Главная страница
Навигация по странице:

  • Егер төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қосындылары тең болса, онда оны шеңберге сырттай сызуға болады

  • Теорема. №2Егер төртбұрыш шеңберге іштей сызылған болса, онда оның қарама қарсы бұрыштарының қосындысы 180

  • 1 тапсырма

  • 2 тапсырма

  • 3 тапсырма

  • 1-ші топ: «Тік төртбұрыш» 1- тапсырма

  • 3-ші топ: «Шеңбер» 1- тапсырма

  • 4-ші топ: «Ромб» 1- тапсырма

  • 2-ші топ: «Трапеция» 1- тапсырма

  • сырттай, іштей шеңбер. Шеберге іштей жне сырттай сылыан тртбрыштар Анытама. Барлы абыралары шебермен жанасатын кпбрышты шеберге сырттай сызылан деп, ал шеберді кпбрыша іштей сызылан деп атайды. Теорема


    Скачать 140.32 Kb.
    НазваниеШеберге іштей жне сырттай сылыан тртбрыштар Анытама. Барлы абыралары шебермен жанасатын кпбрышты шеберге сырттай сызылан деп, ал шеберді кпбрыша іштей сызылан деп атайды. Теорема
    Дата03.05.2023
    Размер140.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласырттай, іштей шеңбер.docx
    ТипДокументы
    #1106628


    Шеңберге іштей және сырттай сылыған төртбұрыштар

    Анықтама.

    Барлық қабырғалары шеңбермен жанасатын көпбұрышты шеңберге сырттай сызылған деп, ал шеңберді көпбұрышқа іштей сызылған деп атайды.



    Теорема.№1

    Егер төртбұрыш шеңберге сырттай сызылған болса, онда оның қарама қарсы қабырғаларының қосындысы тең болады.
    Белгісі: Егер төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қосындылары тең болса, онда оны шеңберге сырттай сызуға болады



    Анықтама.

    Барлық төбелері шеңбер бойында жататын көпбұрышты шеңберге іштей сызылған деп, ал шеңберді көпбұрышқа сырттай сызылған деп атайды.



    Теорема. №2

    Егер төртбұрыш шеңберге іштей сызылған болса, онда оның қарама қарсы бұрыштарының қосындысы 1800- қа тең болады.
    Белгісі: Егер төртбұрыштың қарама-қарсы бұрыштарының қосындысы 1800 –қа тең болса, онда оны шеңберге іштей сызуға болады


    Қорытынды

    1. Квадратқа іштей де , сырттай да шеңбер сызуға болады.

    2. Тіктөртбұрышқа сырттай шеңбер сызуға болады.

    3. Ромбыға іштей шеңбер сызуға болады.

    4. Ромбыға сырттай шеңбер сызуға болмайды.

    5. Тік төртбұрышқа іштей шеңбер сызуға болмайды,

    1 тапсырма: № 294

    Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыштың тізбектес үш қабырғасы 3см, 5см, 6см. Төртбұрыштың төртінші қабырғасын табыңыз.

    Дескриптор:

    • Қарама-қарсы қабырғаларының теңдігін біледі

    • Төртінші қабырғасын табады

    2 тапсырма: №1

    Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың екі бұрышы 58° және 121°-қа тең. Төртбұрыштың қалған бұрыштарын табыңыз.

    Дескриптор:

    • Қарама-қарсы бұрыштары 180-қа тең екенін біледі

    • Қалған бұрыштарын табады

    3 тапсырма: (қарқыны жоғары оқушыға) В

    Көлденеңі 40см болатын бөренеден ені 36 см салдау(брус) кесіп алуға бола ма?

    Дескриптор:

    • Есептің шартын құрады

    • Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың қасиетін қолданады

    • Дәлелдемесін көрсетеді


    1-ші топ: «Тік төртбұрыш»

    1- тапсырма: 2-теорема

    Іштей сызылған төртбұрыштың қарама- қарсы бұрыштарының қосындысы – қа тең.

    2- тапсырма:

    8 наурыз мерекесіне орай оқушылар тақтаның сыртын шеңбер бойымен, гүлмен безендіргілері келді. Оқушылар ойларын жүзеге асыра ала ма?



    3-ші топ: «Шеңбер»

    1- тапсырма: 4- теорема

    Сырттай сызылған төртбұрыштың қарама – қарсы қабырғаларының қосындысы өзара тең.

    2- тапсырма:

    Аулада бұрыштарының қатынасы 2,2,3,3 болатындай төртбұрыш гүлзар бар еді. Бағбандар сол гүлзарды іштей шеңбер бойымен раушан гүлін отырғызбақшы болды. Гүлдер шеңбер бойымен орналасты ма?



    4-ші топ: «Ромб»

    1- тапсырма: 5- теорема

    Егер дөңес төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қосындысы тең болса бұл төртбұрышқа іштей шеңбер сызуға болады.

    2- тапсырма: Шеңбер тәрізді алаңды сыртынан төртбұрыш тәрізді етіп, сым темірмен қоршады. Егер төртбұрыштың қарама қарсы қабырғаларының қосындысы 15 м болса қоршауға қанша сым темір жұмсалды?



    2-ші топ: «Трапеция»

    1- тапсырма: 3- теорема

    Егер төртбұрыштың қарама – қарсы бұрыштарының қосындысы – қа тең болса, бұл төртбұрышқа сырттай шеңбер сызуға болады.

    2-тапсырма:


    Спортшылар демалыс саябағында қабырғалары 20м,30м,40м,30м болатын төртбұрыш тәрізді алаңда, алаңның әр бұрышында бір спортшы тұратындай етіп,шеңбер жасап тұра ала ма?


    написать администратору сайта