Главная страница
Навигация по странице:

  • Журтканов Малик Сакифкереевичті

  • (кластастарынан видео) 1- Жүргізуші

  • /шәкіртімен түскен суреттері/ 2- жүргізуші

  • 2 -Жүргізуші: Жаңағы айтылған сансыз пікірлер мен лебіздерді тыңдай отырып, сіздің сөзіңіз бен ісіңіздің арасында алшақтық жоқ екенін байқап отырмыз. 1 -Жүргізуші

  • дара жол Мәлік ағай. Шараны таырыбы Дара жол бадарламасы Сахна сыртына баяу музыка уені естіліп трады, слайд осылып трады


    Скачать 33.62 Kb.
    НазваниеШараны таырыбы Дара жол бадарламасы Сахна сыртына баяу музыка уені естіліп трады, слайд осылып трады
    Дата24.05.2023
    Размер33.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладара жол Мәлік ағай.docx
    ТипДокументы
    #1155613

    Шараның тақырыбы: «Дара жол» бағдарламасы
    /Сахна сыртына баяу музыка әуені естіліп тұрады, слайд қосылып тұрады /
    «Шаттық » би ансамблі «Қарлығаш» биі

    2-жүргізуші : Қайырлы күн! Алдарыңызда өнер көрсеткен Республикалық байқаулардың жеңімпазы, мектеп-гимназиямыздың мақтанышы «Қарлығаш»биімен «Шаттық » би ансамбльі

    Жетекшісі:Баймурзина Бибігүл Сағидоллақызы

    1-Жүргізуші:Армысыздар «Дара жол» бағдарламасының құрметті де қадірлі, аса сыйлы қонақтары! Ұзақ жол жүріп келе жатқан адам қиядан қиялап, ойдан ойыстап, тау-дөңестен тауқымет тартып өтіп келе жатып бір бекетке өкше тірегенде артта қаншама із қалды, енді алдымда не бар демей ме? Дәл осы сияқты аман-есен тіршілік кешетін адамның белгілі бір уақытта осындай ой сезінетіні бар. Олай болса, «Дара жолдың» қонағы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, «Озаттар» Қазақстан Республикасы білім саласы үздіктерінің энциклопедиясына есімі жазылған, «Қазақстан Ұстазы» медалінің иегері, мектеп гимназиямыздың ұлағатты ұстазы Журтканов Малик Сакифкереевичті ортаға шақырайық.

    2 - Жүргізуші: Мәлік Сакивкереевич дара жол бағдарламасына қош келдіңіз! Мерейлі мерекеңіз құтты болсын. Сіздің дара жолыңызда осы №55 орта мектеп гимназиясының алатын орны ерекше деп ойлаймыз. Сол себепті сіздің дара жолыңызды, сара жолыңызды кейінгі ұрпақ шәкірттеріңізге үлгі ету мақсатында өткізуді жөн көрдік. Бір сәт оқушылық өміріңізді көз алдыңызға елестете отырып, ______ сынып оқушыларының өзіңізге және ұстаздарға арнаған ыстық ықыласын қабыл алыңыз (кластастарынан видео)

    1-Жүргізуші: Біз сізді тек ақылшы мұғалім ретінде ғана білетін болсақ, ал біз білмейтін сіздің қырларыңыз бен сырларыңыз қаншама? Бүгінгі «Дара жолда» Малик Сакифкереевич туралы барлық мағлұматты еститін боламыз.

    Сәби күндер, бала күндер баяғы,

    Қайдан енді бізге құшақ жаяды.

    Үйге кірмей, ойынға да тоймастан,

    Жеп те кейде алар едік таяқты – деп бүгінгі дара жолдың қонағы Мәлік ағайдың ????????? ағасына или апасына сөз беру

    Аға - әңгімені әу бастан бала кезден бастасақ? Бала Мәлік қандай болды? Осындай талапты, талантты ұлды өсірген ата-анасы жайлы, өскен ортасы, бала кездегі қызықтары туралы айта отырсаңыз. / бала күнгі суреттерінен слайд/

    2-Жүргізуші:

    Адамдар қанша жасқа келсе де, мектеп өмірін, ұстаздары мен сыныптастарын сағынып жатады. Бүгін бағдарламаға сыныптастарыңыз, әрі ұстаздық атты ұлы жолды өзіңіз сияқты ұлықтаған әріптестеріңіз ????????????????????????? келіп отыр. Сәлеметсіздер ме, бағдарламаға қош келдіңіз. Сыныпта Мәлік ағай батыл, көпшіл ме еді? Сыныптас ретінде қандай естелік айта аласыздар? /кластастарымен түскен суреттері/
    Кезекті әнге берсек, «___________________» әнімен ???????????????????? ортада
    1-Жүргізуші:

    Мектеп бітіріп, Пушкин атындағы Орал Педагогикалық Институтын бейнелеу,сызу, технология пәнінің мұғалімі мамандығын таңдапсыз? Неге бұл пән? Әлде сол пәнді сүйіп оқыдыңыз ба? Бұл мамандықты таңдауға кім немесе не нәрсе әсер етті?

    Ең алғашқы еңбек жолыңызды Ақсай қаласы Ленин колхозының орыс-қазақ мектебінен бастадыңыз. Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме?

    2-Жүргізуші:

    Сонымен қатар бүгінгі Малик Сакифкереевичтің «Дара жолына» облыстық және қалалық білім бөлімінен ___________________________, ____________________________________келіп отыр, сөз кезегін өздеріңізге берсек.

    1-Жүргізуші:

    Алғаш рет мектебімізде ________________клубын ұйымдастырып жетекшілік еткен және шәкірттері облыстық, республикалық жарыстарға қатыстырған ұстаз. Ол Малик Сакифкереевич болатын. Бүгін қонақта сол кездегі ____________ клубының мүшесі, бұл күнде, білім саласында өзіңізбен қатар еңбек етіп жүрген ізбасарыңыз ________________________ «Дара жолдың» қонағы болып отыр. Сөз кезегін ________________________ берсек. /шәкіртімен түскен суреттері/

    2- жүргізуші:

    Мәлік ағай сізбен әріптес болған мұғалімдер еңбегіңіздің өлшеусіз екенін жақсы біледі. «Ұстаздық патшалық құрудан да қиын» деген бар. Осы орайда сізбен әріптес, қазір де өзіңізбен үзеңгілес ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері, Қазақ өнерінің қайраткері, Евразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақстан педагогикалық академиясынығ профессоры, Ұлттық дизайн академиясының академигі Абжаппаров Қуаныш ағаймыз бен Павлодар облысының ұлағатты ұстазы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Кабылбеков акылбек Кабенович ортамызда. Ұстаз ретінде Мәлік ағайдың қандай қасиеттері көз алдыңызда? Естеліктер келтіре кетсеңіз.

    / түскен суреттер/

    1-Жүргізуші:

    Сонымен қатар Мәлік ағай 1996-2014 жылдар аралығында Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында 3 мектепте жұмыс жасағанын біріміз білсек біріміз білмейміз, сол уақыттарда бірге жұмыс жасаған «Дара жолдың» келесі қонағы ___________________________ бен қаламыздағы №________________ ұстазы, _____________________________________________ ортамызда келесі сөз кезегін сіздерге береміз. /бірге түскен суреттері/

    • Кәсіпті меңгерудегі ең озық әдістеме деп нені айтар едіңіз?

    • Шешеннің сөзі ортақ,

    Шебердің қолы ортақ-дегендей Мәлік ағайдың іс-тәжірибесі жөнінде айтып өтсеңіз

    2-Жүргізуші:

    «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді, өзіңізден тәлім алып, шәкірт ретінде жүрген ізбасарыңыз ________________________ сөзге тартсақ. Ағайдың қандай ерекше тұстарын өзіңе үлгі тұтар едің және ренжіген тұстары есіңде бар ма?

    1-Жүргізуші:

    Отан отбасынан құралады,

    Отбасына жары балдары келіндері қыздары болса соларға сөз

    -біз ұстаз Мәлікті білеміз, ал әке Мәлік, ата Мәлік, __________ Мәлік қандай?

    2 -Жүргізуші:

    Жаңағы айтылған сансыз пікірлер мен лебіздерді тыңдай отырып, сіздің сөзіңіз бен ісіңіздің арасында алшақтық жоқ екенін байқап отырмыз.

    1 -Жүргізуші:

    Малик Сакифкереевичті ортаға шақырып, Сізге қорытынды ретінде қоятын сұрақтарымыз бар. Соларға қысқа нұсқа жауап берсеңіз.

    1. Сіз үшін өмірдің мәні неде?

    2. Ұстаздық ұстанымыңыз...

    3. Қазіргі қоғамдағы қандай мәселе сізді жиі толғандырады?

    4. Мұғалімнің бойында қандай қасиет басым болу керек?

    5. Болашаққа деген сеніміңіз?

    6. Болашақ жастарға айтар тілегіңіз?

    7. Бүгінгі кеш көңіліңізден шықты ма?



    2- жүргізуші :

    Бұл қадірлі ұстаз,асқар тау әке, шынайы дос, сырлас сыныптас Малик Сакифкереевичтің «Дара жолы» болатын. Әр адамның өмірде өз жолы бар, оны дара ету әркімнің өз қолында! / слайд/
    1-жүргізуші:

    -бүгінгі кешімізді мектебіміздің арулары _______________әнімен аяқтайды, сіздермен болған мен ________________________ және менің әріптесім ____________________________ келесі бағдарламада кездескеше сау саламатта болыңыздар!


    написать администратору сайта