5 қыркүйек Қазақстанда Тілдер күні. Қазақтың белгілі ғалымы, аға. Шыыс азастан облысы білім басармасыны
Скачать 28.31 Kb.
|
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы - экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныБЕКІТЕМІНДиректордың әлеуметтік жәнетәрбие ісі жөніндегі орынбасары_________ Б.Ж.Бахтиярова«____» __________ 2021 ж.ТОП САҒАТЫТақырыбы: 5 қыркүйек Қазақстанда Тілдер күні. Қазақтың белгілі ғалымы, ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні.Дайындаған: 21 BQ - 1 тобыныңтоп жетекшісі Меллатова М.Д.2021 - 2022 оқу жылыТоп сағатының тақырыбы: 5 қыркүйек Қазақстанда Тілдер күні. Қазақтың белгілі ғалымы, ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні.Топ сағатының мақсаты: Студенттердің туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп, тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.Топ сағатының өткізілу уақыты: 09.09.2021 жылТоп: 21 BQ-1 топ студенттеріӨткізілу уақыты: 45 минутҚыркүйек айы бойынша қандай тарихи оқиғалар болғанына толықталып кетсендер!Женісов Ерсұлтан. 2006 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанның астанасында пирамида тәрізді Бейбітшілік және келісім сарайының ашылуы өтті. Зияшова Мадина. 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Елбасы Н.Назарбаев Назарбаев Университетінің жоғары білім мектебін салтанатты түрде ашты. 5 қыркүйекте Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл күні қазақтың белгілі ғалымы мен ағартушысы Ахмет Байтұрсынов дүниеге келді. 5 қыркүйек — мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні. Мукашов Рахат. 1997 жылдың 6 қыркүйегінде алғаш рет «Қазақша күрес» ұлттық күресінен әлем чемпионаты өтті. Тәуіржанұлы Әлемжан.2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан астанасында Орталық Азиядағы ең ірі синагоганың ашылу рәсімі өтті. Серікқазыұлы Еламан. 2001 жылдың 8 қыркүйегінде Елбасы Н.Назарбаев «Атамекен «Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенін ашты. Қазтаева Аружан. 1996 жылдың 10 қыркүйегінде республикада бірінші кадет корпусы-ҚР орта әскери оқу орны құрылды. 2005 жылдың 10 қыркүйегінде Елордада ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ашылуы өтті. 2005 жылдың 10 қыркүйегінде Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет тілдері әскери институты ашылды. Жексенғалиев Дінмұхамед. 2007 жылдың 11 қыркүйегінде Ақтауда алғашқы қазақстандық экспедиция "Шоқан Уәлиханов" яхтасында жер шарын айнала теңіз жорығына бастау алды. Ильяшев Диас.12 қыркүйекте Қазақстанда кино күні атап өтіледі. 12 қыркүйек — Қазақстанда Отбасы күні. Кузембаев Алимжан. 1992 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанынан «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды. Зейнолла Елнұр. 1994 жылдың 19 қыркүйегінде қазақстандық Интернеттің туған күні атап өтіледі. Жоғарғы деңгейдегі ұлттық «.kz» домені тіркелді . 19 қыркүйек — Қазақстанда аналар күні. Аманов Санжар. 2016 жылдың 21 қыркүйегінде Павлодарда Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық орталық ашылды. Тұрсынова Аружан. 26 қыркүйек — Қазақстанда Еңбек күні. 26 қыркүйек — Инженер-механик күні. 2014 жылдың 26 қыркүйегінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның білім тарихы мұражайы ашылды. Азамат Алмат. 2010 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстанда «Balapan» телеарнасы өз жұмысын бастады. Мұқанова Жансая. 28 Қыркүйек — Қазақстанның атом саласы қызметкерлерінің күні. 30 қыркүйекте Қазақстанда әділет органдары қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу. «Қазақстан халқы тілдері» күні — 5 қыркүйекте атап өтілетін мемлекеттік мереке. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда "Тілдер туралы" заң қабылданған. 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. 2017 жылы мереке күні өзгертілді. Содан бері 5 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні. Атаулы күннің өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. «Ұлт ұстазы» атанған Алаш арысы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин былай деген "...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді" деп баға берген. Тәуелсіздік тарихның алтын бесігі саналатын Алматы шаһарында Ахметтен қалған қара шаңырақ бүгін музей ретінде жұмыс істеп тұр. Қорытынды: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан-жақты білім алу керексіңдер,-дей келе бүгінгі топ сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет! Топ жетекшісі Меллатова М.Д. |