылау күнделікті сабақта компьютерде құрылған программаны тексеру арқылы орындалады; Қорытынды бақылау бөлім соңында берілген тапсырма бойынша тексеріледі. Оқушылардың білімін қорытындылап бағалау барысы: Бағдарламаның бөлімі бойынша білім мен дағдыларды бағалау келесі әдістермен жүзеге асырылады: практикалық жұмыс; жобалау жұмыстары; жобаны қорғау. Оқушылардың жұмысын бағалау кезінде келесі параметрлер қарастырылады: жобаны жасау барысында пайдаланылған шығармашылық элементтердің саны; өзіндік идеясының ерекшелігі; қолданған әдістердің айырмашылығы; жобаның тәжірибелік маңызы. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Scratch ресми сайты: http://scratch.mit.edu/ Голиков Денис и Голиков Артём. Книга юных программистов на Scratch. Издательство Smashwords, 2013 Мажед Маржи. Learn to Program with Scratch. Издательство: «Манн, Иванов и Фербер», 2017 Rosie Dickins, Louie Stowell, Jonathan Melmoth. Coding for beginners using Scratch. 2017 Плейлист «Уроки по Scratch, переменные и списки» [Электронный ресурс]. – URL:: https://www.youtube.com/playlist?list=PLMInhDclNR1FpN4-eQlv_E69yzBTFTVhd |