шайнау бұлшықеті. Шайнау еттеріне меншікті шайнау еті. Шайнау еттеріне меншікті шайнау еті, самай еті, ішкі жне сырты анатты еттері жатады
Скачать 150.11 Kb.
|
Шайнау еттеріне меншікті шайнау еті, самай еті, ішкі және сыртқы қанатты еттері жатады. 1. Шайнау еті (жевательная мышца) – шықшыт сүйегінің доғасынан басталып, төменгі жақтың бұрышына тіркеледі. Оның арт жағында шықшыт безі, ал алдыңғы және төменгі жағынан мойынның теріасты еті жауып жатады. Бұл ет жиырылған кезде төменгі жақты көтеріп тістендіреді және сәл алға тартады. 2. Самай еті (височная мышца)- самай сүйегінің сырт жағынан басталады. Пішіні жұқа келген желпуішке ұқсайды. Ет талшықтары төмен қарай жинала келіп бет доғасының астынан өтіп, төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді. Бұл ет жиырылған кезде жақты көтеріп сәл артқа тартады. 3. Ішкі қанатты еті (внутренняя крыловидная мышца) – сына сүйектің ішкі қанатынан басталып, жақтың ішкі жақ бұрышына бекиді. Екі жағы бірдей жиырылған кезде жақты алға, бір жағы жиырылса қарама-қарсы жағына қимылдатады. 4. Сыртқы қанатты еті (наружная крыловидная мышца)- ет талшықтары сына сүйектің сыртқы қанатынан басталып артқа қарай төменгі жақтың өсіндісінің мойынына бекиді. Бұл ет екі жақтан бірдей жиырылса жақты алға жылжытады, ал бір жағына қарай жиырылса қарама-қарсы жағына қисайтады. Ымдау еттері (мимические мышцы) – тері астында орналасқан. Олардың басқа бұлшық еттерден айырмашылығы онда ет жапқыш шандырлар болмайды және бас сүйегінің әр жерінен басталғанымен ет талшықтары міндетті түрде бет терісіне бекиді. Осының нәтижесінде жиырылған кезде теріге қыртыстар, әжімдер түсіріп, көз, ауыз пішіндерін өзгертіп, адамның көңі-күйін білдіреді. Сол себептен бұларды ымдау еттері деп атайды. Ымдау еттерінің құрылысын, әсіресе театр өнерінің мамандары жақсы білуі қажет. Осыған байланысты ымдау еттері өздерінің орналасуына, атқаратын қызметіне қарай ми сауытының, көз бен ауыз айналасының және мұрын аймағының еттері болып бөлінеді. Бұл еттер ауызды, көзді ашып-жабу, қорғау, ымдау және көңіл-күйге байланысты жағдайларын белгілеуге қатысады. Ымдау бұлшық еттеріне: ми сауытының еті, маңдай және шүйде еттері, кербез еті, көздің дөңгелек еті, қас жиыру еті, ауыздың дөңгелек еті, езу көтеретін ет, езуді тартатын ет, ұрт еті, жоғары ерінді көтеретін ет, күлкі еті, төменгі ерінді түсіретін ет, иекасты еті, мұрын еті, құлақтың алдыңғы, артқы және жоғарғы еттері жатады. 1. Ми сауытының сіңірлі жапқышы (сухожильный шлем черепа) - бас терісінің үстіңгі жағын жауып жатады. Сіңірлі жапқыштың ет бөлімдері маңдай мен шүйде бөлімдерінде орналасқан, сол себепті оларды маңдай және шүйде еттері деп атайды. Маңдай етінің бір шеті сіңірлі жапқышпен басталса, екінші шеті қас доғасына жалғасады. Шүйде еті маңдай етіне қарағанда нашар дамыған, бұл еттің жиырылуынан маңдайда көлденең қатпарлар пайда болып, қасты жоғары көтереді. Маңдай және шүйде еттерінің кезек жиырылуы нәтижесінде бас терісінің қозғалысы пайда болады. 2. Кербез ет (мышцы гордецов) – немесе қасты жақындататын ет маңдай сүйегінің мұрын бөлігінен басталып, екінші шеті қас терісіне жалғасады. Жиырылғанда қас аралығында тік қыртыстар жасап, қасты бір-біріне жақындатады. 3. Көздің дөңгелек еті (круговая мышца глаза) – көз шарасының аймағында жатады. Бұл ет көз шарасының еті, қабақ еттері және жас қапшығының еті деп аталатын үш бөліктен тұрады: а) көз шарасының еті дөңгелек еттің сыртқы (шеткі) сақиналы талшықтарынан түзілген. Олар жиырылғанда көзді кішірейтіп тарылтады; б) қабақ бөлімі жоғарғы және төменгі қабақ еттері болып екіге бөлінеді. Олар қабақ терісінің астында жатып, жиырылғанда көзді жұмғызады; в) жас қапшығының еті жас қапшығын қоршап жиырылғанда жас қапшығын кеңейтіп, көз жасының жас түтігі арқылы мұрын қуысына өтуіне себеп болады. 4. Қас түю еті (мышца, сморщивающая брови) – маңдай сүйегінен басталып маңдай терісі мен қас доғасына бекиді. Жиырылғанда маңдайда қас аралығында көлденең қыртыстар жасайды. 5. Ауыздың дөңгелек еті (круговая мышца рта) – құрылысы өте күрделі. Оның ет талшықтары жоғарғы және төменгі еті және басқа ымдау еттерінің талшықтарынан түзіліп ауыз тесігін шеңберлеп қоршап жатады. Бұл ет жалпы жиырылғанда ауыз тесігін кішірейтіп тарылтады. 6. Езу көтеретін ет (мышца, поднимающая углы рта) – жоғарғы жақтың үшкір тіс ойысынан басталып, езу бұрышындағы теріге және ауыздың дөңгелек етіне жалғасып жиырылғанда езуді көтереді. 7. Жоғарғы ерінді көтеретін ет (мышца, поднимающая врехнюю губу) – үш басты болып бет сүйегінен, жоғарғы жақтың көз жиегі мен маңдай өсіндісінен басталып, жоғарғы ерін терісіне бекиді. Бұл ет жиырылғанда осы ерінді көтеріп танауды кеңейтеді. 8. Күлкі еті (мышца смеха) – езуден басталып ұрт терісінің тұсына бекиді. Жиырылғанда кей адамда күлкі шұңқыры пайда болады. 9. Төменгі ерінді түсіретін ет (мышца, опускающая нижнюю губу) – төменгі жақтың жоғасынан басталып, төменгі ерін терісіне жалғасады. 10. Ұрт еті (шечная мышца) – ұрт қалыңын түзеді. Ет талшықтары көлденең жатып ауыздың дөңгелек етіне жалғасады. Бұл еттің негізгі қызметі - ауыз қуысының бүйір қабырғасын түзумен бірге ауыз қуысының қысымын реттеп, тағам шайнаған кезде жиырылып, тағамды тіске ыңғайлап отырады. Ұрт етінің талшықтары арасында май ткані (әсіресе жастарда) көп болады. 11. Мұрын еттері (мышцы носа) – жоғарғы үшкір және күрек тістер тұсынан басталады. Бұл еттің құрамында танауды тарылтатын және кеңейтетін ет салалары болады. Оның тарылтатын талшықтары мұрын шеміршегінің үстінен асып, қарама-қарсы жағындағы сіңірге жалғсады. Кеңейтетін талшықтары танау шеміршегіне бекиді. 12. Құлақ еттері (мышцы ушной раковины) – алдыңғы, жоғарғы және төменгі еттер болып бөлінеді. Бұл еттер самай шандырынан басталып құлақ қалқанының алдыңғы, жоғарғы және төменгі жағына келіп тіркеледі. Адамдарда бұл еттер жануарларға қарағанда әлдеқайда нашар жетілген. |