Главная страница
Навигация по странице:

  • Мерзімі

  • Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену» 1 «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мен мептептегі басқа пәндерді интеграциялаудың дүниетанымдық негіздері»

  • 3.Интеграциялау жолдары

  • Шығармашылық жұмыс.

  • «Сөзсіз хор» тенингін өткізу

  • Семинардың қортынды сәті. Бүгінгі семинардан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар !

  • Мұғалім

  • 2018 оқу жылы ата-аналар жиналыс Өзін-өзі тану пәні. Габдуллина Мұғалімдермен семинар №2. Семинарды таырыбы зінзі тану


    Скачать 21.15 Kb.
    НазваниеСеминарды таырыбы зінзі тану
    Анкор2018 оқу жылы ата-аналар жиналыс Өзін-өзі тану пән
    Дата10.01.2022
    Размер21.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГабдуллина Мұғалімдермен семинар №2.docx
    ТипСеминар
    #327213

                                                              

    Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинарлардың жоспары
    Мектеп: Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Лаврентьев негізгі мектебі

    Тыңдаушылардың саны: 7

    Мерзімі: 22.09.18 жыл

    Мұғалім: Габдуллина М.Ш

    Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мен мептептегі басқа пәндерді интеграциялаудың дүниетанымдық негіздері»


    Мақсаты:

    Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мен мептептегі басқа пәндерді интеграциялаудың дүниетанымдық негіздері туралы түсінік бере отырып, Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.

    Міндеттері:

    1.«Жанды білім», «жансыз білім» ұғымдарының мағынасын, маңыздылығын түсіндіру.  

    2.Сабақтарында білімнің дүниелік пен қатар руханилық аспектісінің маңызды екенін ескеріп, екеуін қатар алып жүруге бағыттау.

    3.Адам ойы, сөзі, ісі қашанда қасиетті екендігін түсінуіне ықпал ету.

    Ресурстары:

    (материалдары. көздері)

    Мұғалімге арналған нұсқаулық. Алматы-2018

    Жоспар:

    1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мен мептептегі басқа пәндерді интеграциялаудың дүниетанымдық негіздері»

    2. Білімнің екі аспектісі

    3. Интеграциялау жолдары

    4. Шығармашылық жұмыс. Мысалдар.

    5. Топпен ән айту. 


    Жағымды күйге ену

    «Нұрға бөлену»

    1«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мен мептептегі басқа пәндерді интеграциялаудың дүниетанымдық негіздері»

    Бұл қоршаған әлемд тек қана өмір, қозғалыс, даму, тәртіп,үйлесім ретінде көрініс беретін биологиялық немесе әлеуметтік болмыс емес, жоғары рухани болмысқа ие адам мен әлемнің біртұтастылығын түсінуден тұрады: адам санасында жалпыадамзаттық құндылықтар түрінде бейнеленеді. Мұғалімнің дүниетанымдық ұстанымы- интеграцияның барлық әдістмесінің негізі. (слайдпен жұмыс жасау)
    2. Білімнің екі аспектісі

    Білім тек адамның өмір сүруі үшін ғана емес, ол тіршілік үшін, өмірді толық, мәнді және терең түсініп сүру үшін қажет. Өмірді білім арқылы толық, мәнді, мағыналы етуге бола ма? Болады. Жолы – жеткіншектерге тұтастай білім беру. Тұтастай білім беру – білім берудің екі аспектісі: интеллектуалды білім (сыртқы білім, ақыл үшін) және рухани-адамгершілік білімнің (ішкі білім, жүрек үшін) әдемі бір үйлесімде бірге жүзеге асырылуы. Интеллектуалды білім керек оқушының ақылы үшін, ал сол білімді өмірде тиімді қолдана білуде жүрек үшін де керек білім қажет. Д.И.Менделеев: «Ізгілігі жоқ адамға берілген білім – ақымақтың қолына ұстатқан қылышпен тең» дегендей, адамның екі-үш дипломы бар, интеллектуалды білімі жоғары, бірақ ол рухани-адамгершілік білімнен алыста болса, оның алған білімі де, өмірі де толыққанды мәнді де, сәнді де болмас. Адамның өмірінде интеллектуалды білімнің алатын орны бар, бірақ, өкінішке орай, бұл білім жоғары әлеуметтік мәртебеге және материалдық құндылықтарға қол жеткізуге бағыттайды, алайда жақсы табыс пен жетістікке қалай қол жеткізуге болады, бұл білім бізге шынайы, мәңгі бақыт әкеле ме немесе уақытша ма, адамның шынайы, басты бақыты туралы ойланып, толғануға жеткілікті дәрежеде үйретпейді. Рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында ұлы қазақ классиктері де айтқан болатын. Шәкәрім Құдайбердіұлы ғалымдардарға «Адамды тәрбиелеу үдерісіне Ар-ұждан ілімін енгізу қажет. Бұл туралы ғалымдар ойлануы тиіс. Олар бұл ілімді баршаға міндетті пән ретінде әзірлеулері керек» деп, оның барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде айтқан екен.
    Балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттері жарқыраған азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.
    (слайдпен жұмыс жасау)
    3.Интеграциялау жолдары

    Жалпы білім бертін пәндер мен өзін-өзі тануды интеграциялаудың үш жолы бар.

    1. Ұлы ғалымдардың өмірінен және ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдыр

    2. Заманауи ғылымдардағы ашылулармен танысу.

    3. Әрбір оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

    (слайдпен жұмыс жасау)

    Шығармашылық жұмыс.

    1-ші топ

    Жаратылыстану ғылымдары циклындағы пәндерден 2 мысал келтіру

    2-ші топ

    Гуманитарлық ғылымдары циклындағы пәндерден 2 мысал келтіру

    «Сөзсіз хор» тенингін өткізу

    Топпен ән айту.

    Өмір өзен

    Заман тобының репертуарынан

    Асып-тасып, төгілетін,
    Алқынып ұшатын көңіл-ай,
    Өзгерместей көрінетін,
    Баянсыз бес күндік өмір-ай,
    Тасқын болып, тасып тұрған
    Жастық шақ алдады таңдамай
    Әлденеге асықтырған
    Желігі басылмас жалған-ай.
     
    Қайырмасы:
    Өмір-өзен ағады, әттең,
    Өкініштің алауы
    Жанымды жеп барады.
    Өмір-өзен ағады, әттең,
    Менің жаным жаралы
    Қай жағада қалады?
     
    Дүниеге алданады
    Қомағай көзіміз тоймаған.
    Бірақ соның бар ма мәні,
    Тек оңаша үнсіз ойланам.
    Өткізермін өмірімді
    Шабытты оздырып сағатқа,
    Жүректегі сенімімді
    Сөндіре көрмеші, жаратқан.

     

    Талдау


    Семинардың қортынды сәті.

    Бүгінгі семинардан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар!

    Бүгінгі семинарға қатысқандарыңызға рахмет!





    Мұғалім: Габдуллина М.Ш
    Директор: Санкевич А.М 


    написать администратору сайта