сімдік айналадаы ортаны жасартады ауа райын салындатып, атты
Скачать 1.04 Mb.
|
Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Қазақстан жері ұлан-байтақ. Осындай байтақ өлкенің табиғи жағдайы біркелкі емес, соған байланысты әр аймақтың өзіне ғана тән өсімдігі бар. Адамдар мен жануарларға оттегі қажет. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауа қабатына оттегін бөліп шығарады, ауаны шаң мен улы газдан тазартады және ауаға ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Өсімдік айналадағы ортаны жақсартады: ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді. Өсімдіктердің медицинада алатын орны да орасан зор. Өсімдіктің 150-ден астам түрлерінен дәрі жасалады. Оларды адам сәндік үшін де өсіріп, эстетикалық ләззат алып, рақаттанады. Экологиялық таза ортаны қалыптастыру мақсатына жету үшін 2030 жылға дейінгі аралықта 4 аса маңызды бағыттар белгіленген: қоршаған ортаны экологиялық қауіпсіз қалыптастыру, табиғи ресурстарды өз орнымен пайдалану, малдың жəне өсімдіктің түрлерін сақтау, экологиялық білімді нығайту. Флораны қорғау жұмысында ең маңызды мəселе өсімдіктердің эндемикалық түрлерін тұқым түрінде немесе тірі өсімдіктер түрінде сақтау қажет. |