Главная страница
Навигация по странице:

  • Серпімді муфталардың қатаңдығы олардың негізгі көрсеткіші болып табылады, ал ол муфта арқылы берілетін айналу моментінің бұралу бұрышына қатынасын көрсетеді: С

  • Энергия деформация кезіндегі серпімді элементтің сыртқы және материалдық ішкі үйкелістері арқылы тарайды.

  • а) болат серіппелерге қарағанда энергия сыйымдылығы шамамен 10 есе артық

  • Бекіту сұрақтары: 1. Жарты муфталардың серпімді байланысы қандай мүмкіндік береді 2. Серпімді муфталардың негізгі көрсеткіші.

  • 5. Қатаңдығы тұрақсыз муфталардың серпімді элементі неден жасалады 6. Муфталардың серпімді элементі ретінде резина қолданғанда қандай ерекшеліктері болады

  • Муфталар. Серпімді муфталар. Серпімді муфталар Жарты муфталарды серпімді байланысы мынадай ммкіндік береді а біліктерді осьтік сйкессіздігін жою б кштер периоды згергенде пайда болатын тербеліс резонансын жою


    Скачать 26 Kb.
    НазваниеСерпімді муфталар Жарты муфталарды серпімді байланысы мынадай ммкіндік береді а біліктерді осьтік сйкессіздігін жою б кштер периоды згергенде пайда болатын тербеліс резонансын жою
    АнкорМуфталар
    Дата14.09.2021
    Размер26 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСерпімді муфталар.doc
    ТипДокументы
    #232322

    Серпімді муфталар
    Жарты муфталардың серпімді байланысы мынадай мүмкіндік береді:

    а) біліктердің осьтік сәйкессіздігін жою;

    б) күштер периоды өзгергенде пайда болатын тербеліс резонансын жою;

    в) машина торабында қысқа уақыттың ішінде пайда болатын артық күштердің мөлшерін азайту.

    Серпімді муфталардың қатаңдығы олардың негізгі көрсеткіші болып табылады, ал ол муфта арқылы берілетін айналу моментінің бұралу бұрышына қатынасын көрсетеді:
    Сφ = dT / dφ
    мұндағы Т - муфта арқылы берілетін айналу моменті; φ - муфтаның бұралу бұрышы.

    Серпімді муфталар қатаңдығы тұрақты және тұрақсыз болып екі түрге бөлінеді.

    Қатаңдығы тұрақты муфталардың

    Сφ = Т / φ = const.
    Қатаңдығы тұрақты муфтаның серпімді элементі болаттан жасалады. Қатаңдығы тұрақсыз муфталардың серпімді элементі металл емес материалдан (резинадан) жасалады. Бұлардың деформациясы Гук заңына бағынбайды. Муфталардың жұмыс істеу қабілеті серпімді элементтердің қасиетіне байланысты. Бұлар соққы күштерді жақсы көтереді және уақытында тербеліс резонансы болмайды. Серпімді муфталардың екінші бір қасиеті - олардың демпфирлік, энергия сіңіргіштік қабілеттілігі. Муфтаның жұмыс циклінде сіңіретін энергиясы гистерезис туғызатын ауданымен өлшенеді.

    Энергия деформация кезіндегі серпімді элементтің сыртқы және материалдық ішкі үйкелістері арқылы тарайды.

    Серпімді элементті металл емес муфталар. Муфталардың серпімді элементі ретінде резина қолданғанда төмендегідей ерекшеліктері болады.

    а) болат серіппелерге қарағанда энергия сыйымдылығы шамамен 10 есе артық

    б) ішкі үйкеліс әсерінен пайда болатын жоғары демпфирлік қасиеті. Энергияның салыстырмалы таралуы 0,3...0,5-ке дейін жетеді

    в) электроизоляицялық қасиеті

    г) серпімді элементі резина муфталардың құрылысы серпімді элементі металл муфталарға қарағанда қарапайым келеді. Бірақ серпімді элементтері тез тозатын болғандыөтан ұзақ уақытқа шыдамайды. Резиналы муфталар көлемінің кішілігіне және энергия сыйымдылығының жоғарылығына байланысты техникада жиі қолданылады.
    Бекіту сұрақтары:

    1. Жарты муфталардың серпімді байланысы қандай мүмкіндік береді?

    2. Серпімді муфталардың негізгі көрсеткіші.

    3. Серпімді муфталар қатаңдығы нешеге және қандай болып бөлінеді?

    4. Қатаңдығы тұрақты муфтаның серпімді элементі неден жасалады?

    5. Қатаңдығы тұрақсыз муфталардың серпімді элементі неден жасалады?

    6. Муфталардың серпімді элементі ретінде резина қолданғанда қандай ерекшеліктері болады?


    написать администратору сайта