Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ

  • Қазақ

  • Көрші

  • Қазақ хандығының құрылуы. Семинар саба. Таырыбы


    Скачать 3.3 Mb.
    НазваниеСеминар саба. Таырыбы
    Дата22.11.2022
    Размер3.3 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚазақ хандығының құрылуы.docx
    ТипСеминар
    #805158



    Семинар сабақ. Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы Оқытушы: Тынбасов Б.М

    Мақсаты:


    Білімділік: Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей хандар туралы мәліметтер бере отырып, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің алғашқы аумағы, этникалық құрылымы туралы мәлімет беру;

    Дамытушылық: Жас буынның ата тарихын терең оқып білуге деген қажеттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық ізденісін ұщтау арқылы ой қорыту машықтарын дамыту;

    Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.

    Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту

    Сабақ түрі: Аралас сабақ

    Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, тірек - сызбалар, кестемен жұмыс.

    Сабақ көрнекілігі: оқулық, карта, сызба, суреттер, электронды оқулық, видео материал

    Сабақтың барысы:


    І. Ұйымдастыру.

    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


    Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары


    І тапсырма. Кестемен түсіндір: Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттары.

    ІІ тапсырма. Сыйқырлы таяқша. Кім тапқыр?


    1. XVғ басында қазақ жерінің батысында өмір сүрген мемлекет? (Ноғай рдасы)

    2. Жетісу аймағында өмір сүрген мемлекетті ата? (Моғол хандығы)

    3. Әбілхайыр хан Ақ Орданың билігін қолына алу үшін күрес жүргізген уақыт: (20жыл)

    4. Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы топтасқан аймақтар саны және оларды ата? 3 аймақ, олар: Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағы

    5. XVғ. өмір сүрген ру-тайпалардың ішіндегі ең күшті саны жағынан көбіде қазақтар деп атаған кім? Ф.Ибн Рузбихан

    6. Қазақстанның қай аймақтарында қалалық отырықшы шаруашылық өркендеді? Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы

    7. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек

    8. Мал өсірумен, егіншілікпен айналысқан қай аймақ? Сауран, Орырар, Түркістан, сығанақ, Сайрам, Тараз төңірегіндегі қыстақ-кент тұрғындары

    9. Халықаралық сауда-саттықтың дамығандығын қалай дәлелдейміз?

    Қазба жұмыстары кезінде шетелдік теңгелер ыдыс-аяқтар, қола, күміс бұйымдар табылды.

    Жаңа сабақ. Қазақ хандығының құрылуы



    «Қазақ хандығы» видео ролик көрсетіледі.

    Жоспары:


    1. Хандықтың негізін салушы Керей мен Жәнібек. 2.Хандықтың аумағы.

    1. Халқының этникалық құрамы.

    2. Көрші елдермен қарым-қатынасы.
    «Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес. Соңында қалдырған өнегелі үгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен өлшенеді.» Мұрат Иман Жапар
    Қазақ хандығының негізін салушылар:




    Сұлтандардың Жетісуға бағытталу мақсаты: Орталық және Оңтүстік Қазақстан қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіріп, Қазақ хандығын құру еді. Керей мен Жәнібек сұлтандарға Моғолстан ханы Есен – бұға Шу бойынан Қозыбасы жерінен құтты мекен берді.

    1465-1466жж. Қазақ хандығы құрылды.



    Жер аумағы.


    Хандықтың құрылған жері –Батыс Жетісу, Шу бойы, Қозыбасы. Үшқоңыр жайлауы Керейдің қыстауы.

    Хантау жайлауы – Жәнібектің қыстауы.

    Этникалық құрамы:







    Көрші елдермен қарым-қатынасы.

    • Моғолстан ханымен алғаш байланыс орнатылды.

    • Керей мен Жәнібек қырғыз халқымен тату қатынас орнатты.

    • Есен - бұға қазақтарды батыс шекарасы қауіп сіздігін қамтамасыз ету үшін құшақ жая қарсы алды.

    Жаңа сабақты бекіту.


    І тапсырма. Кластерді толтыр



    ІІ тапсырма. Сәйкесін тап:







    мазмұны

    дұрыс



    мазмұны

    1

    Қазақ хандығы негізін салушылар

    4

    1

    1465-1466

    2

    Моғолстан ханы

    6

    2

    Үшқоңыр

    3

    Қазақ хандығы құрылды

    1

    3

    наймандар

    4

    Керей ханның қыстауы

    2

    4

    Керей, Жәнібек

    5

    Ұлытаудан Есілге дейін тұрды

    3

    5

    Әбілқайыр хандығынан

    6

    Керей мен Жәнібек бөлініп кетті

    5

    6

    Есен-бұға




    Қорытынды.

    Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп

    жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу, өткенге көз салу, оны келер ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз.

    Бағалау.


    Үйге тапсырма. . Қазақ хандығының құрылуы

    • Кескін картаға Қазақ хандығын түсіру

    • Қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек туралы реферат жазу.


    написать администратору сайта