Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты

  • Зерттеуші: Респондент: Сұхбат түрі

  • Сұхбат әдістемесіне есеп беру Кіріспе. Cұхбат әдісі

  • Зерттеуші

  • Қойылған сұрақтар тізімі

  • Аталмыш сұрақтарға берілген жауаптар тізімі

  • Сұхбат. Сұхбат психодиагностиканың негізгі әдісі ретінде. Схбат дістемесі Кіріспе. Cхбат дісі


    Скачать 40.05 Kb.
    НазваниеСхбат дістемесі Кіріспе. Cхбат дісі
    АнкорСұхбат
    Дата02.12.2021
    Размер40.05 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСұхбат психодиагностиканың негізгі әдісі ретінде.docx
    ТипДокументы
    #288648

    Сұхбат әдістемесі

    Кіріспе. Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет.Сұхбат орта есеппен 10 минуттан бір жарым сағатқа дейін созылады, оның құрылымы сауалнама құрылымын еске салады. Сұхбатты жиі жазу техникалық құралдарды (диктофон, магнитофон) пайдалану арқылы, атап айтқанда қоғамдық пікір сұрастыру кезінде және журналистикада жүргізіледі.

    Мақсаты: Сөздік коммуникациялық әдістің негізі ретінде мақсатты түрде әңгімелесу, маңызды мәліметтерді, жаңа мәліметтерді анықтау, ауызша сұрау арқылы қажет ақпарат алу.

    Міндеті: Зерттеуші мен респондент арасындағы әлеуметтік белсенділік және өзара іс қимылды анықтау.

    Зерттеуші:

    Респондент:

    Сұхбат түрі: даралық (аудиожазба форматында)

    Сұхбат жүргізілген уақыт: 18.03.2019 күні, 14:00 сағ.

    Қойылған сұрақтар тізімі:

    1. Сұхбат алдындағы көңіл – күйіңіз?

    2. Психология атты ғылымға қалай келдіңіз?

    3. Бала күніңізден психолог маманы болам деп армандадыңызба әлде?

    4. Өзіңіздің мамандығыңыз бойынша күшті және осал тұстарын айтсаныз?

    5. Жұмыстан тыс уақытта, бос уақытта қандай іспен айналысқанды ұнатасыз?

    6. Қазіргі жастарға педогог-психолог ретінде қандай ақыл кеңес айтасыз?

    7. Психологтардың ішінде қандай психологті өзіңізге үлгі тұтасыз?

    Сұхбат әдістемесіне есеп беру

    Кіріспе. Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет.

    Мақсаты: сөздік коммуникациялық әдісі арқылы мақсатты әңгімелесу, өсіру, маңызды мәліметтерді, жаңа мәліметтерді анықтау, ауызша сұрау арқылы ақпарат алу.

    Міндеті: Зерттеуші мен респондент арасындағы тікелей әлеуметтік психологиялық өзара іс қимылды анықтау.

    Зерттеуші: Алимкулова М.Е.

    Респондент:

    Сұхбат түрі: даралық (аудиожазба форматында)

    Сұхбат жүргізілген уақыт: 18.03.2019 күні, 14:00 сағ.

    Қойылған сұрақтар тізімі:

    1. Сұхбат алдындағы көңіл – күйіңіз?

    2. Психология атты ғылымға қалай келдіңіз?

    3. Бала күніңізден психолог маманы болам деп армандадыңызба әлде?

    4. Дәл осы мамандыққа таңдау жасағаныңызға өкініш барма?

    5. Өзіңіздің мамандығыңыз бойынша күшті және осал тұстарын айтсаныз?

    6. Жұмыстан тыс уақытта, бос уақытта қандай іспен айналысқанды ұнатасыз?

    7. Қазіргі жастарға педогог-психолог ретінде қандай ақыл кеңес айтасыз?

    8. Психологтардың ішінде қандай психологті өзіңізге үлгі тұтасыз?

    Аталмыш сұрақтарға берілген жауаптар тізімі:

    1. Көңіл-күйім жұмысқа бағытталған әрекет;

    2. Шындығына келгенде медбике болғым келген, одан кейін қажеттілігің менен әлеуметтік ортаға байланысты талабы сәйкес келе бермейді ғой, мысалы біз оқуға түскенде көбіне көп ер балаларды көп оқуға алатын болған. Конкурстан өту мүмкін болмады. Сондықтан маған педогогикалық мамандыққа түсуге тура келді. Химия және биология пәнінің мұғалімімін. Қазір педогог-психологпін.

    3. Кез-келген кісі өзін психологпін деп санайды. Теориялық жағын ұғыну, оның биологиялық мәнін түсіну, тұлға туралы теорияларды білу адам үшін қажет. Біздер сіздермен жұмыс жасаған соң жан-жақты болуымыз қажет.

    4. Жалпы плюс яғни жақсы тұсы өте көп. Мысалы үшін Республиканың қай өңіріне барсам да менімен атымды атап амандасады. Жалпы өте бір жақсы рақымды мамандық. Біреуге бір нәрсені үйретудің өзі бақыт.

    5. Бос уақытымда денсаулығыма байланысты жаяу жүремін, спортпен айналысамын, және кітапханада жұмыс жасаймын.

    6. Ең кереметі білуге іштей талпыну, іштей талпыну. Көзбояушылық емес, диплом үшін емес, өзі үшін ұғыну керек. Әр кімнің білімі өзінің азығы, сондықтан білу қажет. Қазіргі кезең білімді мыңды жығатын заман сондықтан білу керек.

    7. Пір тұтамын Рубинштейн, Выготский, Пиаже және Платонов деген кісінің тұлғаның дамуында төрт түрлі мәселені қояды. Қазақстандағы атақты психологтар менің ойымша ең бірінші атасы Ж.Аймауытов «Психология», одан кейін М.Мұқанов деген кісі, Аймауытовтан оқыған Т.Тәжібаев деген кісі ол кезінде посол болған.

    Қорытынды. Сұхбат барысында респонденттің көңіл-күйі өте көтеріңкі болды. Сұрақтарға жалпылай нақтылы, мардымды, әрі мазмұнды жауап берді. Әрбір қойылған сұраққа ерекше көңіл аударып, келешек жастарға өз ақылы мен кеңестерімен бөлісуге асықты. Өзінің ойын ашық еркін түрде жеткізе білді. Бұдан шығаратын қорытынды респондент білуге, үйренуге жастарға бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық және коммуникативтік тұрғыда дамыған тұлға болып қалыптасуына ерекше мән беретінін аңғаруға болады.


    написать администратору сайта