қызықты деректер биология пәнінен. кызыкты дерек шығ. Сен білесі бе Ара сті
Скачать 1.31 Mb.
|
Сен білесің бе ...? «Ара сүті» деген не? Аралар ақылдықтың белгісін көрсеткен жәндіктің бірі. Оны біз араның тіршілігінен айқын көреміз. Бал-аралардың өңдеуімен жиналған шырынды заттар. Ол шырынмен бірге гүлдің тозаңын да жинайды. Ол тозаң шырынымен араласып, бірнеше жыл сол күйінде сақталады. Ара балында ағзаға пайдалы 60-қа жуық зат болады. Глюкоза, түрлі минерал тұздар, ферменттер, дәрумендер, антибиотик заттар мен радиоактивті заттар, т.б.бал ара құрамынан кездестіруге болады. Жүрек ауруы, гипертония, туберкулез, бруцеллез, сондай-ақ іш ауруларына қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы дәрі ара өнімінен алынады, оны «апилак» деп атайды. Апилак латын тілінен енген сөз. Бал арасын латын тілінде «апис» дейді. Апилактың баламасы «ара сүті» дегенді білдіреді. Демек, арада сүт де болады. «Ара сүті» дегеніміз-жас араның жұтқыншақ безінен бөлініп шығатын зат. Ара бұл «сүтпен» жұмыртқалайтын ана аралар мен болашақ жас ұрпақтарын қоректендіреді. Қуыршақтан шыққан арада 4-6 және 12-15-ші күндер аралығында «сүт» пайда болады. Міне, осы күндері арадан «сүт» сауып алуға болады. Зерттеулерге қарағанда апилак адам өмірін ұзартуға және адамға қайрат беріп, жасартуға қолданылатын ең бағалы дәрі. Соңғы жылдары ғалымдар 1 капсуласы 200 г «ара сүтіне» тең болатын алифортил деген дәрі жасады. Араның уы (апитоксин) оның улы безінен бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Бір араның у сақтағыш бездерінде орта есеппен 0,2-0,4 мг у болады. Ара уы хош иісті, ащы дәмді келеді. Ара өз денесіндегі уды тек ашуланғанда ғана бөледі екен. Оны эстония ғалымы, доцент Паул Аллес омарташылармен бірге отырып ара уын жинайтын шағын аспап арқылы жинап алған. Ә зіл әлемінен... Бір адам киви алу үшін дүкенге келеді. Қандай жеміс алатынын ұмытып қалады. Сонда әлгі адам дүкеншіге: - Маған жүн өсіп кеткен картошка береңізші - депті. *************************************************************** Жирафтың азанда ішкен тамағы асқазанына кешке барады екен. Мойнымен жүргенше қай заман. Биология сабағы. – Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет? – Тері түсіп қалмау үшін апай. **************************************************************** Мейрамханаға қоян, қасқыр және түлкі келеді. Даяшы қояннан сұрайды: - Не тапсырыс бересіз? - Сәбіз. Қасқырдан: - Менің қарным ашса, екеуі мұнда отырмас еді. **************************************************************** Мұғалім оқушыдан сұрайды: - Адамның қай тісі соңында шығады: - Жасанды тістер. ****************************************************************Пингвин мен зебра фотографқа келеді. Фотограф сұрайды: - Сіздерге суретті түрлі-түсті қылып шығарайын ба? Зебра айтады: - Керек емес, ақ-қарасы да жеткілікті. **************************************************************** Таңертең Самат жағада балық аулап отыр. Қасына суда жүзгісі келген Есен келіп: - Су калай екен? - Керемет! Балықтар тіпті шыққылары келмейді. **************************************************************** «Метаграммалар» 1) Жазда өсіп,піседі, Дәмі тәбет ашады. «Қ» орнына «Ж» қойсаң, Көктен тамып түседі, Жердің шаңын басады. 2) Жатам құстар тобына, Азығымын адамның. «Ы»-ны қоссаң соңыма, Жылқы етімін – тағаммын. 3) Қыста суды қаптаймын, Бірақ жазда жатпаймын. Алғашқы әріп ауысса, Онсыз тамақ татпаймын. 4) «Т»-дан бастап оқысаң, Төлі болам пырақтың. «Т»-ны сызып тастасаң, Көкте қалған орақпын. « Ұйқасын тап» 1)Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. 2) Шабақ аңдып жағада, Шарқ ұрады ... 3) Сылдыр қағып,таудан құлап, Жатыр ағып, мөлдір ... 4) Тұмсығымен шымшып, Құрт тереді ... |