Главная страница
Навигация по странице:

  • Диагноз

  • Документ. Синдромдар Артериялы гипертензия синдромы Цереброваскулярлы синдром (басты ауруы,айналуы) Жректік синдром (жрек тсіні шаншып ауыруы, сол арыншаны гипертрофиясы) Астеновегетативті синдром (шаршаышты,лсіздік) Диагноз


    Скачать 19.5 Kb.
    НазваниеСиндромдар Артериялы гипертензия синдромы Цереброваскулярлы синдром (басты ауруы,айналуы) Жректік синдром (жрек тсіні шаншып ауыруы, сол арыншаны гипертрофиясы) Астеновегетативті синдром (шаршаышты,лсіздік) Диагноз
    Дата05.03.2022
    Размер19.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДокумент.docx
    ТипДокументы
    #383423

    Науқас К. 57 жаста, инженер-механик, келесі шағымдармен ауруханаға түсті: басы айналады,басының шүйде аймағы қатты ауырады, жүрек тұсы шаншып ауырады, жүрегі айниды, бір рет құсқан, денесінің дірілдейді, қорқыныш сезімі, көзінің алдында 《торшалар》 көрінеді.

    Басының ауыруы бұрын болған,көбінесе таңертеңгі уақыттарда немесе психоэмоциналды жүктемеде; ұйқының бұзылуы болған, шаршағыштық, әлсіздік мазалаған бірақ дәрігерге қаралмаған. Соңғы ұстама тыныштық жағдайда орын алған. 1 күн бұрын іс сапардан оралған, жұмысында келеңсіз оқиғаларға тап болған.

    Объективті тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Сана сезімі айқын, патологиялық рефлекстері жоқ. Бетінің сол жағында тактильдік және ауырсыну сезімталдығы төмендеген. Тері жамылғысы таза, ылғалды, бетінде және мойнында гиперемия анықталады. Өкпеде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. АҚ оң қолда - 195/100 мм.с.б. сол қолда - 200/100 мм.с.б. Пульсі 92 рет минутына, ырғақты. Перкуссияда жүректің шала тұйық шекарасы солға 2 см ығысқан, тыңдағанда қолқа үстінде ІІ тонның акценті естіледі. ЖСЖ - 92рет/мин. ЭКГ-да І, avL, V5, V6 тіркемелерінде R тісшелері биік екендігі анықталады.
    1. Синдромдарды анықтаңыз

    2. Диагнозды құрастырыңыз

    3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

    4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

    Жауабы

    Синдромдар: Артериялық гипертензия синдромы

    Цереброваскулярлық синдром (бастың ауруы,айналуы)

    Жүректік синдром (жүрек түсінің шаншып ауыруы, сол қарыншаның гипертрофиясы)

    Астеновегетативті синдром (шаршағыштық,әлсіздік)

    Диагноз: Артериялық гипертония , II дәрежесі, қауіптілігі ІІІ

    Асқыну: Гипертониялық криз І типті. Сол жақ қарынша гипертрофиясы.

    Зерттеу әдістері: ЖҚА, ЖЗА, қандағы глюкозаны анықтау, ГТТ, гликирленген гемоглобинді анықтау(соңғы 3 айда қанда глюкозаның орта деңгейін анықтау үшін) гликемиялық профиль, С-пептид, инсулин деңгейін анықтау, қанда электролиттерді тексеру, қан рН, несеп қышқылы, АСТ, АЛТ, СРБ, фибриноген, жалпы билирубин, сілтілі фосфатаза, креатинин, мочевина, тропонин, радиоиммунды жолмен қандағы гормондардың деңгейін анықтау, альдостерон, ренин, кальцитонин, кортизол және т.б.

    ЭКГ, ЭхоКГ, МИ ауырсынусыз формасына функциональды тестттер жүргізу, бүйрекүсті безінің және ұйқы безінің УДЗ және КТ.

    Емі:

    1. Медикаментозды емес

    диеталық стол 10.

    1. Медикаментозды

    Нифедипин 10 мг тәулігіне 3-4 рет

    Каптоприл 25 мг тәулігіне 2-3 рет

    Урапидил 5 мл, 10 мл

    Эналаприл 20 мг тәулігіне 1-2 рет

    Изосорбида динитрат 0,1% - 10,0 мл в/в капельно


    написать администратору сайта