10 тема. Семей аласыны Дйсенбі Калматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк пн Акушерия мен гинекологиядаы мейіргер ісі
Скачать 0.58 Mb.
|
«Семей қаласының Дүйсенбі Калматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
№ 6 Теориялық сабақ Тақырып Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы. Омыраумен тамақтандыру. Жоспары:
Физиологиялық босанудан кейінгі кезең
Жатыр инволюциясы
Сүт безі өзгерістеріАлғашқы 2-3 кунде уыз секреттеледі,3-4 куннен 15-18 кунге дейін «переходное молоко» және осыдан кейін ғана жетілген сүт пайда болады салыстырмалы құрамымен.Сүт безі химиялық құрамы
Босанудан кейінгі кезеңді жүргізу
Босанудан кейінгі кеш кезең
Төспен емізу анатомиясы Омыраумен немесе табиғи жолмен емізу — жаңа туылған адамның тамақтану формасы, жаңа туылған және еметін баланың физиологиялық адекватты тамақтануының жалғыз формасы. Омыраумен ғана емізу: Омыраумен ғана емізу - басқа да қосымша тамақтарды немесе сусындарды, соның ішінде суды да қолданбайтын емізу түрі (дәрілік немесе дәрумендік және минералды заттардан басқа; сауылған сүт беру кіреді). Басым омыраумен емізу: Басым омыраумен емізу - омыраумен емізуден басқа балаға шамалы су немесе шай бергенде. Бөтелкемен емізу: Бөтелкемен емізу - баланы сауылған сүтпен немес басқа сусынмен бөтелке арқылы емізу түрі. Жасанды тамақтандыру: Жасанды тамақтандыру – баланы жасанды қоспалармен, омыраумен емізбей тамақтандыру. Жартылай омыраумен емізу: Жартылай омыраумен емізу- баланы омыраумен де, жасанды қоспамен де, не сүтпен, не ботқамен немесе тамақпен тамақтандыру. Уыз – бала туылғаннан кейін алғашқы күндері өндірілетін, қою сарғыш немесе мөлдір сүт, жетілген сүт өндірілгенге дейін баланың ағзасына қажетті барлық элементтермен қамтамасыз етеді. •Уызда ақуыздар көбірек, гкморалды иммунитет факторларына бай •Уыз үшек жұмысын жақсартады •Уызда сонымен қатар өсу факторы бар, баланың дамымаған ішектерін дамытады •дәруменді құрамы жетілген сүтке қарағанда ерекшеленеді, бұнда А дәрумені көп. Жетілген сүт – босанғаннан кейін бірнеше күннен кейін ғана өндерелетін сүт. Бұл кезде сүт көп мөлшерде өндіріліп, сүт безі қатты, ауыр болады. “Алдыңғы” сүт – емізудің басында сүттің түсі көкшіл болады, онда көптеген ақуыздар және лактоза болады. “Артқы” сүт – емізудің соңында қанық ақ түс болады. Осында май көп болады, энергетикалық құнарлығы жоғары. Омыраумен емізу кезеңдері • Дайындық – омыраумен емізуге болашақ ананың психологиялық дайындалуы • Екі жақты белсендіру кезеңі – босанғаннан кейін омырауға салғаннан бастап сүттің жеткілікті өндірілуі 3-5 күнге дейінгі кезең • Адаптационды кезең – тұрақсыз режимнан тұрақты ему кезеңіне дейінгі • Негізгі кезең – тұрақты немесе үдемелі интервалды тамақтандыру. Баланың тұрақты салмақ қосуы. Омыраумен емізудің 10 қағидасы 1. Омыраумен емізу тәжірибесі жайлы жазылулы түрде нақтыланған саясат болу қажет және мезгіл сайын медициналық қызметкерлерді ол хаттамамен таныстырып отыру керек 2. Бұл саясаттың орындалуы үшін барлық медициналық қызметкерлерді оқыту қажет. 3. Барлық жүкті әйелдерді омыраумен емізу артықшылықтарымен және әдістерімен ақпараттандыру. 4. Босанғаннан кейінгі алғашқы 30 минутта омыраумен емізуге көмектесу. 5. Қалай омыраумен емізу керектігін аналарға үйрету, және баласы екеуі екі жақта болса да лактацияны сақтап қалуды үйрету. 6. Жаңа туған нәрестеге омыраумен емізуден басқа тамақ немесе сусындар бермеу керек, тек медициналық көрсеткіштер болса рұқсат етіледі. 7. Ана мен баланың палатада 24 сағат бойы бірге болуына жағдай жасау. 8. Баланың қалауы бойынша емізу. 9. Жаңа туған нәрестелерге, еметін балаларға анасының сүт безін алмастыратын немесе жұбататын жасанды заттар беруге болмайды (соски, пустышки). 10. Омыраумен емізуді қолдайтын топтардың құрылуына ат салысу және әйелдерді перзентханадан шыққаннан кейін сол топтарға жолдау. Әдебиттер:1.Э.К Айламазян, В.И. Кулаков, Г.М. Савельева, В.Е. Радзинский. Акушерство// Национальное руководство. – М.: Издательская группа, ГЭОТАР-Медиа. – 2011. – 876 c.2 .Акушерство и гинекология. Дифференциальная диагностика.// Под ред. Тони Холлингуорта. Перевод с английского под редакцией проф. Н.М. Подзолковой. – М.: Издательская группа, ГЭОТАР-Медиа. – 2010. – 125 c. |