Секция математика жмысты таырыбы Математика жне спорт. Оларды арасында байланыс бар ма
Скачать 418.46 Kb.
|
«М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ Аудандық ғылыми – практикалық конференция Секция: МАТЕМАТИКА Жұмыстың тақырыбы: «Математика және спорт. Олардың арасында байланыс бар ма?» Орындаған:Ниязбеков Мақсат Сынып:7сынып Жетекшісі: Тоқанова Самал Тоқанқызы, Математика мұғалімі Зайсан қаласы, 2017 жыл Мазмұны Кіріспе…………………………………………………………………….3 Бөлім 1. Математика және спорт, олардың арасында байланыс бар ма?.....................................................................................................................5 Математиканың футболда қолданылуы…………………6… Математиканың баскетболда қолданылуы……………………7 Спорт тақырыбына мысалдар келтіру ……….8-10 Бөлім 2. «Спортқа қарым – қатынасың қалай» сауалнама……..11-13 Қорытынды………………………………………………………....13-14 Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………15 Кіріспе Мен бала кезімнен спортпен шұғылданамын. Барлық бос уақытымды спорт алаңдарында өткіземін: жазда футбол ойнаймын. Қыста – шаңғы тебемін. Сабақтан тыс уақытта спорт үйірмелеріне барып баскетболдың, волейболдың, жүзудің әдіс – тәсілдерін үйренемін. Бірақ менің ең негізгі еңбегім - сабақ оқу. Мектептегі пәндердің ішінде маған математикамен шұғылданған қатты ұнайды. Маған ұстазым аудандық ғылыми конференцияға қатысуға ұсыныс білдіргенде мен «Математика мен спорт. Олардың арасында байланыс бар ма?» деген тақырыпты алдым. Себебі математиканың спортта қаншалықты маңызды екенін талдап, түсінгім келді. Қазіргі уақытта заманауи электронды құрылғылардың телефон, компьютердің «арқасында» көп жолдастарым спортпен шұғылданбақ түгілі көшеге шығудан қалды. Үнемі үйде интернетте бос уақыттарын өткізгенді қалайды. Сондықтан бұл тақырыпты өзекті деп білемін. Ал бұл құралдарды басқарып отыру үшін математиканы айналып өту мүмкін емес. Жоғарыдағы қарастырылған мәліметтері қарай отырып мен өзіме «математика мен спорттың өзара байланысын анықтау» деген мақсат қойдым. Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек. Міндеттер: Математика мен спорттың өзара байланысы туралы әдебиеттермен танысу. Спорттың әр түрінде математиканы қолданылуына мысалдар келтіру. Жинақтаған ақпараттарды көрнекі құралдардың көмегімен беру,түсіндіру Оқушылардың және олардың ата – аналарының сауалнамасына сараптама жүргізу. Бұл проблеманы шешу үшін мен келесі болжамды ұсынамын: Қандай да бір спорт түрінен жоғары көрсеткішке жету үшін математикалық білімді дұрыс қолдану керек. Жұмыс барысында келесі зерттеу әдістерін қолдандым: әдебиеттерді оқу сұрақтың шешімін табу үшін интернет - ресурстар қолдану. Жинақтау - талдау; Сауалнама жүргізу; Жинақталған материалды жалпылау, қорыту; Зерттеу жұмысын қорғау. Зерттеу объектісі: математика. Зерттеу пәні : математика жән спорт. Зерттеу жұмысы өткен оқу жылының сәуір – мамыр айларында басталды. Бірінші кезеңде баспасөз беттерінен және интернет - ресурстарынан материалдар жинақтап, пән мұғалімдерімен, үйірме тренерлерімен әңгіме өткіздім. Содан кейін өзімді қызықтырып қатысып жүрген спорт түрлерін таңдадым. Жұмысымның соңында оқушылар мен ата – аналармен сауалнама жүргізіп, алған мәліметтерге сараптама жасадым. Бөлім 1. Математика және спорт, олардың арасында байланыс барма? Спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығын, ақыл – ойы қызметін, психикасын жақсартады, ерік - жігерін шыңдайды. Спорт пен өнерді, ғылымды бір-бірінен бөле-жара қарайтындар бар. Әсіресе, мұндай екі саланың бір адамның бойында тамаша үйлесім таба алатындығына күмән келтіретіндер көп. Бірақ әлем әдебиетінің тарихына, ғылым саласына көз жүгірте келе классик жазушылардың арасында саламатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, спортпен кәсіби түрде шұғылданатындардың аз еместігіне куә болдым. Дәлел ретінде Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов те спорттан құралақан емес. Мұхаңның спорт болғанда да сол кезеңде қазақ жастарына таңсық спорт түрі – футболға әуестігі артыпты. Абай тоғызқұмалақ ойынын жақсы көрген және шебер ойыншылардың бірі болған. Ал Нильс Бор өте жақсы шаңғышы болған. Альберт Эйнштейн яхта жүргізумен әуестенген екен. Математикалық есептеулер, әдіс - тәсілдер спорт әлемінде кеңінен қолданылған. Біз барлық жерде спорттың барлық түрінде натурал сандарды қолданатынын көріп жүрміз. Барлық жарыстар уақытқа есептеледі. Ұпайсыз ойында болуы мүмкін емес. Енді бірнеше мысалдарды қарастырайық: Жылдамдыққа арналған жарыстар түрінде (жүгіру, жүзу, автожарыстар) нәтижелер сағатпен, минутпен, секунтпен есептеледы. Ал бұған әрине цифрлар қолданылады. Нәтижелердің айырмасын табу үшін арифметикалық амалдар қолданылады. Спорттық ойындарда (футбол, баскетбол, теннис,т.б.) ойын нәтижелері ұпайлармен есептеледі. Ұпайларда цифрдан тұрады. Ұпайлар арасындағы айырмашылықты білу үшін де математикалық есептеулер жүргізіледі. Ал спорттың гимнастика, мәнерлеп сырғанау, суға секіру түрлерінде нәтижелер балл түрінде есептелінеді. Кім көп балл жинағанын, әрине математика есептейді. Мен футболда, баскетболда математика қалай қолданылатынын қарастырып көрдім. Математика футболда қалай қолданылады. Ф утбол — спорттық ойын түрі, ол әлемге аса танымал ойындардың бірі.Ойын ұзындығы 100 — 110 м, ені 64 — 75 м алаңда өткізіледі. Биікт. 2 м 44 см, аралығы 7 м 32 см қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Ойынға әрқайсысында 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын 15 мин үзілісі бар, 45 мин-тан екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Футбол добының салмағы 396 — 453 г, шеңбері 68 — 71 см. Математика мен геометрия баскетболда қалай қолданылады О йын алаңының геометриясы: Егер ойыншы ойын алаңының барлық өлшемін жақсы білсе жақсы нәтиже көрсете алады. Сақиналы торқалта диаметрі 46 см, екі тор қалтаның арақашықтығы 28/25 метр, доптың диаметрі 24 см, алаңның ені 15 м және «3 ұпайлы сызықтан» торқалтаға дейінгі қашықтық 5,8 метр. Допты лақтырудың мәні: Д опты себетке лақтырғанда 3 фактор ды сақтау керек. Қолдың орналасу, бұрышы, серпіділігі. Қолды қабырғаға тік бұрыш жасайтындай етіп жоғары көтеру керек. Егер айып алаңының ішіне допты әдеттегідей лақтырсаңыз, онды бұрышты сүйір етіп аласыз. Егер алдыңызда қорғаушы қарама – қарсы шықса онда допты биік , әрі бұрышқа 45 градус шамасында тұрып лақтырса, доп себетке жұмсақ әрі жақсы түседі. Доп түзу сызық бойымен кету үшін алақанды бетке жақындатып, мейілінше қолды созса, лақтырғанда күш көбейеді. Допты еденге соғу. Доп сфера тәріздес. Егер доп нашар үрленсе немесе толық қатты үрленіп кетсе, оны еденге соққанда жақсы секірмейді. Ойында қорғану әдістерінің ең негізгісі – ұшып келе жатқан допқа таласа білу және допты алып келе жатып қорғана білу. Ұшып келе жатқан допқа таласу бір орында тұрып ойыншы қандай биіктікке секіре алатынына да байланысты. Қорғанудың екінші әдісі – торға лақтырылған допқа таласа білу. Ойын ережесін тез меңгеру үшін қосымша жаттығулар жасау керек. Ә рбір допты лақтырғанда қисық сызық парабола пайда болады. Допты лақтыру кезінде парабола неғұрлым жоғары болса, доп торға жақсы және таза түседі. Д опты талдап лақтырғандағы геометрия. Допты лақтырғанда доп бір жақ жанына қарай тисе онда аумақтың басқа жағына қарай жерге түседі. Айып добын соққан кезде доптың қай жағына қарай ығысып соғылғанын байқап тұру керек. Соған қарай әрекет жасалады. Футбол мен баскетболда және спорттың басқа түрлерінде Математиканың қалай қолданылатынын зерттеу барысында спорт тақырыбындағы есептерді құрастырып шешіп көрдім. Мысалы: 1 – есеп. Саппорода өткен Азиада-2017 ойынында қазақстандық трамплиннен секіруші Сергей Ткаченконың тынық ауадағы жылдамдығы 90 км/сағ, ұшу уақыты 40 с, желдің жылдамдығы 3,5 м/с болса, спортшының секіру ұзындығы қанша болады? Шешуі: 1 км = 1000 м. 1 сағ = 60 минут = 3600 сек. 90 км/сағ = 90000/3600 = 25 м/сек. 90 км/сағ = 25 м/сек. S=(25 -3.5)*40= Жауабы: 1140м №2 есеп: Футбол добы алтыбұрышты ақ түсті және бесбұрышты қара түсті 32 тілімнен тігіледі. Әрбір қара түсті тілім тек ақ түсті тілімдермен, ал ақ түсті тілім – үш қара түсті және үш ақ түсті тілімдермен шектеседі. Допта қанша ақ түсті тілім бар? Шешімі: Ізделініп тұрған ақ түсті тілім санын – х деп белгілейміз. Қара түсті тіліммен нешеуі шектеліп тұрғанын санаймыз. Әрбір ақ түсті тілімдер 3 қара тіліммен шектелетіндіктен, ол – 3х – ке тең. Ал әрбір қара түсті тілім 5 ақ тіліммен шектеледі. Оның саны 5(32 – х). Теңдеу құрамыз: 3х = 5(32 - х), 8х = 160 , х= 20 Жауабы: 20 ақ түсті тілім. 3- есеп: Зайсан қаласындағы орталық стадионның футбол алаңының ұзындығы 180 м, ені 90 м. Егер футболшының қадамының ұзындығы 60 см, 1 секундта 2 қадам жасаса, алаңды айналып шығу үшін футболшыға қанша уақыт керек болады? Шешімі: Футболшы алаңның айналасымен жүгіретін болса, онда яғни оның жүрген жолы футбол алаңының (тіктөртбұрыш) периметріне тең: Р=2·(180+90)=540 м. Футболшы 1 с-та 2 қадам жасайтындықтан , 0,6·2=1,2 м жүгіреді. Яғни 540:1,2=450 с. 450:6=7.5 минут. Жауабы: 7.5 минут 4- есеп:Екі бала баскетбол торына доп салды. Біріншісі 20 доп лақтырса, оның 13 торға түсті. Ал екіншісі 26 доп лақтырып еді, оның 15 –і торға түсті.Екі баланың әрқайсысының лақтырған доптарының қанша бөлігі торға түскенін анықта және қайсысының нәтижесі жоғары.1 бала үшін: 20-100% 13- х ? онда 13*100/20=65% түскені 2 бала үшін: 26-100% 15-? 15*100/26=58%, яғни 1 бала жақсы түсіреді. 5- есеп: Жаттығу кезінде баскетболист Марат 3- ұпайлы лақтыруды «Nike» фирмасының добымен лақтырғанда 0,9 ықтималдықпен дәл түсті. Егер Марат 3‐ұпайлы лақтыруды «Adidas» фирмасының добымен лақтырса, ол 0,7 ықтималдықпен дәл түседі. Себетте 10 доп бар. Оның 6-уы «Nike»фирмасінікі және 4-уі «Adidas» фирмасынікі.. Марат себеттен таңдамай допты алып, 3 ұпайлы лақтыру жасайды. Мараттың добының дәл түсетін ықтималдығын тап. Шешімі:Ықтималдық тең : P=6/10∗0.9+4/10∗0.7=0.82. Ответ 0.82. «Спортқа қарым – қатынасың қалай?» оқушылардан алынған сауалнама Осы тақырыппен жұмыс істеу барысында мен мектебіміздің оқушылары арасында математика мен спортқа қарым – қатынастары туралы сауалнама жүргіздім. Оқушылардың сауалнама нәтижесі Сауалнамаға 5-8 сынып оқушыларынан 14 оқушы қатысты. школы. Б ірінші сұраққа «Спортпен шұғылданасын ба?» иә – 11, жоқ – 2, кейде -1 оқушы жауап берді. Екінші сұрақ «Спортпен Ата – анаңмен немесе өзің ғана шұғылданасын ба?» өзі ғана - 10: один – 10 чел., кейде ата – анасымен – 1 чел. Анкетадан ата- аналарының балаларымен бірге спортпен шұғылданбайтыны көрініп тұрды. Үшінші сұрақ «Спорттық қандай түрлері саған ұнайды ?» жауаптары: футбол – 7, гимнастика – 3 , жүгіру – 2., шаңғымен – 2.,теннис – 2., волейбол – 2 . 4 - сұрақ «Спартпен не үшін шұғылданады??» Денсаулығым мықты болсын – 12, Күші болу үшін– 2 Б есінші сұрақ «Математика сабағы ұнайма?» жауаптары: иә – 8, жоқ– 3 чел., үнемі емес – 3 А лтыншы сұрақ: «Математика мен спорттың арасында байланыс бар ма?» Жауаптары: иә – 9 , жоқ – 4, білмеймін – 1 С ауалнама алу барысында байқағаным спортпен шұғылданатын балалар сабақта сергек, сабаққа ынталары жоғары, зиянды әдеттерден аулақ болып отыр. Алынған нәтижелерге қарағанда математика мен спорт бір – бірімен тығыз байланыста екені көрініп тұрды. жетінші сұраққа «Спортпен айналысып жақсы нәтижеге жеткің келеме?» Жауаптары: иә – 11 ., жоқ – 2, білмеймін – 1 Қорытынды «Математика – ғылымдар патшасы!» Зерттеу жұмысымды жүргізу барысында мен спорттың математикасыз болмайтынына көз жеткіздім. Математика спортта тек ұпайларды санау үшін ғана қолданылмайды екен. Қазіргі заманға спортта математикалық сараптаушы – апараттар шығуда. Графиктерді өңдейді. Математикалық мәліметтер базасын өңдейді. Олай болса, спорт үшін математика ең керекті пән болып табылады. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында мен төмендегідей қорытындыға келдім: - Спорттың кез келген түрі математиканы айналып өте алмайды. -Математиканы спортта тиімді қолдану жоғары нәтижелерге жетуге жол ашады. - Біздің болжамымыз нақтыланды: Спорттың кез келген түрінде математикалық білімді дұрыс қолданса, жоғары нәтижелерге жетуге болады. Әдебиеттер тізімі Математика и спорт, Садовский Л.Е., Садовский А.Л., М. «Наука», 1985. http://www.kakprosto.ru/kak-243697-chto-takoe-voleybol#ixzz43cxfVLAd SportSchools.ru http://mirsovetov.ru/a/sorts/sports-ware/choose-skis.html ru.wikipedia.org http/index.php/biblioteka/matematika/1921-matematika_i_sport 12. https://yandex.ru/images/search?img_url=http%3A%2F%2F https://yandex.ru/images/search?text=игра%20в%20волейбол https://yandex.ru/images/search?text=лыжные%20гонки http://www.sportzone.ru/ http://www.math.ru/lib/bmkvant/44 http://nashol.com/2012041764632/matematika-i-sport-sadovskii-l-e-sadovskii-a-l-1985.html |