| Шығармадағы оқиға орнын сипатта
|
| Аяғанға Геркулес неге сонша шүйлікті? Себебін түсіндір
|
| Қара күш иесіне кім тосқауыл болды?
|
| Аяғанға араша түскен кімдер?
|
| Жанжалдың соңы неге апарып соғуы мүмкін?
|
| Геркулес пен Арабтың Асылхандарға тісін қайрап кеткенін байқадыңдар. Бұл оқиғаның салдары қандай болмақ? Болжам жасап көр
|
| Асылханның өткен өмірі туралы не білдің? Дұшман деген кімдер?
|
| Сарказм дегеніміз не? Қай кейіпкердің сөзінде жиі байқалады?
|
| Аяғанға араша түскен Асылхан мен қаршадай қыздың іс әрекетіне баға беріңдер? Олардың орнында сен болсаң, не істер едің?
|
| М.Мағауин «Б.Мұқайдың «Өмірзая» романы осы құлдық сана, рухтың жанышталуы турасында. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыстар дер едік» деген сөзіне түсінік бер.
|
| Лұғат сөздерді түсіндіріп, шығармадан дәлелдеп бер. (Жұптық)
|
| Ауған соғысы туралы не білесің?
|
| Ауған соғысы туралы қандай фильмдер бар?
|
| Ауғанстанға кеңес жауынгерлері не себепті жіберілді? (Жұптық)
|
| Әкесі Асылханды не себепті қамшының астына алды?
|
| Интернационалдық борыш сөзінің мағынасы? (Шойбек ағай көмегіне жүгінуге болады)
|
| Әке мен баланың көзқарастары не себепті алшақ? (Жұптық)
| Асылхан
| Мұсахан қария
| Өмірлік ұстанымы
|
|
| Қоғамға көзқарасы
|
|
|
|
| Ауған соғысына қатысқан Асылхан сөзінің растығын айғақтайтын тарихи деректер жинақтаңдар (жұптық)
|