Главная страница

жедел. исправ ШМКК ОҚКЕ бағдарламасы 2021-2022. Шокты ырата кеейтілген жреккпе реанимаиясын жасау алгоритмі


Скачать 47.49 Kb.
НазваниеШокты ырата кеейтілген жреккпе реанимаиясын жасау алгоритмі
Анкоржедел
Дата07.06.2022
Размер47.49 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаисправ ШМКК ОҚКЕ бағдарламасы 2021-2022.doc
ТипДокументы
#574763

Ф-ОБ-012/060

Шокты ырғақта кеңейтілген жүрек-өкпе реанимаиясын жасау алгоритмі



Қадамдар - Әр қадамды бағалау критерилері

1

Өмірлік маңызды параметрлерді бағалау.

Науқасты дайындау Санасын бағалау (сөйлеу және иығынан түрту) Тегіс бетке жатқызу, кеудені киімнен босату, аяқтың ұшын 30-40 градусқа көтеру, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. Тыныс алуын бағалау (көремін, естимін, сезінемін).

Қанайналым жүйесін бағалау (екі жақтан ұйқы артериясының пульсациясы).

2

Дефибриллятордың көмегімен жүрек соғу жиілігін тексеру. Дефибрилляция жүргізу.

Дефибрилляторды қосу

Электродтарды орнату: электродтарды қою, мониторды қосу, қан айналымының тоқтату түрін анықтау.

Реанимацияға қатысушылардың ешқайсысы зардап шегушіні ұстап тұрмағанына көз жеткізу және барлығына пациенттен алыстауға команда беру!

"Разряд" батырмасын 1 рет басу (бифазада 120-200 Дж немесе монофазада 200 Дж)

3

Кеуде қуысының компрессиясын жасау

Бірінші қолдың алақанын (тенар және гипотенар) кеуденің төменгі үштен бір бөлігіне, екінші қолдың негізін бірінші қолдың үстіне орнату. Қолдар (білек пен иық) кеуде қуысына перпендикуляр болуы керек.

Тереңдігі 5 см-ден кем емес және 6 см-ден аспайтын 30 компрессияны орындау, компрессия жиілігі минутына 100-120 рет. Компрессия арасындағы интервалдар минималды болуы керек. Әрбір компрессиядан кейін кеуде толығымен түзетілуі керек;

(техника бұзылған жағдайда бұл қадам орындалмаған болып саналады)

4

Өкпені жасанды желдетуді жүргізу Ауыз қуысын тексеру, қажет болған жағдайда тазалау. Амбу қабымен 2 жасанды дем беру

5

ЖӨР бір кезеңін орындау (5 цикл 30 рет компрессия; 2 рет ӨЖЖ)

6

Веноздық кіруді қамтамасыз ету Шеткері тамырдың венепункциясы

7

Жай-күй мониторингі

Жүрек ырғағын бақылау

8

Эпинефрин енгізу

Көктамырға әрбір 3-5 минут сайын 10 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне 0,1% -0,1-1 мл эпинефрин

9

Амидорон енгізу 20 мл 5% глюкозаға 300 мг амидорон араластырып көктамырға немесе лидокаин 1,5 мг/кг, көктамырға реактивті.








Бекет №1

Анафилактикалық шок кезінде көмек көрсету алгоритмі

Қадамдар - Әр қадамды бағалау критерилері

2

Науқасты Тренделенбург қалпына келтіру

Көлденең жатқызу.

Аяқтың ұшын 40-45 градусқа дейін көтеру

Басын бүйіріне бұру

Төменгі жақты алға шығару

3.

Ауа және оттегінің қол жетімділігін қамтамасыз ету

Терезені ашыңыз немесе оттегінің берілуін қамтамасыз етіңіз. Оттегі маска, мұрын катетері немесе өздігінен тыныс алу және сананың болмауы кезінде орнатылатын түтік арқылы өтеді.

Көктамыр ішілік енгізу

Екі шеткергі тамырларды катетеризациялау.

Өмірлік функцияларды бақылау Қан қысымын, импульсті, тыныс алу жиілігін бақылау, оксигенация деңгейін бақылау.

4.

Бронхолитикалық терапия Бронхообстукция кезінде сальбутамол 2мл спейсер немесе небулайзер арқылы.

Бронхообстукцияның сақталуы кезінде ингаляцияны қайталау + эуфиллин 5-6 мг/кг (12-15мл) 2,4% ерітісін физ ерітіндімен араластырып көктамырға енгізу

5.

Стридорды емдеу Стридор кезінде адреналин небулайзер арқылы 2-5 мл.




6.

Инфузионды терапия Физ. ерітінді 20мл/кг к/і. Жалпы көлемі 1-2 литр.

7.

АҚҚ арттыру мақсатында прессорлық аминдерді енгізу

Егер қан қысымын тұрақтандыру болмаса, адреналинді к/і қайталаймыз - допамин 4% -5мл + 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі минутына 28-30 тамшы (10 мкг/кг/мин).

Егер әсер болмаса-норепинефрин-2-4 мг (1-2 мл 0,2% ерітінді), 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде АҚҚ тұрақтанғанға дейін 4-8 мкг/мин инфузия жылдамдығымен сұйылтады;

8.

Гормональды терапия

• дексаметазон 16-20 мг к/і;

• преднизолон 120-150 мг к/і;

9.

Антигистаминді препарат енгізу

Н1-гистаминді блокаторлар:

- клемастин 0,1% -2 мл (2 мг), көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне;

- хлоропирамин гидрохлориді 0,2%, көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне 1-2 мл;

- дифенгидрамин 25-50 мг.

H2-гистаминді блокаторлар: Ранитидин-150мг немесе фамотидин 20мг к/і

10.

Шұғыл госпитализация Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызуға жіберу



























Қуықты катетерлеу



Бағалау критерийлері

1

Латексті қолғап киіп, жұмсақ катетерлерді дұрыс тандау

2

Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін фурациллин ерітіндісімен өңдеу. Науқас арқасымен жатады, аяқтары тізе буынында жартылай бүгілген және екі жаққа алшақтау орналастырылған. Аяқтарының арасына зәр жинауға арналған ыдыс қойылған (лоток).

3

Жұмсақ катетерді пинцетпен алады, оның доғал ұшын стерильді вазелинмен майлайды және зәр шығару каналына әйелдерде 4 -6 см, ерлерде 22-25 см енгізіледі

4

Катетерде зәрдің пайда болуы, катетер қуықта орналасқандығын дәлелдейді

5

Катетерді барлық зәр шығып кетпестен бұрын шығарып алады, зәрдің соңғы мөлшері зәр шығару каналын жуып өтуі тиіс


Барлығы:





Кезең бойынша максималды балл - 25






Асқазанды жуу



Қадамды бағалау критерилері


1


Қолды жылы сумен жуып, спиртпен өңдеп, бір реттік резинкелі қолғап киды.

Науқастың арқасын үстелге тақап, басын алға иіп отырғызды, алдына шара қойып, фартук кигізді, аузын ашуға өтінді.

2

Кіндіктен алдынгы тісіне дейін асқазан зондтың ұзындығын өлшеді – өлшемге науқас алақанының бір қарыс ұзындығын қосып, белгіледі. Науқастың аузын ашып зондті тіл түбінің артқы жағынан белгіленген ұзындығына енгізді. Одан кейін зондтың ұшына 500-1000 мл сыймдылықтағы варонканы резеңке түтігімен байланыстырады.

3

Варонканы науқастын тізе деңгейімен төмен түсіреді және (30-36 градус) жылы сумен варонканы жайлап науқас басынан жоғары көтереді және су асқазанға түседі, кейін варонканы тез төмен түсіреді және су тез асқазаннан кері шығады варонкаға.

4

Варонкадағы су толығымен асқазанға түспеу кажет, егер су толык асқазанға кетсе кері қайта жүғынды судың шығуы қиындайды. Варонкадан сұйыктықты қойылған шараға құямыз, қайта варонкага таза суды қүйып процедурасы қайталайды. Осылай асказандағы жуынды су таза болғанша асқазанды жуу керек.(1 жас-1литр, 1 жастан жоғары, әр жасқа 1 литр қосымша есептелінеді.

5

Флаконға алғашқы және соңгы жұғынды көлемнен порция алынып анализге жіберіледі. Асқазанды жуған соң, абайлап зонд шығарылады.Науқастың аузын шайып, таза салфеткаменаузын сүртеді.

6


Қолданған медициналық заттарды дезинфектантпен өндеді.

Қолдарын ағынді суға жуып, резінке қолғаптарын шешті.


Қорытынды



Жоғарғы тыныс жолдарының жедел өткізгіштігінің бұзұлуында көмек көрсету алгоритмі. Коникотомия.

Қадамдар - Әр қадамды бағалау критерилері

1

Қажетті құралдарды дайыдау: бір рет қолданылатын қолғаптар; 70% спирт ерітіндісі; Труссо кеңейткіші; трахеостомиялық канюля (коникотомиялық түтік); скальпель; қайшы; қолданылған материалға арналған пластик пакет; таңғыштар (орташа); медициналық мақта; лейкопластырь; фонендоскоп.

2

Стерильді қолғапты кию техникасы:

-стерильді қаптамадағы қолғапты алыңыз, қаптаманы ашыңыз;

-саусақтарыңыз қолғаптың ішкі бетіне тиіп кетпейтіндей етіп оң қолға киетін қолғапты алыңыз;

-оң қолдың саусақтарын жауып, оларды қолғапқа салыңыз;

-оң қолыңыздың саусақтарын ашып, қолғапты бұзбай киіңіз;

-сол қолдың қолғабын оң қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен (қолғаппен) қолғаптың ішкі бетіне тигізбей алыңыз;

-сол қолдың саусақтарын жауып, оларды қолғапқа салыңыз;

3

Науқасты горизонталды қалыпқа келтіру. Жауырын астына валикті орналастыру. Басты максималды артқа қарай шалқайту. Мойынның алдыңғы бетін 70% спирт ерітіндісімен өңдеу

4

Қалқанша және сақина тәрізді шеміршектерінің арасында конус тәрізді байламды (мембрананы) пальпациялау – ол үшін қалқанша шеміршегін (ер кісілерде ) сипап тауып ортаңғы сызық бойымен төмен қарай түсу. Келесі шығыңқы томпаю – сақина пішіні тәріздес сақина тәрізді шеміршек болып табылады. Кеңірдектің артқы қабырғасының перфорациясын болдырмау үшін бір қолмен скальпель ұшынан 2 см жоғары жерден ұстау. Мойынның ортаңғы сызығы бойымен тері және тері асты жасұнығының тігінен тілімін (1 см) жасау.

5

Конус тәрізді байламмен жабылған қалқанша және сақина тәрізді шеміршектерінің арасындағы қуысты пальпациялап, оны скальпель ұшымен тілу.

Жара (тілім) шеттерін Труссо кеңейткішімен кеңейту.

6

Трахеостомиялық канюля енгізу.

7

Канюля қалпын бағалау. Канюляның тұрақты қалпы іс-шараны дұрыс жүргізгендігін көрсетеді.



8

Өкпенің дұрыс желдетілуін тыныс қозғалыстары кезінде канюля арқылы ауаның ысқырықты кіруі және шығуы бойынша бағалау.

9

Канюляны бекіту.

10

Асептикалық таңғыш салу.


Барлығы

































Бронхообструкия синдромын басу алгоритмі



Қадамдар - Әр қадамды бағалау критерилері

1

Латексті қолғап киді. Пациентке өзін таныстырды. Пациенттің атын, тегін, әкесінің атын анықтады. Науқасты орындыққа дұрыс, ыңғайлы отырғызды. Мұрын арқылы тыныс алуының еркіндігін тексерді.

2


Небулайзермен жұмыс істеу үшін қажетті құралдарды, дәрілерді дұрыс жинады (небулайзер аппараты, бүйрек тәрізді лоток, залалсыздандырылған дәкеден жасалған салфетка, спирт, 5 грамдық шприц, β-2 агонистер, бір рет қолданатын сүлгілер)

3

Небулайзерді дұрыс жинады; төменгі штативке шашыратқышты орнықтырып жоғарғы штативті қосты, және оған мундштукті (немесе бет маскасы) бекітті.

4

Пациентке небулайзермен жұмыс істеу техникасын, дем алудың ұзақтығын дұрыс түсіндірді.

5

Аппаратты электр жүйесіне қосып, «қосу» кнопкасын басты. Небулайзер арқылы ингаляцияны дұрыс жүргізді.


Барлығы












Қан кету кезінде жгут (бұрама) салу алгоритмі



Әр қадамды бағалау критерилері

1

Латексті қолғап киді. Жарақаттанған қолын тексеріп, қан кету ошағын анықтады.

2


Жарақаттан жоғары дәке салды. Бұраманы орта бөлігінен екі қолымен тартып қолдың астына салды.

3

Созылған күйінде бұраманы бір айналдырып салып, артынан қан тоқтағанша 2-3 рет орады. Бұраманың айқасып теріні қысып қалмауын қадағалады. Бұраманың ұшын түймесіне бекітті.

4

Бұраманың бір айналымының астына бұрама салған күн мен уақыт көрсетілген хат орналастырды.

5

Жарақат бетін өңдеді, асептикалық таңу салды, аналгетик екті. Жарақаттанған қолды жылы орап қойды.
















Жабық қол сынығында шендеуіш (Крамер шинасы) салу

Әр қадамды бағалау критерилері

1




Латексті қолғап киді. Пациентті өзіне қаратып отырғызды, тыныштандырылды және жасалатын іс - әрекетті дұрыс түсіндірді. Жарақаттанған жерді ашып қарап, білек сынғанына көз жеткізді. Шендеуіш қою алдында науқасқа тері астына немесе бұлшық етіне наркотикалық емес жансыздандыратын дәрілік затты екті.

2

Крамер шендеуішін алды: ұзындығы 80см. ені 8см. Пациенттің әуелі жарақаттанбаған білегіне саусақтың ұшынан шынтақ буынына дейін өлшеп алды. Шендеуішті алып шынтақ буыны тұсынан болжап тік бұрыштап майыстырып алды (90°). Шендеуішті дұрыс дайындағанын тексеру үшін шендеуішті сау қолына қойып қолын және білегін салып көрді.

3

Жарақаттанған қолды ортаңғы физиологиялық қалыпқа келтірді (қолды шынтақ тұсында бүгіп, супинация мен пронация арасындағы қалыпта шендеуішке орналастырды ).

4

Дайындалған шендеуішке қол мен білекті жатқызды. Шендеуішті қолдың артқы тұсынан саусақтан иыққа дейін орнықтырды. Шығыңқы сүйек бөлшектерінің үстіне (сүйектің айдаршақ өсінділері) мақтадан қорғаныш қойды.

5

Шендеуішті қойғанда екі буынды бекітті: сынықтан жоғары және сынықтан төмен буындар. Шендеуішті білекке саусақтың ұшынан иық буынына дейін бинтпен орап бекітті. Қолтық астына мақтадан жастықша қойды. Қол ыңғайлы бекітілу үшін орамал мен мойнына қолын асып қойды.












написать администратору сайта