семинар. семинар практикум 2023жыл.. Семинарпрактикум Таырыбы Мектеп жасына дейінгі балаларды танымды рдістерін ойын арылы дамыту Ойнай білмеген, ойлай да білмейді
Скачать 78 Kb.
|
Семинар-практикум Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту» «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» Халық даналығы. І. Шаттық шеңбері. Энергоджайзер «Шеңбер». Барлық қатысушы шеңберге тұрып, көзін жұмып, әртүрлі қимыл жасайды. Алақанды екі рет соққанда көздерін ашпай, ешкіммен сөйлеспей, шеңбер жасаулары керек. Алақанды 3 рет соққанда көздерін ашады. Бірігіп жұым істей алатын адамдар және бір-біріне сене алатын адамдар тез шеңбер құрады. II. Негізгі бөлім. 1. Кіріспе сөз «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі». Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады. Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді. Танымдық белсенділік баланың психологиялық-денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады. Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды. Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет. Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады. 2. «Логикалық ойындарды пайдалану» тақырыбында хабарлама. Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың қызығушылығын арттыруда, танымдық қабілеттерін дамытуда Мақсаты: балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту; қиялдарын ұштау; тапқырлыққа жетелеу; қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру. Міндеттер: балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету; логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай: «Заңдылықтар» «Нені отырғызу керек?» «Нені орналастырсам екен?» «Сыңарын табыңдар?» «Әзіл жұмбақтар» «Логикалық есептер» «Пішінді орналастыр» атты логикалық ойын түрлерін айтуға болады. Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді. Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл–ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады. Баланың ақыл–ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: «Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» - деген. Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика –бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді. Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді. Қорыта келе, аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады. 3.«Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту». ХХІ ғасырдағы білімнің адам өміріндегі маңызы қандай, қандай жаңалықтар енгізуге болады деген сұрақ әр тәрбиеші мен педагогтың көкейкесті мәселесі болуы керек. Осыған орай біз де өз үлесімізді қай дәрежеде қостық, қандай жаңалығымыз болды деген сұрақты қоюымыз мүмкін. Қазіргі ғылым, техникалық прогрестің дамуы өз алдына, біз мектеп жасына дейінгі балаларға білім нәрін себуде қандай технологияларды қолданудамыз деген ойлар үнемі бізді мазаламай қоймайды. Жаңа технологияларды қолдану әр тәрбиеші мен педагогтың өз еркінде. Сонымен бірге бала жанының бағбаны болу – әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Бала отбасында басқа жағынан көрінсе, балабақша қабырғасында мүлде басқа қырынан көрінуі мүмкін. Әрбір жанұяның ғана емес, тәрбиеші мен достарының ара-қатынасынан да бала өмірлік іс тәжірибе жинақтауы мүмкін. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың таным қабілеттерін дамыту ерекше орын алары сөзсіз. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Олай болса, болашақта мемлекеттік тілді жетік білетін, елдік пен еркіндіктің туын берік ұстайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеуде мен қаншалықты өз үлесімді қостым? Мен өз іс-тәжірибемде балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда танымның алар орны туралы айтпақпын. Танымы кең, саналы азамат, өз елінің ұранды ұрпағы болу жас жеткіншектердің үлесінде. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде елімізде ерекше орын алар оқиғалар көп болды. Ел ағасы М.О.Әуезов «Ел болам десең –бесігіңді түзе » деді емес пе? Ендеше білімнің киелі бесігін балабақша есігін ашқан бүлдіршіндерге сепсек, кейінгі елдігімізге олар да өз үлесін қосары даусыз ақиқат емес пе? Осындай қиын да сындарлы еңбек жолындағы өз ізденісімді ұсынып отырмын. «Таным» білім беру саласының мазмұны мен мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта жайлы қарапайым түсініктері мен танымдық іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын меңгерту және игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастырудың балабақшада қолданатын түрі және іс-әрекеттерді жүзеге асыру жолдары: 1. Танымдық іс-әрекеттер барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері мен тәрбиелеуде. 2. Серуендер кезінде балалардың қоршаған орта мен тығыз байланысы. 3. Бақылау, қоршаған орта мен күнделікті іс-әрекеттерді бақылау. 4.Бірлескен – дербес және ересектермен бірлескен іздестіру іс-әрекеттері арқылы. 4. Балалардың танымдық қабілетін дамытуға арналған тренинг-жаттығулар. «Суреттің жұбын тап» ойыны. Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту. Қажетті құралдар: магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль – горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа, күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер. Ойын өтілу барысы: Тәрбиеші магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды. Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады. Тәрбиеші негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орнын ауыстырып, жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды. «Түлкінің балалары мен бүркіт» ойыны. Мақсаты: зейінін, ерік жігерін дамыту. Ойын барысы: Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып, бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып, қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып, қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады. Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы. «Көкөністер» ойыны. Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу. Қажетті құралдар: көкөністердің суреті бала санына қарай болу керек. Ойынның өтілу барысы: Тәрбиеші әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң шеңбер ішіне кіріп, қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса, сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді. Ескерту: Алғашқы ойын кезінде тәрбиеші жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды. «Суретті есіңе сақта» ойыны. Мақсаты: көру есін және зейінін дамыту. Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай. Ойынның өтілуі барысы: Тәрбиеші әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 секунд соң карточканы аударып, «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді. Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады. «Ұқсас сөздер» ойыны. Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту. Барысы: Тәрбиеші ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: тәрбиеші «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім». Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы. Аласа - кішкентай, биік емес және т.б. «Сиқырлы дыбыстар» ойыны. Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту. Барысы: Тәрбиеші балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады: - «Ш,Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар. - «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат). - «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар. «Көбелектер әлемі» жаттығуы. Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту. Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай) Жаттығудың өтілу барысы: Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. Тәрбиеші арнайы релаксацияның әуенін қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенін көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқанын сезіңіздер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыздар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлерінен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар! Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады. IV. Қорытынды рефлексия «Тату алақан» жаттығуы. Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады. |