классный час. жемқорлық. Сыбайлас жеморлыты алай тсінесіз Сынып жетекшісі Токсамбаева Г. К. 2022 2023 оу жылы Трбие сабаыны таырыбы Сыбайлас жеморлыты алай тсінесіз
Скачать 29.1 Kb.
|
Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықты қалай түсінесіз?» Сынып жетекшісі: Токсамбаева Г.К. 2022 -2023 оқу жылы Тәрбие сабағының тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықты қалай түсінесіз?» Мақсаты: 1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру. 2. Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту 3. Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Өткізудің формасы: Топтық жұмыс Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик Көрнекілігі: слайдтар, видео Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме оқушылар. Күн түс ауа бере күрт өзгеріп, аспанда қара бұлт басып, лезде жапалақтап қар жауа бастады. Терезеден сыртқа қарап отырған мен далаға жүгіріп шықтым. Жапалақтап жауып жатқан қарға екі алақанымды созып тұрдым. Жапалақтаған қарлар менің қолыма келіп қона бастады. Менің бойымда қуаныш, шаттыққа толы сезім пайда болды. Екі алақаным аппақ ұлпа қарға толы үйге ендім. Көзімізді жайлап ашып, алақанымызға қараймыз. Алақанымызда қар бар ма? -Жоқ. -Балалар, қар неге еріп кетті деп ойлайсыңдар? -Алақанымыз жылы. Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің алақанымызда жылу бар, ол жай жылу емес, бір - бірімізге жақсылық, мейірім, қуаныш сыйлайды. Олай болса, бір - біріміздің көңілімізді көтеру үшін қолымыздан ұстап бір - бірімізге жылу арқылы жақсы көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған. сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып , жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда. Осыған орай бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сыбайлас -жемқорлықты қалай түсінесіз?» Тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Балалар, берілген мәтіндермен танысып «Сыбайлас-жемқорлық» деген не? және «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңдар» деген тақырыптарға класстер құрастырыңыздар 1 мәтін: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. 1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: - қоғамның бақытты болашағын тежейді; - елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді; - жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді 2 мәтін: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР: ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады. • ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану • Коммерциялық сатып алу • Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану • Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану • Пара алу • Қылмыстық жалғандық жасау 2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған дүниежүзілік конференция ашылды. БҰҰ 2003 жылы 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады. Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады? 1.Пара бермеу және алмау. 2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс. 3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер. Келесі кезекте бейне роликке назар аударайық! (видео ролик көрсетіледі) Топтарға тапсырма: Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар? Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па немесе бұрыс па? (2 топ бірден аргумент келтіреді) Ендігі кезекте 2 топ арасында шағын пікірталас өткізейк 1 топ: жақтаушы -«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» 2 топ: даттаушы -«Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес» деген аргументтер келтіресіздер Сабақты қортындылау (Видео №2): Оқушылар жаңа біздер көріп өткен видео ролик сіздерге үлкен сабақ болды деп ойлаймын. Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе,одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе,бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан,бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар 1 мәтін: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. 1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: - қоғамның бақытты болашағын тежейді; - елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді; - жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді 2 мәтін: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР: ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады. • ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану • Коммерциялық сатып алу • Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану • Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану • Пара алу • Қылмыстық жалғандық жасау 2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған дүниежүзілік конференция ашылды. БҰҰ 2003 жылы 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады. Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады? 1.Пара бермеу және алмау. 2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс. 3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер. «Сыбайлас-жемқорлық» деген не? «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңдар» 1 топ: жақтаушы -«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» 2 топ: даттаушы -«Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес» жақтаушы даттаушы |