шатунь. Шатун іштен жанатын озауышты поршенні
Скачать 35.13 Kb.
|
Шатун - іштен жанатын қозғауыштың поршеннің ілгері кейін қозғалысын иінді біліктің айналмалы қозғалысына түрлендіретін кривошипті шатунды механизмнің қозғалмалы бөлігі.Шатун, бұлғақ, дәргеш, Кривошип-ползун механизмінің бөлшегі, ол поршеньнің немесе ползунның қозғалысын иінді біліктің кривошипіне береді. Шатунның иінді білікке жалғасатын бөлігі кривошип басы деп, ал оған қарама-қарсы басы поршеньнің (немесе ползунның) басы деп аталады. Шатун жүктемесі үшбұрыш заңымен өзгеретін, топсалы тиянақталған арқалық ретінде иілуге есептелінеді Шатун 40Х маркалы болаттан жасалады. Оньщ көлемдік қимасы екі товарлы болады. Жоғары басында қола втулка 8 престелген. Жоғарғы басындағы үш тесік саусақты майлауға арналған. Иінді білікпен жалғасқан төменгі басы, алмалы-салмалы, онда болат-алюминийлі лентадан жасалған астарлар орнатылған. Поршень - цилиндрді көлденең қимада тығыз жауып тұратын және оның өсі бойымен жылжитын қозғалмалы бөлшек.[1] 'Қозғағыш поршені' - цилиндрде жанатын жұмыс қоспасынан тікелей қысымды қабылдайтын қозғалтқыштың айналшақ бұлғақты бөлшегі. Иінді Білік – қайталамалы-ілгерілемелі немесе теңселмелі қозғалысты айналмалы қозғалысқа (не керісінше) түрлендіретін бір не бірнеше иінді (бунақты) білік. Иін негізгі мойыннан және онымен жалғасқан шатундық мойыннан тұрады. Негізгі мойын өз осінен айналса, шатундық мойын сол осьті айнала қозғалады. Шапшаң жүрісті қозғалтқыштарда иін мен шатунның айналу моментін теңгеру үшін шатундық мойынға қарсы жағынан қосымша салмақ бекітіледі. Иінді білік поршеньді қозғалтқыштарда, насостарда, компрессорларда, т.б. пайдаланылады. Иінді Білік[1] - түпкі, өстес, шатундық мойындарының өсі біліктің айналу өсінен ауытқып орналасқан, кривошипті-шатунды механизм. Иінді білік көміртекті не легирленген болаттан жасалады, көбінесе, тұтастай, кейде құрама бөлшектерден тұрады. |