Главная страница

эссе (копия). Сигнал сыртт келген апаратты кодтайтын немесе тасымалдайтын био тасымалдаушы


Скачать 15.29 Kb.
НазваниеСигнал сыртт келген апаратты кодтайтын немесе тасымалдайтын био тасымалдаушы
Дата14.03.2022
Размер15.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаэссе (копия).docx
ТипДокументы
#395519

Жасушаішілік және жасушааралық сигнал берудің жасушалық сигнализациясы. Гликокаликстің құрылысы мен қызметі. Жасушаралық байланыстар.
Ең бірінші бұл сұрақтарға жауап беру үшін биосигнал дегеніміз не, оның берілу түрлері мен маңызына және жасушалық жауапқа тоқталған жөн. 

Сигнал – сыртт келген ақпаратты кодтайтын немесе тасымалдайтын био тасымалдаушы.  Биологиялық процестердің барлығы сырттан келетін көптеген сигналдарды қабылдап, сигналдың жасушааралыққа және жасуша ішіне таралуын қамтитын күрделі молекулалық  әрекеттесу.  Жасушалардың микроортаны қабылдау және дұрыс жауап беру қабілеті дамудың, ұлпалардың қалпына келуі мен иммунитетінің негізі болып табылады.  Неге, өйткені қалыпты ұлпа гомеостазын ұстап тұру үшін сырттан келген сигналға қандайда бір әрекетпен жауап беру керек. Нақтырақ айтқанда ол жауап жасуша типі мен қызметтік ерекшелігіне сай беріледіде. Мысалы қарапайым қыс кезіндегі температураның төмендігінен суық деген сигнал тері жасушаларына беріліп, жасуша қозып, оған жауап ретінде тітіркену мен жылу бөліну қарқынды жүреді. Жасушалық сигналдарды түсінудің маңызы үлкен, өйткені ол арқылы дәрігерлер ауруларды тиімдірек емдей алады.
 Сигнал агенттері механикалық қысым, кернеу, температура, жарық және т.б. сияқты (физикалық), пептидтер, стероидтер, терпеноидтар және т.б. сияқты химиялық экзогенді және эндогенді(гормондар, ағза бөлетін сұйықтар), факторлар болуы мүмкін. Сигнал молекулалары ерігіштік (гидрофобты немесе гидрофильді) сияқты физикалық-химиялық қасиеттерінде айтарлықтай ерекшеленеді.  Сигнал берілу механизмі:

  1. Сигналдың келуі, қабылдануы;

 2. Нысана жасушаға сигнал тасымалдау;

 3. Белгілі бір рецепторға сигналдың қосылуы, оның белсендірілуі;

 4. Сигналға ағза, жасушаның жауабы.

 Сигнал жолы жасушаішілік немесе жасушааралық болуы мүмкін.  Жасуша аралық сигнализация жасушааралық байланыс деп те аталады.  Ол қысқа немесе ұзақ қашықтықта болуы мүмкін.

Гликокаликс деген не?  Гликокаликс — тарамдалған тым жіңішке күрделі көмірсулар — гликопротеидтер мен гликолипидтер жіпшелерінен тұрады. Яғни, гликокаликс – көмірсулардың супериммунды кешені десек болады. Өйткені ол жасушаның рецепторлық жүйесі, бөтен антигенді тану жүйесі және жасушалық өзара әрекеттесу жүйесі болып табылады. Гликокаликс рецепторлық және маркерлік функцияларды орындайды, сонымен қатар заттардың тасымалдануының селективтілігін және мембраналық ас қорытуды қамтамасыз етуге қатысады.  Гликокаликстің болуы жануарлар жасушаларына және бактерияларға тән.

Жасуша аралық байланыстар - бұл көрші жасушалар арасындағы байланыстарды қамтамасыз ететін молекулалық кешендер.  Жасуша аралық байланыстар көп жасушалы организмдердің өміршеңдігі үшін өте маңызды.  Өйткені бұл қызмет жасушааралық тасымалдауды реттейтін және мембраналық ақуыздардың диффузиясын болдырмауын қамтамасыз етеді. Әртүрлі жасушааралық байланыстардың жұмысындағы бұзылулар әртүрлі ауруларға әкеледі, бұл олардың көп жасушалы организм үшін қызметінің маңыздылығын көрсетеді.

.


написать администратору сайта