тарих. тарих4. Семинар сабаыны тапсырмалары. азастанда кеес кіметіні орнатылуы туралы сипаттама берііз
Скачать 22.45 Kb.
|
№4 Семинар сабағының тапсырмалары. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнатылуы туралы сипаттама беріңіз Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады. Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті. 1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты. 1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады. Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты. Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды. Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті. Азамат соғысының алғышарттары. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды, Қазан төңкерісінен кейін Ресейдегі саяси жағдай шиеленісе түсті. Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастады. 2. Уақытша үкіметті құлату, Учредительдік Құрылтайды қуып тарату, большевиктердің экономикалық жəне саяси- əлеуметтік шаралары, Кеңес өкіметіне қарсы дворяндардың, буржуазияның, интеллигенцияның шіркеудің, офицерлердің ашық наразылығын туғызды. Азаматтық соғыс жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды 3. Шетелдік интервенцияның басталу себептері. 1. Антанта және АҚШ I дүниежүзілік соғысты соза түсіп, ресейді әлсіретуді ойластырды. 2. Батыс мемлекеттерінде экономикалық дағдарыс, халықтың наразылығын қалыптастырды 4. Азамат соғысының салдарлары. 1. 8 млн адам қаза тапты; 2. Мал саны күрт азайды; 5.Әскери коммунизм саясаты деген не? Оның негізгі белгілері? 1Азық-түлік салғырты. Жеке саудаға тыйым салу. Азық-түлікті теңгерме ұстанымы бойынша бөлу. Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіпті мемлекет меншігіне көшіру. Еңбек міндеткерлігі. Басқаруды орталықтандыру. Жергілікті бюджетті жойып, бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосу. Бұл саясаттың басты шарасы азық-түлік салғырты болды. Оның мәні: ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Салғырт 1919 ж. қаңтарда енгізілді. Өлкенің адам және материал байлықтарын игеру күштеу әдістерімен жүргізілді. Ұсақ өндірішулер майдангерлік артельдерге біріктірілді. Жұмыс күнін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді. 6. Қазақ АКСР-нің құрылуы? 1919 ж. 19.09 Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды. 1920 ж. 7.07 Орынбор республика құрамына енгізілді. 1920 ж. 20.08 «Қырғыз-қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет шықты. Астанасы: тұңғыш астана Орынбор қаласы (1920-24 ж.) боды. 1924-29 ж. Ақмешіт (Қызылорда). 1929-97 ж. Алматы. Аумағы: Семей, Ақмола, Торғай, Орал обл., Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. 1920 ж. 4.10 Орынборда Қырғыз-қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өткізілді. Қырғыз-қазақ АКСР республикасы жарияланды. Жоғарғы өкімет органдары сайланды: ОАК, төрағасы – С. Мендешев. ХКК, төрағасы – В.А. Радус-Зенкович. «Қырғыз-қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Қырғыз-қазақ АКСР-інің құрылуының тарихи маңызы: Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам. 7.Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан. ЖЭС-тің Белгілері 1.Азық-түлік салығы. Сауда еркіндігі жеке саудаға рұқсат берді. Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру және алу... 2. Ауыл шаруашылығы несиесі, тұтыну кооперациясын дамыту. Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. ЖЭС-тің мәні – салғыртты салықпен ауыстыру 8.Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді,ауыл шаруашылығы дамымай қалды,бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді,өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 2. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды,Саяси өмірде демократия бұрмаланды,еркіндік мүлде болмады 3. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 9. 1921-1922 жж ашаршылықпен күрес. Аштықтың салдары? 1. Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды. 2.700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. 10. Кеңес үкіметінің ашыққандарға көрсеткен көмектері: 1.Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. 2.1922 жылы 4 тамызда Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР – ге әкетті. 3. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды. 11. Жер-су реформасы. Реформаның маңызы? 1 Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды. 2. Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. 3.Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті. 4. Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады. 12. «Қосшы» одағының жетекшілері: 1. А. Асылбеков, Ә. Жангелдин, Г. Коростылев, С. Меңдешев 2.С. Сейфуллин, Ж. Бөрібаев, А. Розыбакиев Міндеттері: 1.Еңбек артельдерін құру,кедейлерге жер бөліп беру 2.Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 13. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі. Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар : 1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру. 2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру. Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті. Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды. Нәтижесінде; 1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды. 2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды. 14. ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар? Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері. Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі. Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі. Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар. Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.). |