буддизм. 14-АПТА. Семинарды жоспары Тілді ксіби бадарлы олдану. Салалы жне ксіби терминдер. аза тіліндегі термин сздер
Скачать 42.69 Kb.
|
Тақырып 14. Кәсіби тілдің терминжүйесі. Салалық және кәсіби-бағдарлы терминдер. Мақсаты: Кәсіби тілдің терминжүйесін түсіндіру Семинардың жоспары: 1.Тілді кәсіби бағдарлы қолдану. Салалық және кәсіби терминдер. 2.Қазақ тіліндегі термин сөздер. 3.Салалық және кәсіби-бағдарлы терминдер. Терминдік норма қолданысын сипаттауда қолданылатын сөздер (тұлға, азамат, заң, шетелдік, нарық, келіссөз,жол қатынасы). Тұрақты тілдік оралымдардың берілуі 4.Мәтінмен жұмыс (оқу,аудару,сөздік құрастыру, лексикалық минимумды пайдаланып сөйлем құрау). Мәтінмен жұмыс: а) мәтінді оқу; ә) аудару; б) сөздік құрастыру; в) лексикалық минимумды пайдаланып сөйлем құрау. г) Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз. Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданылатындығы, сөйлемнің анық, түсінікті болуы ғылыми жазбалардың стильдік белгілері болса, мұнда да жалпы тілдің ортақ нормаларымен қатар ғылыми стильдің стилистикалық нормалары тұрақтанады. Стилистикалық норма ғылыми стильдің стилистикалық категорияларынан түзіледі. Ғылыми стильде нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды, морфологиялық тұлғалардың да жалпы тілдік грамматикалық варианттары жұмсалады. Сөйлем құрылысы да тілдік норманың қатаң тәртібін сақтайды. Сөздердің дәл мағыналарын жұмсау басымдық танытады, баяндау барысында синтаксистік нормалардың жалпы әдеби нормадағы варианттарына жол беріледі. Бұл стильде ғылыми терминдердің, оның ішінде мамандық терминдерінің қоланылуы ғылыми мәтіннің стильдік белгісі әрі стилистикалық нормасы болып табылады. Терминология – кәсіби қарым-қатынас аясында қызмет ететін ғылым мен техниканың түрлі саласындағы терминдер жиынтығы. Ғылыми стильдің негізгі сөздік қоры – терминдер. Ғылыми мәнмәтінде қызмет ете отырып, терминдер басқа сөздермен күрделі мағыналық синтаксистік қатынасқа түседі. Өзге аудиторияда мамандыққа бағыттап оқыту барысында қазақша сөйлей білуге қажет керекті лексиканы талапқа сай дұрыс таңдап алу қажет. Бүгінгі күні студенттерді ауызекі сөйлеуді меңгертумен қатар кәсіби тілді де үйрету жүзеге асырылуда. Қазақ тілін меңгерту барысында тек мамандық бойынша ғылыми әдебиеттерді, ғылыми-көпшілік қоғамдық сипаттағы газет, журнал беттеріндегі мақалаларды оқи алу дағдысын қалыптастырып, жетілдіру емес, сонымен қатар тұрмыстық, саяси-қоғамдық және кәсіптік тақырыптар бойынша сұхбаттарға қатыса алу дағдысын қалыптастыру да бүгінгі алға қойған міндеттеріміздің бірі. Студент өз ойын дұрыс жеткізе білуі керек. Қазіргі таңда қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда студенттерді болашақ мамандықтарына бағыттап оқыту жан-жақты іске асырыла бастады. Осыған байланысты Ф.Оразбаева, З.Күзекова, Г.Қарақұсова, К.Сариева, Г.Алдамбергенова Ш.Құрманбаева, Р.Шаханова, А.Сыбанбаева, А.Жұмағұлова, К.Аухадиева, Ә.Уәбиева, М.Жорақбаева, А.Мұратбекованың еңбектері жарық көрді. Бұл ғылыми-әдістемелік еңбектерді қарастырылған мәселе – оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім әрекеттері арқылы тіл үйренушілерге қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту; сауатты жаза білу; кәсіби тілдесімді еркін түрде жүзеге асыру. Аталған жұмыстарға тілші ғалым Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты еңбегіндегі теориялық тұжырымдар мен басты қағидалар арқау болған. Ғалымның кәсіби тілдесім жөнінде мынадай пікірін келтіру орынды: «Кәсіби тілдесім – тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады: ресми, бейресми, қалыптасқан тілдесім және т.б.». Қазіргі білім беру кеңістігінде қандай да бір мамандықтың лексикалық жүйесіндегі термин сөздерді меңгеру оңай емес. Мамандар өздерінің кәсіби ортасында көптеген өзге тілдерден енген сөздермен қатар, олардың қазақ тіліндегі баламаларымен, аудармасымен түрлі ақпарат көздері арқылы (кітаптар, журналдар, интернет т.б.) танысып отырады. Алайда, егер сұхбат құрушылар әртүрлі ұлт өкілдері болса, онда ғылыми, кәсіби ақпараттарды қабылдау және жеткізулері қиындайды. Сонда терминологиялық бірліктердің екінші тілге аударылу мәселесі шығады. Сондықтан тілдік емес ЖОО-на арналған қазақ тілі бойынша бағдарламада студенттердің мамандық бойынша терминологияны және ғылыми әдебиеттерді өз тілдеріне аудара алуын талап етеді. |