Шизофрения. шизофрения Жайна. ШЖ Кеес Одаыны Батыры Мншк Мметова атындаы Атбе Жоары медициналы колледжі мкк орындаан Хамитова Жайна Саындыызы Тексерген Талипова Бану Ибрагимова Шизофрения Шизофрения
Скачать 2.18 Mb.
|
ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК Орындаған: Хамитова Жайна Сағындыққызы Тексерген: Талипова Бану Ибрагимова Шизофрения Шизофрения дегеніміз - жастық шақта пайда болатын созылмалы психикалық эндогенді прогредиентті, этиологиясы жағынан айқындалмаған ауру. Шизофрения дегеніміз не? Ағылшын тілді елдерінде шизофрения Блейлердің "төрт.А"белгісімен көрінеді: Аутизм Апатия Амбиваленттілік Ассоциативті бұзылыстар. Шизофренияның этиологиясы: Э. Крепелиннің ойынша шизофрения токсикоздың, сонымен қатар жыныс бездерінің функцияларының бұзылысы нәтижесінде; Белок алмасуы бұзылысының нәтижесінде, науқас ағзасында ыдыраудың азотты өнімдері жиналуына байланысты дамиды деп есептеген. Тұқым қуалаушылық фактор . Көп жағдайда этиологиясы анықталмаған, белгісіз. Шизофрения патогенезі. Науқас қанының сары суында токсикалық өнімдер болған. Оны биохимиялық және иммунологиялық зерттеу нәтижесінде эмбрионның нервті жасушаларына тежеуші әсер ететінін анықтаған. Шизофрения кезінде жүйке жүйесінің клеткаларына зақымдаушы әсер көрсеткен, яғни аутоантиген мен аутоантиденелердің түзілуіне әкеледі, бұл ми тінін зақымдайды. Олардың саны ауру процесіне байланысты болып келеді, неғұрлым процесс ауырырақ болса, соғұрлым олардың саны көп болады. Шизофрения бұзылыстарының ағымының типін келесі 5-тік белгі бойынша жіктейді. Клиникалық көрінісі Ойлау бұзылысы: ойдың ағылып- төгілуі, тоқтап қалуы, ойдың параллелдігі.мазасыз ақылдылық, сөйлеу үзілістілігі; Қабылдау бұзылыстары. Есту, тактильді, иіс сезу, көру галлюцинациялары(жалған галлюцинациялар), сандырақтың көптеген түрлері-паранойяльды, параноидты, парафренді. Кандинский-Клерамбо синдромы көрінеді; Қозғалыс-ерік бұзылыстары. Кататониялық синдром, ступор жағдайы, қозу; Сезімдік бұзылыстар: сезімдерін жоғалтып барлығына немқұрайлы қарайды, жақтырмаушылық, ашушаңдық, Тәртіп бұзылыстары: ойламаған қозғалыстар жасайды, сөйлеу мәнері мен мимикасы өзгереді; Шизофренияның формалары 1. Параноидты формасы 2. Гебефрендік формасы 3. Кататоникалық формасы 4. Қарапайым формасы 5. Циркулярлы формасы 6. Сенестопатиялы-ипохондриялық формасы Шизофрения ағымы:
Ағымының типтері . 1. Тез өршитін ағымы. 2. Ұстама тәрізді ағымы. 3. Баяу ағымды Шизофренияның соңғы күйі:
Дифференциалдық диагностика Шизофрения ауруларын келесі аурулармен ажырата білу қажет: 1. Жедел симптоматикалық психоздан 2. Неврозбен 3. Созылмалы психогениямен 4. Мидың органикалық зақымдануынан пайда болған аурулар (эпилепсия, ми мерезі) Шизофренияда келесі болжамдық критерийлерді тұжырымдауға болады:
Шизофренияны емдеу жоспары.
Психофармотерапия. Шизофренияны емдеуде бұлардың ішінде психолептик көп қолданылады. Ал басқалары сирегірек пайданылады. Аминазин, трифтазин, галоперидол ағзаға жан-жақты әсер етеді. Психиатрлық практикада емдеу тиімділігі бар дәрі ретінде қолданылып, қозуды бәсеңдетеді, психикалық күш түсуді жояды. Сөйтіп, седативті және ұйқы келтіретін әсерге ие болады. Бұл препаратттарды көбінесе сандырақ, галлюцинациялар және қозу процестері басым болған жағдайда қолданылады. Симптоматикалық ем. Кататоникалық симптоматика болған жағдайда -этаперазин, мажептил, френолон, эглонил қолданылады. Созылмалы шизофрения кезінде ұзақ уақыт ұстап тұрушы ем жүргіземіз. Бұл жағдайда ұзақ әсерлі нейролептиктер -модитен-депо, галоперидол-деканоат (3-4 аптада 1 рет жүргізілетін инъекция) пайдаланылады. Нейролептиктерді жоғары мөлшерде қабылдайтын науқастарда неврологиялық әсерлер-нейролептикалық синдром, дәрілік паркинсонизм дамуы мүмкін. Бұл жағдайлардың алдын алу үшін науқастарға паркинсонға карсы препараттар(циклодол, акинетон), димедрол, бензодиазепинді транквилизаторлар және ноотроптар қолданылады. Егер депрессия, ипохондрия көріністері, сенестопатиялар болса, антидепрессанттар-амитриптилин, мелипрамин, анафранил, лудиомил тағайындайды. Инсулинді терапия Инсулиндер тудыратын әсер ету механизмінің гипогликемияның күйі күрделі және бірнеше компоненттерді қамтиды. Оның компоненттерінің бірі-дезинтоксикациялық болады. Екінші компонент вегетативті жүйке жүйесіне әсер етеді. Үшінші компонент тежелудің дамуы.ол емдік-қорғаныштық мәнге ие болады. Инсулиннің алғашқы әсері талғаулы церебралдық ретте емес, алмасудың әр түрлі орналасқан жалпы соматикалық тұрғыдан қарастыру керек. Психотроптық препараттардың алғашқы әсері церебралдық. Осыдан барып, инсулин мен психотропты дәрілерді комплексті қолдану дұрыс болады. Дәрілік асқынулары Дәрілерді мөлшермен пайдаланбаса асқынулар пайда болуы мүмкін: лейкопения, қан тұтқырлығының төмендеуі, қауіпті асқыну- агранулоцитоз. Соматикалық жағынан емдеуге жатпайтын кеселдер: тромбофлебит және тромбангинт, гепатит, айқын білінетін гипотония, қан аурулары. Электро-тырысулы терапия (ЭСТ) Бұлшықет ішіне камераның үлкен мөлшерін немесе тамырға дәрілерді айдау дарілер енгізу арқылы, сонымен қатар аурудың басынан белгілі бір сипаттағы электр тоғын жүргізу арқылы жүргізіледі. ЭТС кезінде арнайы аппаратура қолданылады. Қазіргі кезде емдеу курсы 5-6 сеанстан тұрады. Әр сеанс арасына 2-3 күн салып жүргізіледі. Бұл ем инсулинтерапия мен психофармокологиялық медикаменттермен емдеу нәтиже бермеген жағдайда ғана қолданған дұрыс болады. Алдын алу шаралары
Назарларыңызға рахмет!!! |