Главная страница

квалифИКАЦИОННЫЕ ТЕСТЫ. кв тест. Сыйымдылыы 10 мы литрлік ыдыса екі насос арылы бензин йылады. Екінші насос біріншіге араанда минутына 10 л бензин кем яды. 10 минутта ыдыс 50 ке толтырылды. р насос анша литрден бензин йды


Скачать 361.08 Kb.
НазваниеСыйымдылыы 10 мы литрлік ыдыса екі насос арылы бензин йылады. Екінші насос біріншіге араанда минутына 10 л бензин кем яды. 10 минутта ыдыс 50 ке толтырылды. р насос анша литрден бензин йды
АнкорквалифИКАЦИОННЫЕ ТЕСТЫ
Дата22.05.2023
Размер361.08 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакв тест.docx
ТипДокументы
#1151788
страница2 из 7
1   2   3   4   5   6   7

V1

Моторлы қайық ағыс бойымен 40 мин және ағысқа қарсы 1 сағ жүрді, және осы уақыт ішінде 37 км жол жүрді. Егер ағыс жылдамдығы 1,5 км/сағ болса, қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңдар.



1

22,5 км/сағ 



46.

V1

Моторлы қайық өзен ағысымен 17 км және өзен ағысына қарсы 13 км жүріп,барлық жолға 2 сағ жіберді. Егер моторлы қайықтың жылдамдығы 15 км/сағ болса,өзен ағысының жылдамдығы неге тең?



1

4км/сағ 



47.

V1

Қайықтың өзен ағысымен 14 км және өзен ағысына қарсы 9 км жүрген жолына жіберген уақыты, көлмен жүрген 25км жолына жіберген уақытына тең.Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайықтың меншікті жылдамдығы қандай?



1

5км/сағ 



48.

V1

Моторлы қайықтың өзен ағысымен 58км және өзен ағысына қарсы 42км жолға жіберген уақыты тынық суда 100км жүрген уакытына тең.Егер өзен ағысының жылдамдығы 4км/сағ болса,онда моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңдар?



1

25 км/сағ 



49.

V1

Құрамында 10% -тік және 25%-тік тұз ерітіндісі бар екі қоспаны араластырып, 20%-тік 3кг ерітінді алынған.Әрқайсысынан қанша ерітінді қосылған?



1

1кг ;2кг



50.

V1

Оқушының үйінен мектепке дейін 700 м. Оқушының ағасының қадамы інісінің қадамынан 20 см үлкен болғандықтан, ол үйден мектепке кіші інісіне қарағанда 400 қадам аз өтеді. Оқушы мектепке қанша қадам барады?



1

1400



51.

V1

20 дана бірінші том мен 30 дана екінші томның бағасы 15000 теңге. Бірінші томның бағасы 15%-ке, ал екінші томды 10%-ке кеміткеннен соң 13200 теңге төлеу керек. Бірінші томның және екінші томның бағасын табыңыз.



1

300 тг; 300 тг



52.

V1

Факультетте 360 қыз оқиды. Егер ер балалар барлық студенттің 52%-ін құраса, факультетте барлығы қанша студент бар?



1

750



53.

V1

Комбайншы жоспарды 15%-ке асыра орындады және 230 га жердің егінін жинады. Комбайыншы жоспар бойынша қанша га егін жинау керек еді?



1

200 га



54.

V1

Кептірілген жүзім алғашқы салмағының 32% құрайды. 2 кг кептірілген мейізді алу үшін қанша кептірілмеген жүзім керек?



1

6,25 кг



55.


V1

Бір сағатта автоматты станок 240 деталь жасап шығарады. Осы станокты жаңа өңдеуден өткізгеннен кейін ол сағатына 288 деталь жасап шығаратын болды. Станоктың жұмыс жасау өнімділігі қанша процентке артты?



1

20 %



56.

V1

Екі бидонда 70 литр сүт бар. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 12,5% сүт құйсақ, онда екі бидондағы сүт бірдей болады. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?



1

40 л



57.

V1

Үш санның екіншісі біріншісінен қанша үлкен болса, үшіншісі екіншісінен сонша үлкен. Егер екі кіші сандардың көбейтіндісі 85-ке тең, ал екі үлкен сандардың көбейтіндісі 115-ке тең болса, сол үш санды табыңыз.



1

8,5; 10; 11,5



58.

V1

Үш жұмысшының жалпы табысы 4080 теңге. Бірінші және екінші жұмысшының табыстары қатынасындай, ал үшінші жұмысшының табысы бірінші жұмысшының табысының құрайды. Әр жұмысшының табысын анықтаңыз



1

2448 теңге; 571 теңге 20 тиын; 1060 теңге 80 тиын



59.

V1

Үш жәшікте барлығы 64,2 кг қант бар. Екінші жәшікте бірінші жәшіктегінің -дей, ал үшінші жәшікте екінші жәшіктегінің -індей қант бар. Әр жәшікте қанша кг қант бар?



1

30 кг, 24 кг, 10,2 кг



60.

V1

Велосипедші бүкіл жолды белгілі жылдамдықпен 2 сағатта жүріп өтуі керек еді. Ол жылдамдығын 3 км/сағ арттырғандықтан, бүкіл жолды сағатта жүріп өткен. Жолдың ұзындығын табыңыз.



1

30 км



61

V1

Калькулятордың бағасын алдымен 25%-ке, ал содан соң тағы 65%-ке арттырды. Калькулятордың бағасы қанша есе өсті?


1

2,0625

62

V1

Аудандары 80 га және 120 га тең болатын екі участоктен барлығы 7200 ц астық жиналды. Бірінші участок әрбір 3 га-да жиналған астықтың мөлшері екінші участокта 2 га-да жиналған астық мөлшерінен 10 ц-ге артық деп алып, әр участоктің 1 га-нан қаншадан астық жиналғанын табыңыз.

1

30ц; 40ц

63

V1

Тік бұрыш формалы мектептің спорт алаңының ұзындығы 41,5 м, ал ені – 25,5 м. Спорт алаңын айналдыра салынған жолдың сыртқы периметрі 154 м. Бүкіл спорт алаңы бойынша бірдей деп алып, жолдың енін табыңыз.

1

2,5 м

64.

V1

Төрт жәшікке бірдей мөлшерде шай салынған. Әр жәшіктен 9 кг-нан шай алынды. Сонда барлық жәшіктердегі қалған шайды қосып есептегенде, алғашында бір жәшікке салынған шайдың мөлшеріндей болып шықты. Әрбір жәшікте неше кг-нан шай болды?



1

12 кг



65.

V1

Тік төртбұрыш формалы бақша участогінің ұзындығы оның енінен 10 м артық. Осы участогтің ауданы 1200 м2 болса, онда оның қоршауының ұзындығы қандай?

1

140 м

66.

V1

Тік төртбұрыштың ұзындығы оның енінен екі есе үлкен. Тік төртбұрыштың енін 3 м арттырғанда, оның 24 м2 артты. Тік төртбұрыштың алғашқы ұзындығы мен енін анықтаңыз.

1

8 м; 4м

67.

V1

Теңдеуді шешіңіз:

1

14

68.

V1

Тік ұшақтың жылдамдығы автомобильдікінен 85 км/сағ артық. Олардың жылдамдықтарының қатынасы 35:18 қатынасындай. Тікұшақ пен автомобильдің жылдамдықтарын анықтаңыз.

1

175 км/сағ; 90 км/сағ

69.

V1

Әкесі екі баласына 700 м2 жерді мұраға қалдырды. Кіші ұлының еншісі үлкен ұлының еншісінің бөлігіндей болса, онда үлкен ұлдың еншісіне қанша жер тиді.

1

400 м2

70.

V1

Бөлшектің бөлімі алымының квадратынан 1-ге кем. Егер алымына да, бөліміне де 2-ні қосса, онда бөлшектің мәні -ден көп, ал егер бастапқы бөлшектің алымынан да, бөлімінен де 3-ті шегерсе, бөлшектің мәні -ге тең болады. Сол бөлшекті табыңыз.

1



71.

V1

Жүзім 88% ылғалдан, ал кептірілген соң (мейіз) 13% ылғалдан тұрады. 36кг мейіз алу үшін неше килограмм жүзім керек?

1

261кг

72.

V1

20 кг қарбыз 99% судан тұрады. Бірнеше күн өткен соң ондағы судың массасы 98% болды, қарбыздың массасын табыңыз.

1

10кг

73.

V1

100 г ерітіндіде 1% тұз бар. Буланғаннан кейін тұз 2% болды. 2%-тік тұз ерітіндісінің массасын табыңыз.

1

50 г

74.

V1

Бірінші құймада 10% мыс , ал екінші құйма құрамында 40%  мыс бар.Екінші құйма бірінші құймадан 3 кг артық. Екі құйманы араластырып, құрамында 30% мыс бар үшінші құйма алынды. Үшінші құйма неше кг?

1

9 кг
1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта